«Жасыл шырша жанында…» ертеңгілік сценариі
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
«Жасыл шырша жанында…» ертеңгілік сценариі ортаңғы топпен өткізілген.
«Айналайын бөбекжай-бақшасы »КМҚК
«Жасыл шырша жаңында…»«Қошақан» ортаңғы тобының ертеңгілігі
Дайындаған: Ауельбекова Ш.
2018-2019 оқу жылы
Тақырыбы: «Жасыл шырша жаңында»Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру. Эстетикалық тәрбие беру.Кейіпкерлер: , Аяз ата мен Ақшақар, Аққала.Сахна Аяз ата мен Ақшақар әлемімен безендіріледі. Барысы: (Сахна пердесі ашылады. Төрде Аяз ата тағында отырады. Жанында Немересі Ақшақар жүреді. )Аяз ата: Армысыңдар, қонақтар, менің сарайыма қош келдіңдер! Бүгін жаңа жыл мерекесіне балаларды өз сарайыма шақырып едім, олар кешікті ғой. Ақшақар: Аяз ата енді олар келмейтін сияқты андағы сыйлықтарды ашып, тәттілерді өзім жей берейінші.Аяз ата: Тәйт, олай деме, менің балаларым келеді. Олардың әдемі өлеңдерің тыңдағым келіп тұр. -Ақшақар: Ал мен олармен билегім келіп тұр. Шақырушыға Аққаланы бекер жібердіңіз. Оның жүрісің өзіңіз де білесіз ғой. Жәәй, жүреді. Аяз ата: Мүмкін, оларды өзіміз барып әкелмесек болмас. Расында Аққаланы бекер жіберіппін. (Аяз ата, Ақшақар сыртқа шығып кетеді.)Аққала: Аяз ата, Аяз ата, оларды шақырдым. Өздері де жақындап қалды.-Әй, олар қайда кеткен? Кетіп қалғаны ма? Қап, енді балаларға не деймін? Жарайды, өзім бірдемесін қылармын. Құрметті қонақтар! «Қошақан тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық!» (Музыка әуенімен балалар кіреді.)
ХороводЖүргізуші:. Армысыздар, халайық!Бармысыздар, халайық!Жаңа жылды жұп жазбай,Бірге қарсы алайық!Алғашқы әнді бастайық,Қол соғайық, қоштайық.Ән: «Қош келдің, жаңа жылым!»Жүргізуші: Балалар, бүгін ауа-райы өте суық екен. Балалар: Себебі қазір қыс мезгілі. Жүргізуші: Иә, қазір қыс мезгілі. Марғұлан қыс мезгілі жайлы әңгімелеп берші.Марғұлан:Қыс мезгілінде адамдар жылы киінеді. Күннің суығына қарамастан, балалар далада қызыға ойнап, көңілді жүреді. Беттері алмадай боп қызарғанша ойнайды. Қыста ойналатын ойындар маған қатты ұнайды.Жүргізуші: Ал, мерекелік алғашқы тілегімізді Нұрали бастасын.Нұрали: Жаңа жылым мол болсын,Басқан қадам оң болсын.Төрле, төрле, Жаңа жыл.Бізге құтты жыл болсын.
Жүргізуші: Жарайсыңдар. Аққала байқаймын мұнда Аяз ата мен Ақшақар көрінбейді ғой.Аққала: Балалар, ренжімеңдерші, Мен келгенімше олар кетіп қалыпты. (мұңайып, ұялады)!Жүргізуші: Қой мұңайма. Мүмкін олар алысқа ұзай қоймас. Бәріміз, хормен шақырсақ, олар біздің даусымызды естиді. Қайта оралады.Балалар: Аяз ата, Ақшақар (2-3рет)Аяз ата: Ооо, біздің балалар келіп қалған екен ғой. Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен сендерді қуантайын алдарынан шығып едім. Сендердің дауыстарыңды естіп қайта оралдым. Мына шырша шамдары да жағылма сендерді күтіп тұр. Сендер маған жағуға көмектесіндер ме? (Балалар қуана келіседі)-Онда менің сиқырлы сөзімді қайталаңдар.
-Қане, шырша, таңырқат, шамдарыңды жарқырат! (3-рет)
Жүргізуші: Ооо, шыршамыз әдемі. Біздің жігіттер секілді жарқырап кетті ғой.Аққала: Мына жігіттер қайдан келген? Менің киімім аппақ. Ал сендер жылтыраған сұп-сұрсындар. Балалар: Себебі біз роботтармыз..Жүргізуші: Аққала , біздің робботар сен секілді жай жүргенімен, жақсы билей алады. Роботтар биін тамашалаңыздар.Би: «Роботтар»Өлең шумақтары:Әрсен: Қыс — ең тамаша жыл мезгілі. Аяғымыздың асты сықырлаған қарға толы. Ағаштар аппақ тон киген. Барлығы жарырап, күн сәулесі түскенде ерекше шағылысып, әдемі көрінеді. Қыс мезгілі суық болса да, маған ұнайды.Айсұлтан:Біздің балабақшада,Шырша тойы болады.Аяз ата, АқшақарБіздермен мәз болады.
