Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі слайд,презентация — Әдебиет

0

Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі слайд,презентация

 

 

 

Күткен ЖЕҢІС жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып.
Жауды жойып, батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ ашып.
Мамыр келді, ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт  өмір оралды, күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақжаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,
Қара күндер қайғысын ұмыттырды!!!

Мәңгілік шырақ!
Қараңдар:
Жанары – жас та, жаны-бұлт.
Келеді мұнда адамдар
Ертелі-кеште ағылып.
Келеді мұнда сан адам,
Ауылдан…
Қала – қайдан да.
Келеді шал мен ана да
Баласы кеткен майданға…
Мақтанбаймын қалайша марқанбаймын?
Уақыт бізге ғажап сыр айтар дәйім.
Барлығы да сыйлапты адамзатқа,
Ынтымақты, Жеңісті дархан Майым.
Күш-қайраттың бойында тасқыны бар,
Мұқалмайтын төзімді достығы бар.
Талай тарих таңғалып, куә болған,
Елімнің ерлік деген дәстүрі бар.

Біз соғысты көргенбіз бала кезде,
Жас боп тұрды ол мөлдіреп қара көзде.
Нанымызды біз жейтін тартып жеген,
Сұмдық  жоқ та сияқты одан өзге.
Біз  соғыстың білеміз не екенін,
Соғыс деген – кеткені берекенің.
Дастарқанға жейтұғын түк келмеді,
Адамдарды қорлайды, қор етеді.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!