Жас ерекшеліктері психологиясы слайд,презентация
Жас ерекшеліктері психологиясы слайд,презентация
Жас ерекшеліктері психологиясы адамның бүкіл өмір бойындағы психикалық қасиеттері мен тұлғасының даму үдерісін зерттейді. Жас ерекшеліктері психологиясының бұл бөлімінде бала дамуының заңдылықтары мен фактілері анықталады.
Жас ерекшеліктері психологиясының психологияның басқа салаларынан басты айырмашылығы – даму қарқынына басым көңіл бөлінуі. Сондықтан оны генетикалық психология (грек тілінде «генезис» — шығу тегі, қалыптасу) деп атайды.
Жас ерекшеліктер психологиясы психологияның басқа салаларымен:
Жалпы психологиямен
Тұлға психологиясымен
Әлеуметтік педагогикалық және дифференциялдық психологиясымен тығыз байланысты. Жалпы психологияда психикалық қасиеттер –қабылдау, ойлау, сөйлеу тілі, ес, зейін, қиял зерттеледі.
Жас ерекшеліктері психологиясы – баланың даму үдерісін қарастыра отырып, ол әртүрлі жас кезеңдеріне сипаттама береді, «жас» және «балалық шақ» деген ұғымдарды қолданылады.
Жас немесе жас кезеңі дегеніміз – бала дамуындағы өз құрылымы мен қарқыны бар цикл.
Психологиялық жас жекелеген баланың оның туылу туралы куәлігінде, кейінірек төлқұжатында жазылған хронологиялық жасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Өзінің қайталанбас мазмұны – баланың тұлғасы мен психикалық қасиеттерінң даму ерекшеліктері, оның айналасындағы адамдармен өзара қатынастарының ерекшеліктері және ол үшін басты болып табылатын іс-әрекеті бар жас кезеңінің белгілі бір шектері бар.
Екіншіден, бастапқы жас кезеңдері балалық шақты – негізінен ересек өмірге, өздігінен еңбек етуге дайындық болып табылатын тұтас бір дәуірді құрайды.
Балалық шақ – дәстүрлі түрде жас ерекшеліктері психологиясының бірінші бөліміретіндегі балалар психологиясы баланың туылғаннан . Жасқа дейінгі даму үдерісін қамтиды. Алғашқы қауымдық қоғамдағы балалық шақ қысқа, ал орта ғасырларда ұзағырақ болған, қазіргі заманғы баланың балалық шағы одан да ұзағыраққа созылды. Өзіне тән ерекшелігі бала өмір сүріп, оқып және тәрбиеленіп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық деңгейімен анықталады.