Жиренше шешен –ақыл- парасаттың, тапқырлықтың символы слайд,презентация — Әдебиет
Жиренше шешен –ақыл- парасаттың, тапқырлықтың символы слайд,презентация
1.Аңыз әңгімені оқыта отырып,сөйлеу тілін дамыту,сұрақ қоя білуге,жауап бере білуге үйрету;
2.Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру,
мәтінді дұрыс түсініп оқуға,практикалық жұмыс арқылы тілін дамыту;
3.Әңгіме арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге
ете отырып,адам бойындағы жақсы қасиеттерді,ақылдылығы мен тапқырлығын
оқушы бойына дарыту;
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Өткізу әдісі: Ұжымдық,СТО техноло –
гиясы
Сабаққа қажет
құрал-жабдық: Интерактивті тақта,
Электронды оқулық
(5-сынып)
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.(Топқа бөлу) Қызығушылықты ояту (Аңыз туралы) Мағынаны ажырату (Топпен жұмыс) Ой-толғаныс (Мақалдың мәні) Әз Жәнібек хан бір топ нөкерлерімен серуен құрып келе жатса,алдынан7-8 жасар бала шығады. Үсті-басы жұлым-жұлым екен. Хан одан:
-Бұл елсізде неғып жүрген баласың?
-Сүтін ішіп жүрген жалғыз інгенім бар еді,содан айрылып қалып,осы даладан іздеп жүрмін.
-Інгенді тұсап қойсаң етті?
-Тұсап жүруші едім,тұсауы үзіліп кетті.
Жәнібек те баланың айтқан жұмбағын түсіне қойыпты.
-Е-е,шешең өліп,ана сүтінен айрылған жетім бала екенсің ғой,кел, атыма мінгес,-деп Жиреншені
үйіне апарып жуып-шайып,киіндіреді.
Ауыл адамдары оны түсіне қарап “Жиренше бала” атап кетіпті.
1.Жиреншенің жігітке қойған жұмбағын
айтып,түсіндіріп беріңіз.
2.Жиреншенің жолдасынан бөлек үйге түсуіне не себеп болды?
1.Қыздың Жиреншеге айтқан жұмбағын
айтып,түсіндіріп беріңіз.
2. Жиренше қыздың ақылды екенін ал-
ғаш қалай сынады?