Жіктік жалғау — Қазақ тілі

0

Жіктік жалғау
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу:     шарлау, іздеу
Грамматика
Морфология

Сөз құрамы
Түбір
Жұрнақ
Жалғау
Көптік жалғау
Тәуелдік жалғау
Септік жалғау
Жіктік жалғау
Сөз таптары
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Шылау
Еліктеу сөз
Одағай
Синтаксис

Сөз тіркесі
Сөйлем мүшелері
Бастауыш
Баяндауыш
Анықтауыш
Пысықтауыш
Толықтауыш
Жіктік жалғау — баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.

Жіктеу категориясы — қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.

Мазмұны

1 Жалғану жүйесі мен формалары
1.1 Бірінші топ
1.2 Екінші топ
1.3 Үшінші топ
1.4 Төртінші топ
2 Әдебиет
Жалғану жүйесі мен формалары

Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт үлгі бойынша жіктеледі:

Бірінші топ
Бірінші топқа отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері, есімшелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады;

Үлгілер:
а) тұр, жүр.
Жекеше    Көпше
1-жақ    тұр-мын, жүр-мін    тұр-мыз, жүр-міз
2-жақ    тұр-сың, жүр-сің    тұр-сыңдар, жүр-сіңдер
тұр-сыз, жүр-сіз    тұр-сыздар, жүр-сіздер
3-жақ    тұр, жүр    тұр, жүр
ә) Есімшелер: барған, келген; баратын, келетін; барар, келер;
бармақ(шы), келмек(ші).
Жекеше    Көпше
1-жақ    барған-мын, келген-мін    барған-мыз, келген-біз
2-жақ    барған-сың, келген-сің    барған-сыңдар, келген-сіңдер
барған-сыз, келген-сіз    барған-сыздар, келген-сіздер
3-жақ    барған, келген    барған, келген
б) Зат есімдер:оқушы, мұғалім т. б.
Жекеше    Көпше
1-жақ    оқушы-мын, мұғалім-мін    оқушы(лар)-мыз, мұғалім(дер)-біз
2-жақ    оқушы-сың, мұғалім-сің    оқушы(лар)-сыңдар, мұғалім(дер)-сіңдер
оқушы-сыз, мұғалім-сіз    оқушы(лар)-сыздар, мұғалім(дер)-сіздер
3-жақ    оқушы, мұғалім    оқушы(лар), мұғалім(дер)
в) Сын есімдер: аласа, үлкен т. б.
Жекеше    Көпше
1-жақ    аласа-мын, үлкен-мін    аласа-мыз, үлкен-біз
2-жақ    аласа-сың, үлкен-сің    аласа-сыңдар, үлкен-сіңдер
аласа-сыз, үлкен-сіз    аласа-сыздар, үлкен-сіздер
3-жақ    аласа, үлкен    аласа, үлкен
г) Сан есімдер: оныншы, үшінші т. б.
Жекеше    Көпше
1-жақ    оныншы-мын, үшінші-мін    оныншы-мыз, үшінші-міз
2-жақ    оныншы-сың, үшінші-сің    оныншы-сыңдар, үшінші-сіңдер
оныншы-сыз, үшінші-сіз    оныншы-сыздар, үшінші-сіздер
3-жақ    оныншы, үшінші    оныншы, үшінші
ғ) Есімдіктер: қалай, кім т. б.
Жекеше    Көпше
1-жақ    қалай-мын, кім-мін    қалай-мыз, кім-біз
2-жақ    қалай-сың, кім-сің    қалай-сыңдар, кім(дер)-сіңдер
қалай-сыз, кім-сіз    қалай-сыздар, кім(дер)-сіздер
3-жақ    қалай, кім    қалай, кім(дер)
д) Үстеу: бірге
Жекеше    Көпше
1-жақ    бірге-мін    бірге-міз
2-жақ    бірге-сің    бірге-сіңдер
бірге-сіз    бірге-сіздер
3-жақ    бірге    бірге
Екінші топ
Екінші топқа -а, -е, -й (бара, келе, сөйлей) формалы және -п, -ып, -іп (қарап, айтып, келіп) формалары көсемшелер жатады; олар екінші үлгі бойынша жіктеледі.

Үшінші топ
Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы (бар-ды, кел-ді), мен шартты рай формасы (барса, келсе) жатады; бұлар үшінші үлгі бойынша жіктеледі.

Төртінші топ
Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы (бар, кел) жатады да, төртінші үлгі бойынша жіктеледі.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!