Жеміс сусыны балабақшадағы ертеңгіліктер

0

Жеміс сусыны

 

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы 

Уақыты:11.11.15     
Тобы:«Балапан»  I-кіші   
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Жеміс сусыны»
Мақсаты:
а)Жеміс түрлерімен таныстыру.(алма,алмұрт).Қағазға салынған банка ішіне дайын жеміс суреттерін орналастыруды үйрету.                                                                                 
ә) Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
б)Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: жеміс атауымен және түрлерімен таныстыру.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті.
Қажетті көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар,ойыншықтар,магнитті тақта,дайын пішіндер.
Билингвалдық компоненті: жеміс-ягоды,алма-яблоко,алмұрт-груша.
Іс -әрекет кезеңдері    Тәрбиешінің іс- әрекеті    Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы     Шаттық шеңбері.
-Балалар,егер біз табиғатты аяласақ,ол өзінің көп жемісін береді.
-Кәне,бәріміз баққа барып қайтайық.
Тамаша ғой бақшамыз,
   Саяхатқа шығамыз.
   Алға басып келеміз,
   Бәрін,бәрін білеміз.
        (Е.Өтетілеуұлы)
-Балалар,баққа барғанды ұнатасыңдар ма?    Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

 

 

Балалардың жауабы.
Іздену- ұйымдастырушы    Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(А.Меңжанова)

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Дидактикалық ойын:
«Қандай жеміс?».
Тәрбиеші балаларға жемістердің суреттерін көрсетіп,қандай жеміс екенін сұрайды.
Сергіту сәті:
Күзім- ау,күзім -ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау.
(Қ.Ыдырысов)

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Балаларға қағаздан жасалған банканы көрсетіп,жемістерден сусын жасауды ұсынады.
Магнитті тақтада суреті салынған банкаға дайын пішіндерді(алма,алмұрт) салып көрсетеді.
-Алма қандай түсті?
-Алмұрт қандай түсті?
-Алма мен алмұрттан сусын қайнаттық,банканы қақпақпен жауып тастаймыз.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Билингвалдық компоненті: жеміс-ягоды,алма-яблоко,алмұрт-груша.
    Өлеңді тыңдайды,жауап береді:
-Күз мезгілі.
-Жеміс-көкөністер піседі.
-Жапырақтар сарғайып,жерге түседі.
-Жаңбыр жауады.

Балалар сұрақтарға жауап береді:алма,алмұрт.

Балалар бастарын шайқайды,саусақтарымен үстелдің үстін тарсылдатады,
саусақтарын шошайтады.

Иллюстрацияны қарап,мұқият тыңдайды.
-Қызыл.
-Сары.
Балалар алдарында жатқан банканы алмұрт және алма суреттерімен толтырады.

Қайталайды: жеміс-ягоды,алма-яблоко, алмұрт-груша.

        
Рефлексивті коррекциалаушы    Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

-Біз бүгін қандай жемістермен таныстық?
-Біз неден сусын жасадықБіз неден сусын жасадық?    Балалар өз жұмыстарын қарайды.
-Алма,алмұрт.
-Алма мен алмұрттан.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Қағаздан салынған банка шіне дайын суреттерде орналастырады.
Қандай түсініктерді игереді: жемістердің әртүрлі және әр түсті болатынын.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:іс-әрекет барысында алған дағдылары

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!