Ғазали: Winter, winter!Let s go roll.Winter, winter!In the snow
Мансұр: Ақша қарға малынып,Аппақ тонын жамылып.Сақалы мен мұртына,Күміс моншақ тағылып.Аяз Ата келдің бе?Балаларды сағынып.Әли:Аяз келді қаһарлыАйналаны қар жапты.Ақ тон киіп орман тұрДәл атамдай салмақты.
Ердәулет: Алақай, алақай,Қар жауып тұр балақай.Жүр шаңанды алып шық,Киіп алып малақай.
Ахмедияр:Достар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Отбасымыз аман болсын. Жаңа жылды үйлерің ойыншыққа толсын. Достарың көп болсын. Аспанымыз ашық, күніміз күлімдеп тұрсын. Алишер:Тақпақ өлең жаттадық,Би үйрендік көрсін депАяз ата шаттанып,Бізге риза болсын деп.
Жүргізуші: Мен жолда дүкенге соғып, өзіме керекті заттар алып едім. Бірақ оларды ата-аналарға сыйлағым келіп тұр. (3-4 сыйлығымды ата-аналарға таратамын)Аққала: Түсімбедім, балалар өнерлерін көрсетіп, еңбекпен сыйлық алады. Қонақтар сыйлықты тегін ала ма? Жүргізуші: Онда сыйлық алған ата-аналарды ортаға шақырайық, өнерлерің көрейік.Аққала: Менің ормандағы достарым боласыңдар. Мына шыршаны айналып билейсіздер. Әуен тоқтағанда алыстағы орындарына жылдамдықпен барып отырасыңдар. Бірақ орындық сіздерге жетіспейді. Өздеріңіз қандай аң болсаңыздар, соған сәйкес қимыл жасайсыздар.(Ата-аналар аңдар атрибуттарын киеді.) Ата-аналар ойыны: «Аңдардың би жарысы»Жүргізуші: Жарайсыздар ата-аналар! Аққала ата-аналар өнерің тамашаладық. Кереметтей биелйді екен. Кезекті әнге берейік. -Балалар, үлкен шыршаның құрметіне ән айтайық.Ән: «Шырша»Ақшақар: Айдан келген айдай роботтарды көрдік. Басқа да жігіттер мен қыздар мен секілді сұлулар екен. Нұрлыай: Біз күннен келген күндей сұлумыз.Жүргізуші: Біздің күннен келген күндей сұлу қыздарымызды биге шақырсақ қайтеді.Би: «Мерекелік көңіл-күй» Өлең шумақтары:Інжу: Қыс мезгілінде асыға күтетін мереке ол — Жаңа жыл. Балалар аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіреді. Аяз ата мен ақшақарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Мен қыс мезгілін өте қатты жақсы көреді.Малика: Скажем громко «Раз два, три,Ну-ка, елочка, гори».Дружно встанем в хоровод, Вместе встреим Новый год!
Арина: Здрваствуй, праздник новогодний,Праздник елки и зимы.Всех друзей своих сегодня,Позовем на елку мы.
Софья:New things to seeNew things to hearNew things to doIn this glad New year.
Нұрлыай:Тілеймін мен бар әлемге,Дос көп болсын жаңа жыл.Ата-әже, әке-шеше,Құтты болсын жаңа жыл.
Бақнұр: Кірді міне, есік қағып жаңа жыл,Ала келді айтылмаған жаңа жыр.Ескі жылмен қоштасаыз әндетіп,Шыршаларды түрлі түсті сәндетіп.Жаңа жылым бақытты мол әкелсін,Бар халыққа қуаныш көп әперсін.Бейбітшілік болып тұрсын елімде,Тыныш болсын ұлан-байтақ жерім де.
