Жазық фигуралардың модельдері
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Жазық фигуралардың модельдері
Автор: Қалжанова Айсулу Садыққызы
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 1 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-12
Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне
Пән: математикаҰзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1В Геометриялық фигураларКүні: | Мектеп: Мұғалімнің есімі: Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Жазық фигуралардың модельдері (1) | |
Оқу мақсаты: | 1.3.2.3 жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрау. | |
Сабақ мақсаты: | Барлық оқушылар: Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрайды. Көптеген оқушылар: Жазық фигуралардың модельдерін әртүрлі тәсілмен жасайдыКейбір оқушылар: Әртүрлі жазық фигураларды пайдаланып, түрлі композиция құрастырады. | |
Бағалау критерийлері: | Жазық фигураның моделін құрастырады.Фигураларды сипаттайды.Жазық фигуралардан композиция құрастырады. | |
ойлау дағдылары | білу, түсіну, қолдану | |
Тілдік мақсат: | Тірек сөздер: модель, композиция диалог
|
|
Құндылықтарды дарыту: | оқушылар жазық фигуралардың моделін құрастырады (еңбек және шығармашылық),Топтасып,жұптасып тапсырма орындайды (ынтымақтастық) | |
Бастапқы білім: | Жазық және кеңістік фигураларды ажырата алады. Кеңістік фигуралардан жазық фигураны табандарын бастырып сызу тәсілі арқылы алуға болатынын біледі. | |
Пәнаралық байланыс: | саусақ, бұлшық еттері дамиды (көркем еңбек)фигуралардан аппликация құрастыру техникасы(Көркем еңбек) | |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы | (Ұ ) Ширату жаттығуы «Сиқырлы дорба» әдісі Болжау әдісі арқылы өтілген материалдарды қайталау мақсатында алынды. Дорбаға кеңістік фигураларының топтамасы салынады. Оқушылар қолдарымен ұстап көріп фигураны анықтайды.-Бұл қандай фигура?— Сен оны қандай ерекшелігі бойынша анықтадың?Онан соң фигураны дорбадан алғызып, жорамалының қаншалықты дұрыс екенін тексертемін. Қателескен оқушыларға достарынан көмек сұрап, онан соң өзім көмектесемін. Топқа бөлу.Оқушылар алған фигураларының тобы бойынша топқа бөлінеді. | «Сиқырлы дорба»Кеңістік фигуралар топтамасы |
Сабақтың ортасы | (Д) «Кім ширақ?» әдісі Геометриялық түсініктерді қалыптастыруда нақты заттардан фигураларға көшу жаңа тақырыпқа кіріспе -Жазық фигураны алудың қандай тәсілдерін білесіңдер?1-тапсырмаӘрбір оқушы қолындағы кеңістік фигурасын бастырып сызу арқылы қатты қағаздан жазық фигураны өз беттерінше жасайды. ҚБ. Оқушылар жазық фигура кеңістік фигураның таңбасы екенін біледі.Мұғалімнің қошеметі.
(Т) «Бірік, жаса, бөліс» әдісі Ресурстарды пайдаланып жазық фигура жасау арқылы жаңа тақырыпты түсіну,ұсақ мотрикасын дамыту, сипаттай отырып сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту.-Осы заттар арқылы жазық фигуралар жасауға бола ма? Парта үстінде жатқан заттарға оқушылардың назар аудару. Бірлескен оқу әрекеті арқылы топта бірін-бірі үйрету арқылы үйренеді. 2-тапсырма І топ. Үшбұрыш жаса ІІ топ. Шаршы жаса ІІІ топ.Тіктөртбұрыш жаса БК: 1.Әртүрлі материалдардан жазық фигуралардың моделін жасайды. 2.Фигураларды сипаттайды. Д:1.Үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыштың моделін жасады.2.Фигураларды сипаттады.«Отшашу» әдісімен бағалау. Жазық фигуралар мен құрастырған фигураларын салыстырып, модель сөзінің мәнін түсінеді. Жазық фигуралардың моделін жасай отырып, жаңа сабақ мақсатын өздері анықтайды. (Д) «Тапқыр болсаң,талас жоқ» әдісіЖаңа сабақты бекіту, оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында алынды,жұмыс нәтижесі сараланады.3-тапсырма. -Бес ши мен ермексаздың бес бөлігінен қандай фигура жасауға болады?ҚБ: әртүрлі тәсілмен бесбұрыш жасайды «Екі жұлдыз» арқылы ынталандырылады. Сергіту сәті.(Т) «Танграмм» әдісі Іс-әрекет арқылы тәжірибелік дағдыларды пайдалану мақсатында жүргізіледі.Топтағы оқушылар алдарындағы жазық фигуралардың бірдей жинағынан композиция құрастырады, композицияларының атауын айтады.Мысалы: баспалдақ,жүрек,гүл,үй.ҚБ : фигуралар арқылы композиция құрастырады.Басбармақ арқылы ынталаныру.Дәптермен жұмыс. 53-жұмыс парағы.1-тапсырма. (Д)«Ойлан, тап!» әдісіОтарба қандай фигуралардан құрастырылған?Олардың санын кестеге цифрлармен жаз.ҚБ:Отарба қандай фигуралардан құрастырылғанын анықтайды, санын кестеге жазады.Дұрыс жауаппен салыстыру арқылы өзін-өзі бағалайды.2-тапсырма.(Д) «Ең әдемі отарба»әдісі Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, геометриялық фигураларды кескіндей білуге дағдыландыру мақсатында жүргізіледі. Оқушылардың жұмыстарының нәтижесі сараланады.Берілген фигураларды пайдаланып, өз отарбасының суретін салу.БК: Жазық фигуралардан композиция құрастырады Д:1.