Жатыс септік
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Жатыс септік
Автор: Әбу Сұлу Құлбекқызы
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-16
Материал туралы қысқаша түсінік
педагог-зеріттеуші
II. Үй тапсырмасы:— Үйге қандай тапсырма берілді?Сурет бойынша әңгіме құру. Әңгімеде табыс септігінің сөздері кездесетін болсын.Жазған сөйлемдеріңді ауызша оқып шығамыз. Сөйлемдерін талдату.Өткен сабақта қандай септікті өттік?— Табыс септік (кімді? Нені? Кімдерді? Нелерді? )Ертегі Септік туралы кім айтады?«Ерте – ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есімжерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атауатты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» — деп егіледі.Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?» — деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып, кімді ғана қарғайын?» — дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі? – деп жылайды. Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын? » — деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмірсүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» — деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген» аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.Ендеше «бәйге» ойыны арқылы өткен сабақтарда алған білімдерімізді тексерейік.Дайынбыз ба?«Бәйге» ойыны. с. ж. 30 — Сөйлемдегі сөздерді бір — бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды қалай атаймыз? (Септік жалғаулары деп атайды)с. ж. 10 — Зат есімнің септелуі дегеніміз не? (Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейді)орта. 40 — Атау, ілік септіктері қандай сұрақтарға жауап береді? (Ата септік: Кім? Не? Ілік септік: Кімнің? Ненің?)орта. 20 — Барыс септіктің сұрақтары мен жалғауларын ата. ( Кімге? Неге? Қайда? Ға, ге, қа,ке)оң. ж. 30 — Табыс септіктегі сөздерге қандай сұрақтар қойылады? (кімді? Нені? Ны,ні,ды,ді, ты,ті)оң. ж. 10 — Қазақ тілінде неше септік бар? (7 септік)III Жаңа сабақТірек сызбамен жұмыс.СептіктерАтау септік, Ілік септік, Барыс септік, Табыс септік, Жатыс септік, Шығыс септік, Көмектес септік— Қай септіктермен жұмыс жүргіздік?— Атау, ілік, барыс, табыс септіктерімен. Дұрыс айтасыздар. Бүгін біз келесі септікпен таныс боламыз.Ерте, ерте, ертедеМінезі суық қаталдау«Қазақ тілі» атанғанХан патшасыболыпты.Киіз үй тігіп жайлауғаҚыр басына қоныпты.Септік деген атаныңЖеті ұлы болыпты.Жетеуі де ер жетіп,Білімімен жаныпты.Ақылымен жетектепСара жолға түсіпті.Қазақ тілдің ұрпағыӘкесіне сеніпті.Жетуіне қаз-қатарЖеті үй тігіп беріпті.Қатаң тәртіп қағидаБілімсізді жойыпты.Сұрақтар мен жалғауын, Жатыс септікпен таныс болыңдарЖатыс болса бүгінде,Кімде? Неде? сұрағы.—да,-де,-та,-те, бопЖабыстырып қойыпты.Бүгінгі сабақта жатыс септігімен жұмыс жүргіземіз.Жатыс септік.Сұрақтары: Кімде? Неде? Қайда? Кімдерде? Нелерде?Жалғаулары: — да,- де, — та, — теМысалы: қарда, аязда, боранда, әжемдеКөркем жазу |Қ қ қ-дауыссыз қатаңСөздік диктант: әжені – т.с, найзаның –і.с, ұшқыш-а.с, атаға-б.с, кітапхана-б.с, ынтымақты-т.сОқулықпен жұмыс55-жаттығуШөлде ( т.с) гүлдейді, құлпырады,Суда (т. с ) өмірі қырқылады.56-жаттығуКүш-білімде. Балапан ұяда не корсе, ұшқанда соны алады. Ерлік білікте емес, жүректе.Шығармашылық тапсырма: «Суретті билет» ойыны.59-жаттығуӨзен, жайлау, қыс, көген, бесік.І топ «Атау септік ауылы» Қазақстан өзендерінің атауларын жазып 3-4 сөйлем құрастыру.ІІ топ «Ілік септік ауылы» Қыс қызығы тақырыбында әңгіме құру.ІІІ топ «Барыс септік ауылы» Бесік жырын орындауҚиын сөзбен танысу: Көген- қозы-лақтарды мойындарынан желі арқанға қатар түзеп байлайтын ілмек жіптер тізбегі.57 – жаттығу (ауызша орындау) Мәтінге ат қой. Жатыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта.Тақырыбы: «Арша»Арша тасты жерлерде, таулы аймақтарда өседі. (Ж.с қайда?) ( сөйлемде тұрлаусыз мүше болып тұр ) Дәрі жасау үшін оның жемісін пайдаланады. Құрамында эфир майлары, қант, алма қышқылдары, миниралды тұздар бар.Кестемен жұмыс. Атау септікІлік септікБарыс септікТабыс септікЖатыссептікКүресте +Тауда Қарияның Балмұздақты Жануарға Азамат Дәптердің Оқушыны Сабақты бекіту: Өзін – өзі бақылап, бағалау. (Тест сұрақтарына жауап беру.)1«Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тапА) А.с. С) Б.с.В) І.с. Д) Ж.с.
- Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле
А) Оқушы С) ОқушыныңВ) Оқушыға Д) Оқушыға3.Барыс септігінің сұрағын белгілеА) Кімге? Неге? Қайда? С) Кімге, Кімді? Нені?В) Кімдерге? Кімді? Нені? Д) Кіммен? Немен?4.Табыс септігінің жалғауын белгілеА) —ны, —ні, —ды, —ді, -ты, —ті С) да, -де, -та, -теВ) -да, -де, -та, -те Д) -мен, —бен, -пен5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгілеА) көктемде С) мектеппенВ) далаға Д) мектептенЖауаптары: 1. А 2.в 3.а 4.а 5.аСұрақ — жауап арқылы қорытындылауV .Қорытынды БІЛЕМІНБІЛДІМҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІОқушыларды бағалау.(Бағалау парағымен жұмыс жүргізіп, бағалау.)Үйге: 61 – жаттығу 131 бет
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.