Жасыл университеттің артықшылықтары | Скачать Реферат

0
118

Жасыл университтер – қазіргі заманның жаңа университеттері

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жасыл университтер құрудың әлемдік тәжірибесі
2. Қазақ гуманитарлық заң университеті – жасыл университет жаршысы
3. Жасыл университеттерді дамытудың негізгі пайдалы тұстары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жоба тақырыбының өзектілігі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арналған кезекті жолдауында табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажеттігін атап көрсеткен болатын. Біз ресурстарды экономикалық өсуді, ауқымды сыртқы саяси және сыртқы экономикалық уағдаластықтарды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның маңызды стратегиялық артықшылығы ретінде пайдалануға тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы және жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс [1] деп Қазақстан-2050 Стратегиясында белгіленген.
Ал, қазіргі жаһандану заманында мемлекеттің алдағы уақытқа арналған стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру – жастардың қолында екенін ескерсек, жоғарғы оқу орны – жастардың ордасы. Ендеше, алға қойған мақсатты орындау үшін, алдымен оқу орындарының көмегімен жастардың санасын ояту қажет.
Жобаның мақсаты – Жасыл университтерді қазіргі заманның жаңа университеттері ретінде таныстыру, Қазақ гуманитарлық заң университеті мысалында Жасыл университтерді қалыптастыру және дамыту мәселесіне тоқталу.
Осыған орай, мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
– Жасыл университтер құрудың әлемдік тәжірибесіне шолу;
– Қазақ гуманитарлық заң университеті – жасыл университет жаршысы ретінде қарастыру;
– Жасыл университеттерді дамытудың негізгі пайдалы тұстарына талдау жасау.
Жобаны жазу барысында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауын басты құжат ретінде қарастырып, сонымен бірге әлемнің жетекші оқу орындарының әлеуметтегі желідегі парақшаларымен толық таныстым, Қазақстан Республикасының периодикалық газет-журналдарын сараладым және өткізілген халықаралық ғылыми конференциялардың жинақтарын көмекші құрал ретінде пайдаландым.

1. Жасыл университтер құрудың әлемдік тәжірибесі

Жасыл университет – Green campus концепциясы әлемдік тәжірибеде кең қолданыс табуда. Шетелдік университеттер: Гарвард, Лондон экономика мектебі, Малайзия, Копенгаген университеттері, Еуропаның танымал оқу орындары жасыл экономика мен тұрақты даму принциптерін күн тәртібінің ең басты мәселесі ретінде қарастырады [2]. Жасыл университет – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бағдарламаларды: көмірқышқыл газы көлемін азайту, қалдықтарды бөліп жинау, су мен электр энергиясын үнемдеп, экологиялық инфрақұрылымды, экологиялық сананы қалыптастырушы ЖОО болып табылады. Бұл университеттің студенттері табиғат аясына аяушылықпен қарап, оның құндылықтарын сақтау мақсатында түрлі акциялар мен жоба, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араласады.
Ағымдағы жылдың 20-22 маусымында Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) БҰҰ-ның қамқорымен бүкіләлемдік Рио+20 конференциясы өтті. БҰҰ тұрақты даму бойынша Рио+20 Жаһандық саммитінің ресми бағдарламасына ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жасыл көпір және G-Global жаһандық идеяларын қолдауда – Ұрпақтар арқылы жасыл көпір жеке секциясы өтті.
Жаһандық қарсылықтардың алдын алу үшін қажетті ғылыми дәлелденген және иновациялық процестер ретінде, Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасын қолдауға бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Олардың негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру әрі тұрақты және энергоэкологиялық даму проблемаларын шешудің инновациялық шешімдерін, сонымен қатар, жасыл технологиялар саласындағы жаңа идеяларды әзірлеу бойынша азаматтық қоғамда жастардың ролін күшейту негізінде тұрақты даму және энергоэкономикалық қауіпсіздік саласында озық әлемдік ғылыми мектептердің әлеуетін біріктіру идеясы жатыр [3].
Экономиканың жоғары технологиялық экологизациясын қамтамасыз етуге және осы процестерді басқаруға; экономика-энергетика-экология аймақтық және ұлттық циклын оңтайландыру бойынша зерттеулер жүргізуге қабілетті мамандарды дайындау бойынша тәжірибелік іс-шаралар кешенін әзірлеу ұсынылған болатын.
Сынақ жобасы ретінде әлем университеттерінің кампустарын жасыл экономика орталықтарына айналдыру бойынша және университеттерді ақылды университеттер арқылы қалалар («smart universities in the center of smart cities») орталығына айналдыру бойынша жолдарды іздестіру жөнінде жасыл кампусқа арналған жасыл көпір («Green Bridge for Green Campus») әмбебап стратегисяын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

2. Қазақ гуманитарлық заң университеті – жасыл университет жаршысы

Ал, біздің білім ошағымыз – Қазақ гуманитарлық заң университеті де – жасыл университет жаршысы. Мемлекеттің жасыл экономикаға бағытталған мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға ат салысушы қара шаңырақ. Бұған дәлел ретінде, университетте жүргізіліп жатқан іс-шараларды айтуға болады [4]. Жыл сайын өткізілетін халықаралық конференциясы кезінде, жасыл университет құруға бағытталған бағдарламалар алыс-жақын шетел … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz