Жекелеген жемістер мен көкөністердің тауарлық сапасы слайд,презентация
Жекелеген жемістер мен көкөністердің тауарлық сапасы слайд,презентация
Басты пияздың ащы сұрыптары үшін құрғаған мойынының ұзындығы 5 см артық, бірақ ащы сұрыптары үшін 10 см жоғары еместері 15%, тәтті және жартылай тәтті сұрыптары үшін 5 см жоғары, бірақ 20 см жоғары еместеріне рұқсат етіледі, ал одан жоғары мөлшердегілері жіберілмейді. 1 қыркүйекке дейін мойындары толығымен кеппеген баданалардың 15% жіберуге рұқсат етіледі, ал 1 қыркүйектен кейін ащы сұрыптары үшін — 1%, басқалары үшін — 5%. Көктеген баданалардың (1 см дейін) үлесі 10 % аспауы керек ( 1 наурыздан 1 тамызға дейін). Баданаларға жабысқан топырақтар үлесі 0,5% аспауы керек. Үсіген, шіріген, булыққан, кенемен және сабақ жуан құртымен зақымдалған баданалар жіберілмейді.