Фигуралар санын анықтады.2.Фигураларды пайдаланды.3. Отарбаның суретін салды.Кейбір оқушылар берілген фигураларды толық пайдаланып,геометриялық фигураларды дұрыс кескіндей отырып өзінің ең әдемі отарбасының суретін салады.«Екі жұлдыз» арқылы топтық бағалау жүргізіледі.4- тапсырма(Д) «Кімнің ойы ұшқыр?» әдісі Тәжірибе жүзінде байқап көру арқылы проблеманы шешу мақсатын көздейді.Дөңгелектің моделін салу үшін қандай фигураны айналдыра сызу керектігін анықта.ҚБ: Дөңгелек моделін құрастыру үшін цилиндрді айналдыра сызады.Үш шапалақ арқылы бағаланады.Есіңе сақта!Көлемді фигураның көмегімен жазық фигураны жасауға болады.Дәптермен жұмыс.54-жұмыс парағы(Д) «Менің фигурам» әдісіФигураларды біріктіру арқылы композиция құрастыру мақсатында оқушылардың жұмысы сараланады. БК: фигураларды біріктіру арқылы композиция ұсынады.Д:1.Фигураларды анықтайды.2.Фигураларды біріктіреді3. Композиция ұсынадыГеометриялық пішіндер арқылы жұптық бағалау жүргізіледі.Керемет!-бесжұлдыз.Жарайсың!-төртбұрыш.Жетілдір!-үшбұрыш.Қайталау арналған тапсырмалар.Торкөздерге белгісіз азайтқыштарды жаз.Торкөздерге белгісіз азайғыштарды жаз.Торкөздерге белгісіз қосылғыштарды жаз.ҚБ: белгісіз компоненттерді табады«Жұбыңды тексер» дәптерлерін алмастырып, бірін – бірі тексереді. |
Суреттертаяқшалар мен ермексаз. |
Сабақтың соңы. |
Рефлексия. «Қайық желкені» Жасыл түс – егер саған сабақ ұнаса, барлығын сәтті орындасаң Сары түс – егер сен сабақта қиындықтар кездестірген болсаңҚызыл түс – егер саған сабақ қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса | |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді қолдайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз. Қабілеті жоғары оқушыларға Өз фигурасының моделін құрастыруға, фигураларды қолданып қалаған суретін салуға, фигуралардан композиция құрастыруға мүмкіндік беріледі. | Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?От шашуБағдаршам Өзін-өзі бағалауБірін-бірі бағалау«Екі жұлдыз»Геометриялық пішіндер | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қайшымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертемін. |
Рефлексия |
Рефлексия | ..
(Шығарып көр. (озық ойлы оқушылар сараланып шығады)—Бес ши мен ермексаздың бес бөлігінен қандай фигура жасауға болады? Сергіту сәті.(Т) Топтағы оқушылар алдарындағы жазық фигуралардан біріктіріп, композиция құрастыру тапсырылады. Әр топ құрастырған композицияларының атауын айтады.Мысалы баспалдақ,жүрек,гүл,үй.Дәптермен жұмыс.53-жұмыс парағы.1.ОтарбаОтарба қандай фигуралардан құрастырылған?Олардың санын кестеге цифрлармен жаз.2.Өз отарбаңның суретін сал.Ол үшін мына фигураларды пайдалан.шаршы-5,үшбұрыш-2, дөңгелек-4, тіктөртбұрыш-3. (Қ б)Дұрыс жауапты көрсету арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.Өзін «Жетістік баспалдағының» орналастырады.Орындап көр. «Кім ұшқыр?»Дөңгелектің моделін салу үшін қандай фигураны айналдыра сызу керектігін анықта.Цилиндр ме,пирамида ма, параллелепипед пе?Есіңе сақта!Көлемді фигураның көмегімен жазық фигураны жасауға болады. 54- жұмыс парағы.Сурет сал.Берілген фигураларды қолданып, қалаған суретіңді сал.Тапсырманы орындау кезінде әрбір суретті толықтырғанда танылатын заттың бейнесі шығу керек.(Қб)Суретті салған оқушыларға смайлик беремін. Қайталау мен қалыптастыруға арналған тапсырмалар.Торкөздерге белгісіз азайтқыштарды жаз.Торкөздерге белгісіз азайғыштарды жаз.Торкөздерге белгісіз қосылғыштарды жаз. Бағалау критерийі:Азайту және қосу амалдарының компоненттерін біледі.10 көлеміндегі сандармен қосу,азайту амалдарын орындайды.Д:Айырманың мәніне сәйкес азайтқышты дұрыс табады. Айырманың мәніне сәйкес азайғышты дұрыс табады. Қосындының мәніне сәйкес белгісіз қосылғышты дұрыс таба алады. Жазық фигураның моделін жасау алгоритмін адымдап айтыңыз, «Үш адым»Үшбұрыш моделін жасауды үш адыммен айтып береді.Шаршының моделіл жасауды үш адыммен айтып береді.Тіктөртбұрыш моделін жасауды үш адыммен айтып береді.. |
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді қолдайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз. Қабілеті жоғары оқушыларға Өз фигурасының моделін құрастыруға, фигураларды қолданып қалаған суретін салуға, фигуралардан композиция құрастыруға мүмкіндік беріледі. | Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Ынталандыру сөздеріҮш шапалақӨзін-өзі бағалау«Екі жұлдыз» тәсілі арқылы бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қайшымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертемін. |
Рефлексия | Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.Сабақта қолданылған ресурстар қолжетімді болды..Уақытты тиімді пайдалану үшін оқушыларды ыждағаттылыққа үйретуім керек. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.