Жоғары деңгейдегі сұрақтар қою әдістері.

0
Коучинг тақырыбы: Жоғары деңгейлі сұрақтар қою арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау Өтілетін күні: Сілтеме: Нұсқаулық, суреттер, ғаламтор материалдары. Мақсаты: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлаудағы танымдық қабілеттерін дамыту жолында жоғары деңгейлі сұрақтар қоя білудің мәнін ашу Оқыту нәтижесі: Төменгі деңгейлі сұрақтармен жоғары деңгейлі сұрақтар арасындағы айырмашылықты ажырата білу, жоғары сұрақтар қоя білуге үйрету Негізгі идеялар: Оқушыларға жоғары деңгейлі сұрақтар қою арқылы сын тұрғысынан ойлауды үйренеді. Тапсырмалардың түрлері: Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер.(стратегияларды пайдалану, пікірлесу, ой бөлісу)

Уақыт

Психологиялық тренинг «Логикалық ойлау» қызықты сұрақтарға жауап береді 3 минут Топқа бөлу «Блум таксаномиясы», «Сын тұрғысынан ойлаудың әдістері», «Топтық жұмыс» деген үш топқа бөлемін. 3 минут Тапсырма №1«Миға шабуыл» әдісі «Миға шабуыл» әдісіНұсқау. Сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ойды табу.Сұрақтар: 1. Мармозетта дегеніміз не?2. Бұл кім, бұл не? Сен оны қайдан көрдің?3. Сіздің ойыңыз өзгерді ме? Ол зат па, әлде жанды ма? Сіз оны қайдан сатып алуға болатыны туралы кеңес бере аласыз ба? 7 минут Тапсырма №2«Дейін-кейін» стратегиясы. «Дейін-кейін» стратегиясы. Нұсқау. Мұғалімдер СТО туралы және оның әдіс-тәсілдері туралы бұған дейін білетіндерін «Дейін» бағанына жазып өзендегі тұрған кемеге апарып жабыстырады. 3 минут Тапсырма №3 Нұсқау. Үш топқа берілген заттар бойынша Блум таксономиясының ойлау деңгейлеріне салып тапсырмалар мен сұрақтар құрастыру тапсырылады.І топқа. Алма, ІІ топқа. Қырыққабат, ІІІ топқа. Сарымсақ 14 минут Бағалау. Табыс критерийі арқылы бағалау. 1-3 балл аралығында1.Сұрақтардың дұрыс қойылуы. 2. Ойлау деңгейіне сәйкестігі. 3. Тақырыптың ашылуы. 1-3 балл –«3», 4-6 балл — «4», 7-9 балл –«5» 3 минут Сергіту сәті Мұғалімдердің әзіл аралас бейнелері 5 минут Тапсырма №4«Суретті жaлғaстыр» әдісі «Суретті жaлғaстыр» әдісі. Әр топ топтаса отырып бір қағазға сурет салады. Келесі топ бұл топтың салған суреттерін жорамалдайды. 10 минут Бағалау Қолды шапалақтау арқылы бағалайды. 1 рет «3», 2 рет «4», 3 рет «5» 3 минут Қорытынды рефлексия «Дейін-кейін» стратегиясы. Нұсқау. Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанасын толтыруды сұраймын. 5 минут