Жеті қазына, киелі жеті саны
Күні:
Білім саласы: «Қатынас», «Қоршаған орта», «Таным»
Оқу іс — әрекет: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Жеті қазына
Мақсаты: Балаларға жеті санының киелі екенін, сурет бойынша ажырату. Жеті қазынаны атауға, еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға, айтылған ертегі бойынша анық мәнерлі сөйлеуге үйрету. Достыққа, бір — бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: Жеті қазына, қыран бүркіт, берен мылтық.
Көрнекілік: Жеті қазынаның суреті.
Ұйымдастыру, сезімді ояту
— Бүгінгі күнімізді жылы, жақсы тілектерден бастайық.
Жылы лебіз:
Армысың, қайырымды Аспан – ата!
Армысың, шұғылалы Алтын күн!
Қуан, шаттан, алақай!
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз дос болайық.
Ізденістер, оқу іс – әрекетінің барысы
— Біздің бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз, сендерге таныс, ол «ЖЕТІ ҚаЗЫНА» жайлы.
Біз бәріміз білеміз, қазақ халқы «ЖЕТІ» санын қасиеті, киелі сан деп есептеген. «Жеті» санына байланысты қазақ дәстүрі мен салтына байланысты не білеміз?
— Жеті, күн, жеті шелпек, жеті ата, жеті қазына
— Жеті күн
— Бес күн
— Екі күн
Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.
Әке
Бала
Немере
Шөбере
Шөпшек
Немене
Туажат
Ер жігіт
Ақылды әйел,
Сапалы білім
Жүйрік ат,
Берен мылтық
Қыран бүркіт
Құмай тазы
1 бала:
Ер жігіт дегеніміз – елімізді, жерімізді қорғайтын ер азамат.
Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені,
Еменнің иілгені сынғаны.
2 бала:
Сұлу әйел дегеніміз – ол анамыз, біздің ақылшымыз, панамыз.
3 бала:
Анаға бала – алтыннан да қымбат.
4 бала:
Ана – мақтан, ана – жыр,
Ана бақыт, жанашыр.
5 бала:
Анам жұмақ, мен шуақ,
Анам шырақ, мен сұрақ.
Анам теңіз, мен қайың,
Анам бұлақ, мен құрақ.
6 бала:
Ақыл, білім екеуі қатар жүреді. Адамзат ақылмен, біліммен ізденіп, толықтырып, жаңартып отырған.
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
7 бала:
Білімді, ақылды адамның сөзі жібектей,
Білімсіз адамның сөзі білектей.
8 бала:
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
9 бала:
Жүйрік ат – адамзат баласын барамын деген жеріне жеткізеді. Бұрынғы кезде ат болс, қазіргі кезде көлік.
Ат адамның қанаты,
Ас – адамның қуаты.
10 бала:
Түйеде доң.
Жылқыда пышақ.
11 бала:
Малды жақсы баққаның,
өзіңе абырой тапқаның.
Малды жаман баққаның,
Келген бақты қаққаның.
12 бала:
Жылқы да өт жоқ.
Құста сүт жоқ.
13 бала:
Ат тұяғын той басар.
14 бала:
Бір бие жақтың қасы,
Екі бие ел асы.
Үш бие бұлақ басы.
15 бала:
Мал өсірсең қой өсір.
Өнімі оның көл – көсір.
16 бала:
Малды баға біл,
Бабын таба біл.
17 бала:
Түйе байлық,
Қой мырзалық,
Жылқы сәндік.
Шаруаның бірі – бес,
Диханшылық оған ес.
Берен мылтық, мылтығың болса аш болмайсың, аң ауласаң да күніңді көресің.
Жұмбақ:
Белі бүкір, алысқа түкір. (Мылтық)
Қыран бүркіт — құстың мықтысы, бүркітің болса, ол сенің қорғаушың, асыраушың болып есептеледі.
Ер азамат атпен аң улауға шыққанда қыран бүркітті қолына отырғызады, аң көрсе, қыран ұшып барып, аңды алып түсіп, мойнынан қысып талдырады.
Жүйрік тазы — адамның досы, көмекшісі, қорғаушысы. Адамдар бұрын аң аулауға алыс жолға шыққанда өзінің сенімді досы ретінде ертіп жүрген.
Жеті қазына жүктеу