Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Барлық сыныптар
Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде, үшбұрыш боп тұрамын Қателеспес үшін де, көз сал маған,шырағым! Құрар үйде сауықты, жолдан аман келсе адам- Жолда күткен қауыпты, ескертемін мен оған. Тыйым салу белгісі: Болмау үшін қиын күн,қажеті бар тыйымның. Қызыл шеңбер ішінен, «Болмайды!» деп бұйырдым. Тұрады әркез сапта аман, сол тыйымды сақтаған. Тыйым көрсең,тұра қал, Әрі қарай аттама!
Анықтама белгісі: Түнде, күндіз, кеште де, жөн сілтеймін жолға сай- Аңғармайсың ештеңе , анықтама болмаса. Ой-шұңқырды алдағы, қалай өту керегін, Жылдамдықты, өлкені, анық айтып берейін!
Көрсеткіш белгісі: Жол созылмақ қаншаға, қайда асхана, монша бар, Қонақ үй бар қай жерде, қайда музей,қай көрме…- Көрсетемін саған дәл, не көрсетсем,соған бар! Арнұр: Шофер біткен бүгінде, жол тәртібін біледі. Бағдаршамның түбінде, ережемен жүреді.Бастаушы: Ал балалар, қане атобусқа жайғасайық. Ал қозғалдық. Сәт сапар! Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз. Көше қиылыстарының бәрінде бағдаршам тұр екен.Бағдаршамның қай түсі жанғанда біздің автобусымыз жүру керек. Ашса кезек үш көзін, айтты деп ұқ ,үш сөзін -Тоқта! -Сақтан! -Жол ашық!Жүрме жолға таласып.Бастаушы: Балалар жүргізүші неғып жүрісін баяулатты?Асемгүл: Бұл жерде «Абайла» деген белгісі тұр.Бастаушы:Ол белгінің ішінде неге жануардың суреті тұр?Мухамбетжан: Бұл «Абайла!», «Жануарлар!» деген белгі. Жүргізуші байқап жүрмесе,жануарды басып кетуі мүмкінБастаушы: Ондай белгіні қалада қай жерлереде көруге болады?Аида: Мектептердің жанындағы көшеде балалардың суреті салынған белгі тұрады. Көзі көрмейтін зағип адамдарөтетін жерде к өзілдіріктің суреті салынған белгі тұрады.Бастаушы: Ендеше «Жануарлар » деген ескерту белгісі тұрса,біз ор- манға да келіпқалған болдық қой.Әне қараңдар Аю мен Қонжық кетіп жатыр. Көрініс :«Аю мен Қонжық»Аю : Көшеден өтерде әуелі сол жаққа, содан соң оң жағына қарау керек.Әйтпесе, машина басып кетеді.Қонжық: Жоқ , мен оңға да , солға қараймын. Апай бізге көшеден өткенде тура бағдаршамға қараңдар деген.Аю : Ақымағым-ау, ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін? Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.Бастаушы: Біз тоқтап , Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өту керек екенін түсіндірейік.Қонжық сен бері кел. Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керек. Бұны «Зебра»- яғни, жолақты белгі салынған жер дей ді.Дінмұхаммед : Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсын. Жолдың ортасын келгесін, оң жаққа қараймыз. Бұндай белгі бар жерде машиналар жаяуға жол береді.Қонжық: Рахмет, енді түсіндім.Аю : Балалар, қонжығыма көмектескендерің үшін сендерге рахмет! Жолдарың болсын!Бастаушы: Ал біз әрі қарай кеттік жол қысқару үшін біз орман ішінде дыбыстарды тыңдап, айналамызға назар аударайық. Қараңдаршы, орман іші қандай әдемі, түрлі гүлдер өскен, құстар сайрап, көбелектер гүлден —гүлге қонады (Жаралы түлкі мен қоянды көріп қалады.)Түлкі: Мына қыли қоянның кесірі.Мені велигіне отырғызып, алдымыздан машина шыға келгенде, рөлді бұра алмай, құлатып таста ды.Қоян: ой!,суайт! Қалай өтірік айтасын. Өзін емес пе, «мен күшті тебем мен күшті тебем» деп мақтанып, рөльге отырған. Неге маған жала жабасың?Бастаушы : Жарайды, дауласпандар. Кел, автобусқа отыра қойыңдар. Жолда сендерді Айболитке апарамыз. Балалар байқадыңдар ма мына жерде қандай белгі тұр? Балалар: «Велосепед тебуге болмайды!»-деген белгі.Бастаушы: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап келе жатыр? Ау,қасеке, саған не болған, бетің көгеріп, аяқ-қолын жара болыпты , біреу ренжітті ме?Қасқыр: Жоқ мені кім ренжітуші еді. Бір машина үстіне қой мен ешкі тиеп кетіп бара жатыр екен. Соның біреуін алып қалайыншы деп, машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп, аяқ-қолымды жаралап алдым.
Бастаушы: Балалар, жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па? Жарайды, Қасеке, автобусқа кіріп, ана түлкі мен қояның жанына отыр, Айболитке барасың-.Балалар сендер Айболиттің кім екенін білесіңдер ғой?Айдана: Айболит атамыз, барін де емдейді. Ауырса адамды,аңды да емдейді. Қадірлі,мейрімді, Айболит атамыз. Айтыңдар қанекей, оған кім келмейді.Бастаушы: Балалар, Айболит атаны қалай табуға болады?Айболит: Мына қасқырға не болған,бұл неге жылап отыр?Қасқыр: Айтайын мен сізге шынымды жасырмай, Жармасып малы бар машина артына Домалап түстім де, шыңғырдым құлындай.Айболит: Бір сәтке тойып жер мал үшін тәртіпті бұзыпсың Қарынның қамы үшін міне,енді еніреп тұрғаның,ұят-ай аяқты сындырып,басынды жарыпсын?
Аңдар:-Айболит ата,енді «жолда жүру ережесін» үйренеміз.
—Машинаға жабыспайтын боламын.
—Рахмет,Айболит ата.
Дастан:Апай,ана жерде кафе бар екен,міне,белгі тұр.
Бастаушы:Балалар,онда кафеде тамақ ішу үшін бірнеше жұмбақ-
ты тамақтар туралы жасырайын:
Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас. (нан)
Алыстан қарасам аппақ
Татып қарасам тәтті-ақ (қант)
Айдалада ақ отау,
Аузы,мұрны жоқ отау,
Отыз күнде сол отау,
Айдалада жоқ отау. (жұмыртқа)
Сылдыр сүйық,су емес,
Ішсең сусын қанады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады? (сүт)
Бастаушы:Балалар,енді бақшаға ораламыз.Қане автобусқа отырайық.
Ән: «Бағдаршам»
«байқа!Балалар!»белгісі корінеді).Мынау-не белгі,балалар?
Балалар:Бұл «байқа,бұл жермен балалар жүреді» деген белгі.
Бастаушы:міне,біздер бақшаға да келіп қалдық.Саяхат ұнады ма,сендерге?бүкіл саяхат барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық.
Шуақты өміріміз кундей куліп,
Жүректе бүршік атып,гүлдейді үміт,
Арманға сапар тарту мүмкін емес, Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.