Жер пайдалану құқығының субьектілері | Скачать Реферат
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .3
1 ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ … … … … …4
0.1 Жер пайдалану құқығының түсінігі … … … … … … … … … … … … … … ..4
0.2 Жер учаскесін пайдаланудың негіздері … … … … … … .. … … … … … … ..7
1 Жер пайдалану құқығының түрлері … … … … … … … … … … … … …9
0.1 Тұрақты және Уақытша жер пайдалану құқығы … … … … … … … . … … ..9
0.2 Жер пайдалану құқығының субьектілері … … … … … … … … … … … … … ..11
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … . … … … … … 16
КІРІСПЕ
Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-ін егістік жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2%-н теңізбен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтанда ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе. Ұлттық экономиканың ең ірі саласы болып табылатын қазақстанның ауыл шаруашылығы мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саласында маңызды орын алады. Соңғы екі жылда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2 іргелі мемлекеттік бағдарламаны: 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік Агро азық-түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейін мемлекеттік ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын бекіткенмен айтсақта жеткілікті. Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га оның ішінде ауылшаруашылық жерлері 222,3 млн. га) жерді пайдалану бағыттарына қарап ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, куроттар, қорықтар тарихи және мәдениет болып бөлінеді. Осы жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау құнын айқындау туралы нұсқама) Қазақстан Республикасы аумағында жер учаскелерінің кадастрлык (бағалау) құнын айқындау және оның нәтижелерін салыстыру бойынша бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында жасалған. Нұсқама Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы No442.11 KP3 Жер кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N2890 Жер учаскелерін жеке меншікке беруде мемлекет немесе мемлекеттік жер иеленушілер жалға беруде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасын, сондай-ақ жер учаскелерін сату құқығы жалға бергені үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы қаулысына сәйкес жер учаскелерінің кадастрлық құнын айқындау жөніндегі тәртібін белгілейді. Нақты жер учаскесінің кадастрлық құны жер реусурстарын басқарудың аумақтық органдары мемлекеттің жеке меншікке жер учаскелерін ақылы беру төлемақысының базалық ставкаларына сәйкес, оған түзету коэффициенттерін (арттыратын не кемiтетiн) қолдана отырып, айқындайды және жер ресурстарын басқарудың аумақтық органдары арқылы жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтайтын актімен рәсімделеді. Астана және республикалық маңыздағы қалалардың, облыс орталықтарының қала іргесіндегі аймақта және курорт аймағында орналасқан елді-мекендерде жеке меншікке берілетін жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкасы екі есе өседі[1].
1 ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Жер пайдалану құқығының түсінігі
Жер пайдалану құқығы жер құқығының жерлерді пайдалану мен қорғауға байланысты жер құқығы қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардан тұратын институты ретінде анықталады.
ҚР Жер кодексінің 12 — бабының 30 — тармағында жер пайдалану құқығының анықтамасыберілген. Оған сәйкес, жер пайдалану құқығы — бұл тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және (немесе) ақысыз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.Сол себепті де, ҚР Жер кодексінің 5 — бабында,жер заңдарының міндеттерінде жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығытуындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін бекіту жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы бір қатарға қойылған (ҚР ЖК 5 — бабы).
Жер учаскесінің меншік иесі мен жер пайдаланушының құқықтары (иелік ету, пайдалану және билік ету) жер учаскесінің құқықтық режимін сипаттамайды, олар субъектілердің заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылатын құқықтарының мазмұнын айқындайды. Құқықтық режим жеке меншікке немесе жер пайдалану құқығына берілген жер учаскесіне қатысты белгіленеді.
Құқықтық режим — бұл субъектілердің жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндетттерін жер туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асыруға бағытталған нормалардың жиынтығы.
