«Жат ағымдардан сақ бол»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Жат ағымдардан сақ бол»

Автор: Сальменова Гулия Темирбековна

Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 8 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-18


Материал туралы қысқаша түсінік

жас мамандарға, сынып жетекшілерге, мұғалімдерге, тәлімгерлерге керек ккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккк




Күні:12.12.18Сабақтың тақырыбы: Жат ағымдардан сақ болайықСабақ мақсаты: Оқушыларға қазіргі кездегі салт — дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай — ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру.Дамытушылық: Діни наным — сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой — өрісі мен дүниетанымын кеңейту.Тәрбиелік: Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.Жоспар:1. Ислам туралы не білеміз?2. “Шындық пен сұмдық” бейнефильмінен үзінді көрсету. Фильмге байланысты пікір талас3. “Абайлаңыз секта!…. Дінімізге берік болайық!”4. “Өз — өзіне қол салу — ауыр күнә”5. “Не істер едің?» оқушылар арасындағы топтық жұмыс. Жағдаяттардың шешімін табу.

Мұғалім: 1) Жарық дүние деп аталатын жалған мен о дүние дейтін бақиды қатар нұрландырып тұрған исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін адамзат ұрпағы нені мансұқтап, нені қастерлеуін біліп, адал жолдан адаспауы үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет.Қасиетті дініміз сонау пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с) заманынан бергі 14 ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны мәлім. Қазіргі таңда әлемде Аллах Тағаланың рахымымен исламның қарқынды дамуы және мұсылмандар санының арта түсуі байқалады. Әрине, бұл бізді қуантады.Ендеше ислам туралы білетін мәліметтерімізді ортаға салайық.(Оқушылардың мәліметтері тыңдалады)

Сұрақ:Біздің дініміз Ислам болғандықтан Құран Кәрім көрсеткен жолмен ғана жүруіміз керек;Дін Ислам шарттарымен қатар ата — баба жолын да ұстануымыз керекМұғалім: «Абайлаңыз секта!… Дінімізге берік болайық!»(Діни экстремизм)Қазіргі таңда исламға «изм», «террор» жағымсыз айдарлар тағылуда. Исламға бұлардың түкте қатысы жоқ. Мұның бәрі жала боп есептеледі. Сонымен экстремизм дегеніміз не? Қазіргі кезде Қазақстан аумағында қызметтері арнайы сот шешімдерімен Заңсыз деп таңылған діни ұйымдардың тізімі жасалған.(кесте тақтаның көмегімен көрсетіледі.)Көріп отырғандай осы діни ұйымдардың қай — қайсысын алсаңыз да, негізі мақсаты теракт ұйымдастыру, мемлекеттік төңкеріс жасау, террористтер дайындау, халифат құру. Керек десеңіз көпшілігі осы уақытқа дейін кейбір мемлекеттерде мыңдаған адамның өмірін қиюға себепкер болған.Істері әшкере болған ағымдардың жұмысына ел аумағында тоқтам салған сот шешімдері қабылданды. Алайда, әліде болса да жасырын жолдармен өз тірліктерін жүргізіп жатқандарының бары жасырын емес.(Оқушылардың діни ағымдардың істеріне байланысты пікірлері тыңдалады.)Мұғалім: «Не істер едің?» оқушыларға тақырыпқа байланысты жағдаяттар беріліп, пікірлері тыңдалады.1) ҰБТ — дан жоғары ұпай жинап, қаладағы жоғарғы оқу орнының біріне қабылдандың. сабақтан қайтып келе жатқанда алдыңнан өзің қатарлы жігіттер немесе қыздар шығып сенің дінге деген көзқарасыңдыбілмек болып сұрақтар жаудырды.осы жағдайдағы сенің іс әрекетің қандай? олармен пікір бөлісесің бе немесе үндемей кете бересің бе? шешіміңді дәлелде?2) сыныпқа жаңадан оқушы келді. онымен жақын әңгімелесе бастағаннан саған бейтаныс діни ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға үгіттеді. тіпті сені мол қаржы табудың көзі ретінде сонда жұмысқа шақырды.осы жағдайдағы сенің іс әрекетің қандай? ұсынысқа көзқарасың туралы ойыңды бөліс.Келген қонақтардың пікірлерін тыңдау. «Шындық-өмір айнасы» деп аталады.Мұғалім: Ей, адамзат!Тоқта, ойлан! Жүре бермей тырысып.Кетіп қалма залымдармен ығысып.Сен өзіңе басшы қойып дайында,Құран деген кітаптардың ұлысын.Оқушылар, ислам дінінің ұлылығын танып-біліп, тақырыпты ашып біліп отырсыздар. Осыған орай мен сіздерге ой тастағалы отырмынҚазір жастар неге өзге дінге өтеді? /оқушылар пікірі/Мұғалім: Олай болса, оқушылар мына қағиданы есте ұстаңыздар.Діни ұйымдарға еліктеуді ескерту шаралары:1. Көшеде , қоғамдық орындарда бөгде адамдармен сөйлесуден бас тартыңыз.2. Көшеде , қоғамдық орындарда және т б жерлерде діни әдебиеттермен танысуды ұсынса, оны алмауға тырысыңыз. Алған жағдайда ата анаңызға, мектептегі педагогтарға /психолог, әлеуметтік педагог т б/ көрсетіңіз.3. Егер бөтен адамдар лекция тыңдауға , семинарға қатысуға , таныс емес жерлерге шақыратын болса, барудан бас тартыңыз. Мекен жайыңыз, телефондарыңыз , жақын адамдарыңыз жайлы ақпарат бермеңіз4. Егер сізді адамдардың рухани өмірі , дін қызықтыратын болса, онда сізге көмектесетін ата анаңыз, мектептегі мұғалімдеріңіз. Олар сізге арнайы әдебиеттер ұсынып, әңгіме жүргізеді.5. Егер сіз діншіл адам болсаңыз , онда ата анаңыздың ұсынған дінін қолдаңыз.Қорытынды.Бүгінгі сабағымызда дін, әдет — ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек.Жазушы болсын, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек.Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. Осындай тілекпен бүгінгі қоғамымызды дөп басар кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақатты өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.Оян, қазақ!Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,Дініңді сен ардақтағын, құнтта!Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,Қателесіп жаман жолмен былықпа!

Тыңдағандарыңызға рахмет!

№5 мектеп-лицей

«Жат ағымдардан сақ болайық»(Семинар-сабақ)

Сынып : 8 «В»Сынып жетекшісі: Сальменова Г.Т.

2018-2019 оқу жылы







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.