Жасыл шырша жанында — Сценарилер — Bilim

0

Жасыл шырша жанында

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шарбақты селосы

Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Алимбаева Айнур Қаруанқызы

Өтетін жері: Спортзал 

Өтетін күні: 26.12-27.12.2017

Өтетін уақыты: 10.00

Қатысушылар: Снежная королева,  Аяз ата мен Ақшақар, құбыжықтар

Тауық ортада жүреді.

(балалармен «Шеп шеп шөжаларым» биі билеп жатқанда музыка үзіліп қалып, (ұйытқыған боран дауысы естіледі). Сол кезде ортаға Қар ханшайымы шығады.)

1 Қар ханшайымы: (Лязат) Мына менің шахарыма неге жиналып алғансыңдар?

Тауық (Асель): Біз жаңа жылды күтіп жүрміз.

Қар ханшайымы: (Лязат) Бұл шахар тек қана менікі. Мен не айтсам соны ғана орындайсыңдар аха, ха,ха, ха, ха!!!

Сендерде ешқандай жаңа жыл болмайды.

Неменеге жиналып көңіл көтеріп жатырсыңдар

х а ха ха.

Снежикалар би

(аттың шабысы қоңыраумен, жылқының кісінеген дауысы естіледі)

Аяз ата мен Ақшақар, жаңа жыл, ортаға бары шығады.

Аяз ата мен Ақшақар: (Аң-таң болып,таңғалып бір елге тап болады.)

Аяз ата: О, неткен ғажап еді мында не болып жатыр  қане балалардың мерекесін қызықтайық Ақшақар солай емес пе?

Ақшақар:  Иа, иа, Ата қандай ғажап ел өзі

Ата мында шырша жағылмаған балалар көңілсіз жаңа жылдың шыршасын жағайық балалар.

Балалар хормен:

Шырша, шырша таңырқат, Шамдарыңды жарқырат (3 рет)

Аяз ата таяғымен шыршаны жағады.

Шырша жану музыкасы

Аяз ата: Міне, шыршамызда жарқырап тұр. Ендеше шыршаға арнап шырша әнін шырқайық.

Хоровод:  «Шырша жыры»

(Шырша жыры ойнап жатқанда шыршаның түбінде құбыжықтар ақырын тығылып  жүреді.)

Құбыжықтар: Ақырын жаңа жылды ұрлап кетеді.

Аяз ата: Менің жаңа жылымды кім ұрлап кетті.

Ақшақар сен неге қарамадың а, Ақшақар жүр енді барлығымыз бірігіп жаңа жылды іздейік.

(Чук чук Поровозик) музыка шығады

Боран музыкасы.

Қар ханшайымы: ООО ха ха ха бұлар қайда кетті? Мен сендерге кедергі жазайын ОООО ха-ха-ха

(кішкентай Санта-Клаустарды қатырып тастайды.)

Үлкен Санта-Клаус:   Аяз ата, Менің кішкентай Санта-Клаустарымды қар ханшайымы қатырып тастапты. Көмектесіңізші…

Аяз ата: Бұл жалғыз менің қолымнан келмейді. Маған балалар көмектессін.

— Балалар көмектесіңдер ме?

— Ия

Аяз ата: Кәне, барлығымыз мына қимылды қайталайық.

(Аяқпенен топ топ  музыка)

Аяз ата: Ал, енді кішкентай санталарды ерітейін, деп таяғымен түрткен кезде Санталар музыкасы ойнап,өз билерін билейді.

Аяз ата: О, санта клаустар тамаша биледі жарайсыңдар өте өнерлі екенсіңдер

Біз жаңа жылды іздеп жүрміз сендер көрген жоқсыңдарма балалар.

Балалар: жоқ

Онда біз басқа елдерден іздестірейік.

Паравоз музыкасы

Ақшақар: Ата, ата  мен бір елді көріп тұрмын.

Аяз ата: қызым, жаңа жылды осы жерден қарап көрейік.

(Музыка матрешки)

Матрешки: сіздер кімдерді іздеп жүрсіздер?

Аяз ата: жаңа жылды.

Матрешка: Бізде жаңа жылды күтудеміз

Аяз ата: Біз іздестіруді жалғастырайық

Паравоз музыкасы

(Кавказдың музыкасы лезгинка ойналады.)