Құқықтық нормалардың жиынтығына: жерлердің нысаналы мақсаты, оларды нормалау және табиғат объектісі және меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының объектісі ретінде қорғау, жер учаскесінің түрлері мен табыстау мерзімі енеді. Аталған құқықтық режим ҚР Жер кодексінің 9 — тарауында көзделген жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу нормаларынан да тұрады. Сол себепті, ҚР Жер кодексінің 28 — бабының (Жер пайдалану құқығының режимі) редакциясы аталған мәселені толық қамтымайды. Бұл бапта былай делінген: Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Осы кодексте немесе заттық құқықтың мәніне қайшы келмейтіндіктен, жер пайдалану құқығына меншік құқығы туралы нормалар қолданылады. Бұл дұрыс емес, біз жоғарыда атап өткеніміздей, жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінің азаматтық құқықпен реттелетін заттық құқықтың объектісі болуы мүмкін емес. Жер пайдаланушыларға мемлекет берген және беретін жер учаскелерінің құқықтық режимі жер туралы заңнамамен, нақты айтқанда, Жер кодексімен реттеледі.
Жер пайдалану мақсаттарының әртүрлігі және оның субъектілерінің көптігі жер құқығындағы жер пайдалану құқығы институтын түрлерге бөлуді қажет етеді. Мұндай түрге бөлудің негізіне Қазақстан Республикасындағы жер қорының нысаналы мақсаттарын және жерлердің өз ішіндегі жер учаскесінің нақты нысаналы мақсатын, құқықтық режимін қоюға болады.
ҚР Жер кодексінің 1 — бабына сәйкес, ҚР жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи — мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жері;
6) су қорының жері;
7) босалқы жер.
Жер туралы заңнама әрбір жер санатының нысаналы мақсатына ерекше мән бере отырып, жерлерді санаттарға жатқызу мен жерді бір санаттан екіншісіне ауыстыруды қатаң түрде реттейді. Жер қорының мұндай өзгерістері ҚР Жер кодексі мен басқа да заң актілерінде көзделген жағдайда тек мемлекетік органдардың жер учаскелерін алып қою және табыстау құзыретінің шегінде асырылуы мүмкін.
ҚР Жер кодексінің 3 — бөлімі жер санаттарын қарастырады, сонымен қатар, әрбір жер санатының ішінде олардың жоғарыда аталған белгілері мен құқықтық режимінің ерекшеліктеріне қарай жекелеген түрлері де көзделген.
Мысалы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құрамы ауыл шаруашылығы қажеттіктері үшін берілген жерлер мен осы мақсаттарға арналған жерлер болып бөлінеді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора — жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай — ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады.
Ауыл шаруашылық алқаптары өзінің ішкі шаруашылық мақсаттары бойынша келесі түрлерге бөлінеді: егістік, тыңайған жер, көп жылдық екпелер, шабындықтар мен жайылымдар.
Ауыл шаруашылығы алқаптары суармалы және суарылмайтын болуы мүмкін.
Елді мекендер жері өзінің ішкі шаруашылық мақсаттары бойынша 11 түрге бөлінеді, олардың кейбіреуі өз ішінде де бірнеше түрге бөлінеді (темір жол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлік инфрақұрылым мен байланыс магистральдары өтетін және соларды салуға арналған көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар жері (ҚР ЖК 107 — бабы).
Құқықтық режимі бойынша жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, ақылы немесе ақысыз алынатын болуы мүмкін (ҚР ЖК 29 — бабы).
Субъектілердің құқықтық жағдайына қарай жер пайдалану құқығы келесі түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік және мемлекеттік емес;
2) ұлттық және шетелдік;
3) жеке және заңды тұлғалар;
4) тұрақты және уақытша, бастапқы және кейінгі (ҚР ЖК 30 — бабы).
Жер пайдалану құқығы субъектілерінің бұл тізімін жер пайдалану құқығының ерекше субъектісі болып табылатын оралмандармен (ҚР ЖК 46 — бабы) толықтыруға болады.
