Жеке – топтық жұмыс формасы слайд, презентация — Қазақ тілі

0

Жеке – топтық жұмыс формасы слайд, презентация

 

 

Әрбір оқушы тапсырмалар жазылған парақ алады. Тапсырманы орындаған оқушы қолын көтереді. Мұғалім оқушыға өзін-өзі тексеру үшін дайын жауап үлгісін береді. Өз жұмысын мұғалімнен алған дұрыс жауап үлгісімен салыстырып, оқушы бағалау парағына баға қояды да, келесі тапсырманы орындауға кіріседі. Осылайша барлық тапсырмаларды орындап шығады.

 1. “5” бағасы – бір қате немесе жұмыс қатесіз орындалса.
2. “4” бағасы – жұмыста 2(екі) не 3(үш) қате жіберілсе.
3. “3” бағасы – жұмыста 4-5(төрт-бес) қате жіберілсе.

Қарт Қаратау жотасы –ежелгі адамдар мекені
Ежелгі адамдардың мекен еткен аудандарының бірі – қарт қаратау жотасы арыс өзенінің жағасындағы кіші қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ежелгі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-ұсақты шақпақ тастардың табылуы соған айқын дәлел бола алады қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген олар аң аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған б.з.д. ІІ мыңжылдықтың ортасында жері кенге бай болғандықтан, қаратау жотасының халықтары еру температурасы төмен металдарды (қалайы, мыс) қорыту арқылы қоланы тұрмыста кең қолданған.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!