Жеті лақ пен қасқыр балабақша ойындары
Ертегі — Жеті лақ пен қасқыр
Астана қаласы МКҚК №67 «Шұғыла » балабақшасы
The Wolf and the Seven Little Kids
Ертегі — Жеті лақ пен қасқыр
«Қызғалдақ» тобы
Ағылшын тілінің мұғалімі:
Жүзжан Жанар Жеңісқызы
Астана қаласы. 2015-2016ж
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын арттыру. Рөлдік ойындар арқылы ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Топпен жұмыс жасағанда жанындағыларды құрметтеуге, сыпайы болуға баулу.«Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі арқылы бөтен адамдардан сақ болуы туралы айту.
Ағылшын тілінің мұғалімі: Жүзжан Жанар Жеңісқызы.
— Құрметті ұстаздар, балалар, ата- аналар сіздерді Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесімен құттықтаймын. Осы мерекеге орай дайындалған Қызғалдақ тобы балаларының әзірлеген «The Wolf and the Seven Little Kids — Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін сіздерге ұсынбақпыз. Ертегі ағылшын тілінде жүргізіледі.
Ертегідегі рөлді орындайтындар:
Ешкі (анасы) – Сабина
Темір ұстасы – Егінбай Даулет
Қасқыр –Ғалымбек Алихан
Жеті лақ :
1. Рақымжан Рузана
2. Булатова Санель
3. Боранбай Анас
4. Серікбай Мадияр
5. Сарсенбаева Меруерт
6. Кумекова Толғанай
7. Әлхан Нұрай
Музыкамен сүйемелдеген : музыка жетекшісі –Полубоярцева Е.Б.
Сахна әсем безендірілген, қабырғада тілдер туралы мақалдар ілінген: «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте», «Туған тілді сақтайық». Сахна ертегіге сай безендірілген: ешкінің үйі, үйдің ішінде үлкен үстел және жеті орындықтар қойылған. Үстел үстінде ыдыстар, кесе, тәрелкелер бар.
Ешкі балалары мен үстел үстінде жиналып отырады. Ешкі себетін және құмырасын алып, есіктің жанына барады да:
— Close the door, don’t open the door. I’ll bring you milk and food. (Есікті жауып алыңдар, есікті ешкімге ашпаңдар. Мен сендерге сүт пен азық алып келемін.)
Балалары: — OK, don’t worry .Goodbye Mummy.
(Жарайды, уайымдама. Сау бол анашым.)
Анасы: — Goodbye children. (Сау болыңдар балалар)
Анасы орманға кеткенде балалары музыкамен мәз-мейрам болып ойнайды. Сәлден кейін анасы орманнан қайта оралып, есікті қағады.
Балалары:
— Who is it? (Бұл кім ) – деп сұрайды.
— Open the door. I’m your mother. I bring you milk and food. (Есікті ашыңдар. Мен сендердің аналарыңмын. Мен сендерге сүт пен азық алып келдім.)
Балалары анасының келгеніне қуанып есікті ашады. Анасы үйге кіріп балаларын тамақтандырады. Балаларын тамақтандырып, қайта орманға кетеді.
Кетерінде әдеттегіше :
— Close the door, don’t open the door. I’ll bring you milk and food. (Есікті жауып алыңдар, есікті ешкімге ашпаңдар. Мен сендерге сүт пен азық алып келемін.)
Балалары: — OK, don’t worry .Goodbye Mummy.
(Жарайды, уайымдама. Сау бол анашым.)
Анасы: — Goodbye children. (Сау болыңдар балалар) – деп қоштасады.
Әдеттегідей аналары кеткен соң балалар мәз мейрам болып ойнай бастайды. Сәлден соң есікті әлдекім есікті тоқылдата бастайды.
Балалары: — Who is it? (Бұл кім ) – деп сұрайды.
Сол кезде қасқыр өзінің жуан дауысымен :
— Open the door. I’m your mother. I bring you milk and food. (Есікті ашыңдар. Мен сендердің аналарыңмын. Мен сендерге сүт пен азық алып келдім.) – дейді.
Ал балалары қасқырдың даусын танып, былай дейді:
— No, no, no. You are not our mother. She has a soft, pleasant voice, but your voice is rough; thou you are the wolf!” – деп жауап береді.
Сонда қасқыр ашуланып не істерін білмей, ойланып келе жатқанда темір ұстасын көреді. Ұстаға келіп айтады:
— Нello, help me please. Make me the voice of goat.
— OK. I’ll help you.
— Thank you, good bye.-деп қоштасып кетеді.
Сәлден соң ешкінің үйіне қайта келіп, есікті қағады. Балалар есіктің қағылғанын естіп:
— Who is it? (Бұл кім ) – деп сұрайды.
Сол кезде қасқыр жіңішке дауысымен :
— Open the door. I’m your mother. I bring you milk and food. (Есікті ашыңдар. Мен сендердің аналарыңмын. Мен сендерге сүт пен азық алып келдім.) – дейді.
Қасқырдың даусына алданып қалған ешкінің балалары есікті ашып жібереді. Есіктен кірген қасқырды көріп, жан-жаққа тым-тырақай қаша жөнелді. Қасқыр барлық тығылған алты лақты тауып алып жеп қояды. Ішіндегі ең кішкентай лақты көрмей қалады. Қарны тойған қасқыр орманға кетіп қалады.
Сәлден соң анасы орманнан үйге оралады. Үйге кіргенде есік ашық, үйдің іші астан-кестең екендігін көріп таң қалады. Балаларын іздеп:
— Where is my kids, where are you? (Балаларым қайда? Қайдасыңдар)- деп жылап, айқайлап оларды іздей бастайды. Тығылып қалған кішкентай лақ анасын көріп, былай дейді:
— Mummy the wolf comes and eats them. (Анашым қасқыр келіп оларды жеп қойды.)
Анасы мен баласы қасқырды іздеп орманға кетеді.
Орманда келе жатып қасқырды көріп қалады да:
— Wolf where is my kids? (Қасқыр менің балаларым қайда деп айқай салады)
Ешкіні көрген қасқыр орнынан тұра қашады. Қарны қампиып зорға дегенде жүгіріп келе жатқанда алдынан ор шығды. Ордан аттап секіре бергенде, орға құлап қасқырдың қарны жарылып қалады. Қасқырдың қарнынан ешкінің лақтары секіріп, аман есен аналарымен қауышады. Анасы мен балалары қасқырды қуып жібереді. Ертегі соңында ешкі , лақтар және қасқыр барлығы бірге би билеп балалармен қоштасады.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!