Жергілікті жерде ерте көктейтін гүлдер және олардың емдік қасиеттері слайд, презентация — Қазақ тілі

0

Жергілікті жерде ерте көктейтін гүлдер және олардың емдік қасиеттері слайд, презентация

 

 

Сабақтың тақырыбы: 
         Жергілікті жерде ерте көктейтін гүлдер және олардың емдік қасиеттері
Мақсаты: 
    1. Дәрілік өсімдіктермен танысу арқылы түрлерін,     құрылысын,     қызметін, қолданылуын анықтай білу. Шиелі ауданында     кездесетін дәрілік өсімдіктер жайлы ізденуі, халық     медицинасында қолданылуы.
    2. Оқушылардың дәрілік өсімдіктер жайлы білімін арттыра отырып     елімізде жойылып бара жатқан өсімдіктерді қорғай білуге баулу;
    3. Оқушылардың ғылыми танымдық қабілетін , ой-өрісін дамыту             өздігімен шығармашылықпен айналысуына деген ынтасын арттыру
    
        Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды жорықтық сабаққа әзірлеу және икемдеу,қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
         Бүгін біз сабақтың мақсаты бойынша жорыққа өзіміздің ауылдың іргесіндегі дарбазаға жергілікті жердің өсімдіктерімен танысып, емдік қасиеттері туралы зерттеп, өзіміз көріп білуге жорыққа шығамыз. Шықпас бұрын қауіпсіздік ережесін  білуіміз қажет. 
   Оқушыларға, тауга шыққанда түрлі зиянкестерден абай болуға, улы өсімдіктерді қолмен ұстауға, ағынсыз суларды ішуге болмайтынын ескерту. 

 

 

    

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!