Жер пайдаланудың түрлері олардың шаруашылық мақсаттары бойынша мынадай мақсаттарда берілуі мүмкін:
1) тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі үшін (Р ЖК 97 — бабының 6 — тармағының 2 — тармақшасы);
2) шалғайдағы мал шаруашылығы үшін (ҚР ЖК 36 — бабының 1 — тармағы);
3) қызметтік жер телімі үшін (ҚР ЖК 36 — бабының 1 — тармағы,41 — бабы);
4) бақша өсіру үшін;
5) бағбандық үшін ( ҚР ЖК 36 — бабының 1 — тармағы, 97 — бабының 6 — тармағының 2 — тармақшасы);
6) тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшін (ҚР ЖК 36 — бабының 1 — тармағы, 97 — бабының 6 — тармағының 2 — тармақшасы);
7) бал арасын өсіру үшін (2002 жылғы 12 — наурыздағы Бал арасы шаруашылығы туралы заң, Казахстанская правда, 19 марта 2002г.);
8) заңнамада көзделген жағдайдағы басқа да түрлер (ҚР ЖК 107 — бабының 7,8 — тармақтары).
Жер пайдаланудың айрықша түріне жер учаскесін кепілге салуды жатқызуға болады.
2.2 Жер учаскесін пайдаланудың негіздері
Жер учаскесі деп жер заңында бекітілген тәртіппен жер қатынастары субьектілеріне бекітіліп берілетін тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі болып танылады.
Мынадай белгілері бар:
1. Ол барлық жер емес, ол жердің бір бөлігі;
2. жер учаскесі белгілі бір жерде тұрақты түрде орындалады;
3. оның шекарасы бар;
4. жер учаскелеріне заңды дәлелдейтін құжаттарда болуы тиіс. Бұл құжаттар былай деп аталады. Егер жер учаскесі жеке меншікте болса, Жеке меншік құқығы туралы мемлекеттік акт; Егер пайдалануда болса Пайдалану туралы мемлекеттік акт.
ҚР заңдары бойынша жер учаскесі:
А) бөлінетін жер учаскесі
Б) бөлінбейтін жер учаскесі
Бөлінетін жер учаскесі екі талапқа жауап береді:
1. Жер учаскесі бөлінген кезде оның әр бөлігі оның жер учаскесі жалпы, нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік берсе;
2. Жер бөлінген кезде заңда міндетті түрде орындалатын талаптар бұзылмаған болса. Аталған талаптар қатарына мыналар жатады:
· экологиялық
· санитарлық гигиеналық
· өртке қарсы
· қала құрылысы және т.б.
Екі талаптың біреуі бұзылса бөлінбейтін болады. Жер бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігітуралы мәлімет оған құқықтарды куәландыратын құжаттар көрсетеді.
Бөлінетін жер учаскелері жеке бөліктермен мәмілелер жасасуға рұқсат етілген. Ал керісінше бөлінбейтін жерге мәміле жасасуға тыйым салынған.
Жер үлесі жер учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа тұлғалармен жер Кодексінде және ҚР өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіп пен жағдайларда бөлініп шығарылуы мүмкін.
Түрлері:
1. қонымды
2. шартты
3. ортақ меншіктегі пайдаланудағы жер үлесі
Қонымды жер үлесі кондоминиум қатарында кездеседі.
Кондоминиум деп — жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны, онда жылжымайтын мүліктің жекеленген мүліктері жеке және заңды тұлғалардың бөлек дербес меншігінде, ал бөлек меншікке жатпайтын бөліктері оның ішінде жер учаскелеріде оларға ортақ үлесі меншік құқығымен тиесілі.
Шартты жер үлесі деп — жеке меншік немесе қайта ұйымдастыратын, ауылшаруашылық ұымдарының қызметкерлеріне, жұмысшыларына тиесілі үлес болып танылады. Шартты деп бұл үлес көбінесе қағаз жүзінде берілгендерін білдіреді.
Сервитут деп — заңда көрсетілген жағдайда бөтен меншіктегі пайдаланудағы жер учаскесін мүдделі жеке және заңды тұлғалардың шектеулі нысананы пайдалану болып табылады. Сервитут келесі негізде туындайды:
1) тікелей нормативтік құқықтық актіден;
2) мүдделі тұлғалардың меншік иесі немесе жер пайдаланушылар; жасасқан шарт негізінде;
3) жергілікті атқарушы органдардыңактісі негізінде;
4) сот шешімі негізінде;
5) заңда көзделген өзге де жағдайларда;
2 ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы
Жер пайдалану құқығы деп — … жалғасы