Аяз ата: Бұл өзі қандай ел екен?

Ақша қар: Ата, мындада өте көңілді балалар көп екен. (Кавказдың музыкасы лезгинка ойналады)

Кавказ елі 4″а» сыныбы билейді.

Назира мұғалім: Сіздер бұл елде не іздеп жүрсіздер?

Аяз ата: Біз жаңа жылды іздеп жүрміз.

Аяз ата: Ақшақар қандай керемет ел қонақжайлы бізді жақсы  қарсы алды, бірақ бұл бишілердің арасында жаңа жылды байқамадым мында да көрінбейді.

(Боран музыкасы ойнап тұрады.)

Қар қаншайымы: Ха,ха,ха іздеңдер іздеңдер бәрібір таба алмайсыңдар. Мен оны ешкім таба алмайтын жерге апарып тастадым.

Аяз ата: Ал, ақшақар көп кешікпей басқа елден жаңа жылды іздеп тауып алайық.Мына поезддың жүрісімен таба алатын түріміз жоқ,оданда қызым ұшақпен іздеп көрейік.

«Ұшақтың музыкасы»

(Аяз ата мен Ақшақар: Ұшаққа отырып тағы ел аралап кетеді.)

Ақшақар: Ата, ата төменде бір елді көріп тұрмын сол жерден, қарап көрейікші.

Аяз ата: Жарайды жарайды қызым көрсек көрейік.

Қар ханшайымы: ойнаға қарап айтады.

Әәәй! мыналар қай елде жүр екен?

Мен маймылға звондайын. Жолдарын бөгесін.

Маймыл шығады. Менің сүйікті тамағымды беріңдер. Әйтпесе, мен сендерді бұл елге кіргізбеймін.

Аяз ата: Балалар маймылдың сүйікті тамағы не еді?

Балалар: банан

Аяз ата: Сен балаларға  бір ойын ойнатсаң саған банан береміз.

Маймыл: маймылдар биі музыкасы

Ақша қар: аяз атаның дорбасынан банан алып береді.

Бір африканец жүгіріп шығады оқушы. Сол кезде уілдеп-шулап африканецтер шығады.

Би 3″а» сыныбы «флешмоб»

Аяз ата: Өте тамаша, қандай керемет балалар!

Аяз ата: Қызым, енді жаңа жылды іздеуге аттанайық.

Ақша қар: Ия, Ата. Енді біз қандай қөлікпен барамыз?

Аяз ата: Сиқырлы кілеммен ұшамыз. (Боран музыкасы ақырындатып қайта қаттылатқан кезде Қар ханшайымы шығады.)

Қар ханшайымы: аха ха хааааа! Айнамнан қарайын қалай ұшпақшы екен мыналар.

Поровоз музыкасы

Ақшақар: ата, ата бұл не?

Аяз ата; Бұл рухани жаңғыру белгісі гой. Демек қазақ еліне келіп қалыппыз гой.

Аяз ата

Қар ханшайымы: ХА ха ха хахаха мында не болып жатыр қандай керемет барлығы да  маған ұнады  Балалар мен сендерге жаңа жылды қайтарам  менде көңіл көтеріп сендермен болғым келеді мен сендерге жаңа жылды қайтарам менің осы жаңа жылды бірге қарсы алайық.

Жаңа жыл музыка

Жаңа жыл Самал шығады

Ал балалар мен де сендерге қонаққа келіп қалдым,мені танисыңдарма мен кіммін балалар иа иа жаңа жылдарың құтты болсын!

Хоровод: в лесу родилась елочка

Аяз ата мен Ақшақар: Ал балалар менің баратын жерім көп тағы басқа қаладарға барайын

Аяз ата: Ал балалар енді біздің  де кететін кезіміз келді.

Сендер сияқты балалар бізді басқа жер де де күтіп отыр.

Ақша қар: Қош сау болыңдар балалар:

Аяз ата, Ақша қар қош сау болыңыңыздар!

(Екеуі кетеді)

Жаңа жыл:   Ал енді балалар жаңа жылға бәріміз қосылып бір тамаша би билейік.

Би биленеді.

(Шар фейрверк)

Барлығы бірге: Келесі жылда кездескенше хош сау болыңыздар!