Аққала: Мен тағы да ойын ойнағым келіп тұрғаны. Жүргізуші: Ойынын дайын болса, балалар да дайын. Ойын деген балалардың ең сүйікті өнері ғой.Аққала: Менің мұрным ұзын, қолым да ұзыыын. Ішім сондай үлкееен. Көйлегімнің етегі де әдеміііі. Сендерде осындай мұрын бар ма? Ойында маған көрсетіңдер. Шыршаны айнала билейсіңдер. Әуен тоқтаған да мен өз дене мүшелерімнің бірін айтамын. Ал, сендер сол дене мүшелерін арқылы өз жұбынмен жұптасасыңдар.Ойын: «Көңілді достар»Жүргізуші: Балалар, шеңберімізді бұзбайық. Әнімізбен жалғастырайық. Ән: «Жаңа жыл».Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар біздің балалардың өнері сіздерге ұнады ма? Балалар біздің бүгін күніміз сондай қызықты әрі көңілді болды. Солай ма? Олай болса Бақнұр қызымыздың «Көңілі күн» әнін тыңдайық.Аяз ата: Сондай жақсы балалар, ай, жұлдызға пара-пар. Сыйлықтарымды балаларға сыйлауға дайынмын.(Балаларға сыйлықтар таратылады)Жүргізуші: Құрметті қонақтар, Аяз ата сарайынаөткізілген өнерлі балалардың көңілді ертеңгілігі аяқталды. Осылай, керемет өтуге ат салысып жүрген ата — аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Марғұлан:Қыс мезгілінде адамдар жылы киінеді. Күннің суығына қарамастан, балалар далада қызыға ойнап, көңілді жүреді. Беттері алмадай боп қызарғанша ойнайды. Қыста ойналатын ойындар маған қатты ұнайды. | Жүргізуші: Ал, мерекелік алғашқы тілегімізді Нұрали бастасын.Нұрали: Жаңа жылым мол болсын,Басқан қадам оң болсын.Төрле, төрле, Жаңа жыл.Бізге құтты жыл болсын. | |
Әрсен: Қыс — ең тамаша жыл мезгілі. Аяғымыздың асты сықырлаған қарға толы. Ағаштар аппақ тон киген. Барлығы жарырап, күн сәулесі түскенде ерекше шағылысып, әдемі көрінеді. Қыс мезгілі суық болса да, маған ұнайды.Айсұлтан:Біздің балабақшада,Шырша тойы болады.Аяз ата, АқшақарБіздермен мәз болады.Ғазали: Winter, winter!Let s go roll.Winter, winter!In the snow | Мансұр: Ақша қарға малынып,Аппақ тонын жамылып.Сақалы мен мұртына,Күміс моншақ тағылып.Аяз Ата келдің бе?Балаларды сағынып.Әли:Аяз келді қаһарлыАйналаны қар жапты.Ақ тон киіп орман тұрДәл атамдай салмақты.Ердәулет: Алақай, алақай,Қар жауып тұр балақай.Жүр шаңанды алып шық,Киіп алып малақай. | Ахмедияр:Достар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Отбасымыз аман болсын. Жаңа жылды үйлерің ойыншыққа толсын. Достарың көп болсын. Аспанымыз ашық, күніміз күлімдеп тұрсын. Алишер:Тақпақ өлең жаттадық,Би үйрендік көрсін депАяз ата шаттанып,Бізге риза болсын деп. |
Інжу: Қыс мезгілінде асыға күтетін мереке ол — Жаңа жыл. Балалар аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіреді. Аяз ата мен ақшақарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Мен қыс мезгілін өте қатты жақсы көреді.Малика: Скажем громко «Раз два, три,Ну-ка, елочка, гори».Дружно встанем в хоровод, Вместе встреим Новый год! | Арина: Здрваствуй, праздник новогодний,Праздник елки и зимы.Всех друзей своих сегодня,Позовем на елку мы.Софья:New things to seeNew things to hearNew things to doIn this glad New year.Нұрлыай:Тілеймін мен бар әлемге,Дос көп болсын жаңа жыл.Ата-әже, әке-шеше,Құтты болсын жаңа жыл. | .Бақнұр: Кірді міне, есік қағып жаңа жыл,Ала келді айтылмаған жаңа жыр.Ескі жылмен қоштасаыз әндетіп,Шыршаларды түрлі түсті сәндетіп.Жаңа жылым бақытты мол әкелсін,Бар халыққа қуаныш көп әперсін.Бейбітшілік болып тұрсын елімде,Тыныш болсын ұлан-байтақ жерім де. |
1.ХороводЖүргізуші:.сәлемдесу 2 Ән: «Қош келдің, жаңа жылым!»Жүргізуші: Марғұлан: Нұрали:
3. Балалар Аяз ата, Ақшақар шақыру 4. -Қане, шырша, таңырқат, шамдарыңды жарқырат! (3-рет)
5 Би: «Роботтар»6. Өлең шумақтары: 7 бала
7. Ата-аналар ойыны: «Аңдардың би жарысы»8. Ән: «Шырша»9. Би: «Мерекелік көңіл-күй» 10. Өлең шумақтары:11. Ойын: «Көңілді достар»12. Ән: «Жаңа жыл».13. «Көңілі күн» әнін тыңдайық.Аяз ата: Сондай жақсы балалар, ай, жұлдызға пара-пар. Сыйлықтарымды балаларға сыйлауға дайынмын.(Балаларға сыйлықтар таратылады)Жүргізуші: Құрметті қонақтар, Аяз ата сарайынаөткізілген өнерлі балалардың көңілді ертеңгілігі аяқталды. Осылай, керемет өтуге ат салысып жүрген ата — аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.