Жер тарихы және оны зерттеу әдістері, теориялық аралас сабақ

0
Теориялық аралас сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Тақырыбы: Жер тарихы және оны зерттеу әдістері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:
жер тарихының шежіресі;
палеозой заманында тіршіліктің дамуы, өсімдіктер эволюциясы;
Тәрбиелік: құрал — жабдықтар мен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;
өз — ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;
оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;
ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;
ғылыми – оқу және анықтамалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеп білуге үйрету;
Сабақтың уақыты: 90 минут (2 сағаттық)
Сабақты өткізу орны:
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Көргізбелі, ауызша, жазбаша, түсіндірмелі.
Пән ішілік байланыс: П2 Мезозой және кайнозой замандарында тіршіліктің дамуы.
Пән аралық байланыс Медициналық биология және генетика, молекулалық биология және медициналық генетика, экология, тарих, химия
Сабақтың жабдықталуы: Материалдық: Биология оқулығы, күн тақырыптық жоспар, оқу жұмыс бағдарламасы, әдістемелік әзірлеме, І — ІІ нұсқалы тесттер, плакат, фронталь сұрақтар
Техникалық — программалық: СД диск, компьютер, интерактивті тақта.
Пайдаланылған әдебиет:
Негізі: «Биология» Р. Сәтімбеков, Р. Алімқұлова
Қосымша: Мухамеджанова К, Қасымбаева Т, «Жалпы биология» Хрестоматия, Алматы, Мектеп
Оқушы білуі тиіс: жер тарихының шежіресі; палеозой заманында тіршіліктің дамуы, өсімдіктер эволюциясы;

Сабақтың хронокартасы:
1. Ұйымдастыру кезеңі — 5 минут.
2. Оқушылардың білімін тексеру — 30 минут.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру — 35 минут.
4. Жаңа тақырыпты пысықтау — 15 минут.
5. Сабақты қорытындылау — 3 минут.
6. Үйге тапсырма — 2 минут.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі — 5 минут.
Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру.

ІІ. Оқушылардың білімін тексеру — 30 минут.
Дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін фронталь сұрақтар қою немесе тестілеу арқылы тексеріледі.
Фронталь сұрақтар:
1. Дивергенция, конвергенция, параллелизм дегеніміз не?
2. Дивергенция қай тілден шыққан, қандай мағына береді?
3. Эволюция барысында алғашқы бір түрден бірнеше түрлердің шығуын қалай атады?
4. Конвергенция қай тілден шыққан қандай мағына білдіреді?
5. Параллелизм дегеніміз не?(грек. parallelos – қатар жүру) деп туыстық жағынан өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір — біріне тәуелсіз дамуын айтады.
6. Параллелизм қай тілден шыққан қандай мағына береді?
7. Конвергенция дегеніміз не?
8. Дивергенция дегеніміз не?
Жауабы:
1. Тірі организмдердің жеке жүйелік топтарының эволюциялық заңдылықтары деп аталады.
2. Дивергенция (лат. divergo – кері шенінемін) деп туыс формалардағы белгілердің ажырауын айтады.
3. Ч. Дарвин белгілердің ажырауы немесе дивергенция деп атады.
4. Конвергенция лат. convergo – ұқсас болу деген мағына береді.
5. Параллелизм деп туыстық жағынан өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір — біріне тәуелсіз дамуын айтады.
6. Грек. parallelos – қатар жүру деген мағына береді.
7. Конвергенция деп организмдердің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен (тіршілік) ортасы бірдей, сыртқы пішінінің бір — біріне ұқсас болуын айтады.
8. Дивергенция деп туыс формалардағы белгілердің ажырауын айтады. Ол — табиғатта ұдайы жүретін процесс.
Жер тарихы және оны зерттеу әдістері жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/