Жігітке жеті өнер де аз — Сценарилер — Bilim
Жігітке жеті өнер де аз
Жамбыл облысы, Меркі ауданы.
Гранитогор санаториялық мектеп-интернатының
Тәрбиешісі: Атейбеков Ғалымжан Бакытжанович
Мақсаты: ер балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіш,патриоттық сезімдерге баулу, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ұлағаты сөздер жазылған плакаттар.
Барысы.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, келген қонақтар!
Сыналар ер жігіттер келді кезің,
Сәулең болса, бермен кел талапты ерің.
Жан құмары дүниеде немене екен,
Соны білсеңдер әрнені білгендерің.
Бүгін «Жігітке жеті өнер де аз» атты байқаумызға қатысқан жігіттеріміз әдет-ғұрып төңірегіндегі біліктілік, ақыл-парасат, өнер-жігерлік пен батырлық сайысында күш сынасып тапқырлық көрсету керек.
Қазақ халқы «Ұлға отыз үйден тйым, он сан үйден сын» демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. Халықтың дәстүр тәрбиесінде осы болғаны «Жігіт сыны» деп аталған.
Негізгі бөлім.
- Таныстыру.
- Өнер сайысы.
- Сұрақ – жауап.
- Сән үлгісі (ұлттық нақышта).
Жүргізуші: Ал енді сахнаға сұлу да сымбатты, сыпайы да ұстамды, өрпелі де өнерлі, жігерлі, сері жігіттерді шақырайық.
Спортпенен білім жағын бір қосқан,
Кем қалмаған талантпенен табысқан,
Алдарыңызд өзі палуан күрескер
Білімменен бүгін міне ән қосты,
Сұрақпенен жауаптарды талдасты.
Алғырлығын тағы бізге дәлелдер
Ортамызға шақырайық—————
Білімді, өзі алғыр жан-жақты,
Ақыл десе өз-өзіне айбынды.
Оқушысы мына біздің мектептің
Шақырайық ортаға ——————
Біледі ол жақсы менен жаманды,
Өнерімен тамсандырған талайды.
Талай қыздың жүрегін ол жаралар,
Ортамызға шақырайық —————-
1-кезең:«Таныстыру»
Жүргізуші:
Ал жігіттер сендерге сәттілік тілейміз…
Ұлым!
Сен жігіт болсаң кең тұлғалы
Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы.
Сан шыңға шыдай біл,
Тек төзе көрме
Жала сөз айтса біреу ел туралы!
Тасқынның қабаттаса толқындары
Мүмкін ғой жартасында солқылдауы.
Сен ерсің!
Ерлерше сүй Отаныңды,
Жаман сөз естімеймін сен туралы.
2-кезең: «Өнер сайысы»
Жүргізуші: «Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл-парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта жігіттерді былай деп те атаған:
- Көсем жігіт – ел басқаратын жігіт.
- Шешен жігіт – дау шешетін жігіт.
- Батыр жігіт – еліне қамқор, жауына алаберен деген жігіт.
- Сері жігіт – аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мұң құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт.
3-кезең: «Сұрақ-жауап»
Жүргізуші: Ал бастайық, жігіттер!
Сұрақтар:
- Жігіттің қанша жұрты бар? (қайын жұрты, нағашы жұрты, өз жұрты)
- Отан жайлы мақал-мәтелдер айтып бер?
- Батырлар мінген арғымақ аттарын ата? (Қобыланды — Тайбурыл, Ер Тарғын — Тарлан, Қамбар — Қарақасқа, Алпамыс — Байшұбар, Исатай — Ақтабан, Амангелді — Шалқасқа).
- Бәйге мен көкпар аттарының түр-тұлғаларындағы айырмашылық. (Бәйге аты өте жүйрік, алыс қашықтықта шаршамай шаба алады. Көкпар аты орнынан бірден ытырыла шауып, құлаған адамды баспауға тырысады).
- Саятшының, бүркітшінің кәсіптік заттары. (Бүркіт, тазы, ат, берен мылтық, ұзын таяқ, томаға, қолқап, тор, бау, қақпан).
- Жеті қазынаға не жатады? (Ер жігіт, сұлу әйел, оқу-білім, жүйрік ат, берен мылтық, ақыл, құмай тазы).
- Қазақтың ертедегі шешендерін ата?
- Жеті атаға кімдер кіреді?
Жүргізуші: Алты асыл қасиет
1. Өнер өрісі болсын.
2. Тапқырлық, талап, ерлігі болсын.
3. Жігер күші болсын.
4. Қайрат қаруы болсын.
5. Білімді болсын.
6. Зерделі болсын.
Олай болса келесі сайысымыз – «Сән үлгісі». (Ұлттық нақышта қорғау керек).
Соңғы сайыстың қортындысын білу үшін қазылар алқасына сөз кезегі беріледі.
Сараптама: Ер балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, елін, жерін қорғайтын, патриоттық сезімдерге баулу, тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Оқушылар өздеріне ойларын ашық айтып, жан-жақты, өнерлі, сері екендерін көрсетті.