Бағыты: Балабақша Бөлімі: Конспект Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-29
Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топ балаларға арналған жаратылыстану пәнінен конспект. балабақша тәрбиешілеріне арналған.
Пән: ЖаратылыстануӨтпелі тақырып:Аңдар қалай қыстайды?Тақырыбы: Орман мекендеушілерМақсаттары: 1.Тәрбиелік: Табиғаттың бір бөлігі-жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. 2.Дамытушылық: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі туралы ойларын дамыту. 3.Оқыту: Жануарларды танып атай білуге үйрету.Педагогикалық технологиялар:саяхаттау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын т.б.Ресурстармен қамтамасыз ету:Жабайы аңдар, олардың балаларының суреттері, ойыншықтар, мнемо кесте т.б.Билингвалдық компонент: жабайы аңдар-дикие животные;Сөздік жұмыс: жабайы аңдар.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысыІ.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)Балалар, бүгін бізде ерекше күн. (Есік қағылып, ішке сиқыршы кіреді. Балалармен амандасады).Сиқыршы:- Балалар мен сендердің тілектеріңді орындау үшін әдейі келдім. Қандай тілектерің бар? (Балалар ойланады).— Балалар, саяхатқа шыққыларың келмей ме? (Балалар қуана келіседі). Олай болса сиқыршы біздерді орманға апарсын.Сиқыршы: — Жарайды балалар, ендеше көздеріңді жұмыңдар.(Балалар көздерін жұмады. Сиқыршы сиқырлы сөздерін айтады. Балалар көздерін ашқанда, орман бейнесіне тап болады.Сиқыршы балалармен қоштасып кетіп қалады).ІІ. Негізі бөлімі1.ӘңгімелесуБалалар біздер қайда тұрмыз?Орманда ағаштардан басқа нелер бар? Ағаштардың түбіне , бұтақтарына мән беріп қараңдаршы?— Ағаштың түбінде аю ұйықтап жатыр.— Дұрыс айтасыңдар. Бұл – аю.Балалардан аю туралы білетіндерін сұрау.Балалардың жауаптарын тыңдап, толықтыру. Аю баласы қонжық екені,өмір сүруі, қоректенуі т.б. мағлұматтар түсіндіріледі. Балалар қасқыр, түлкі және қоянды көргендерін айтады.Сұрақ – жауап арқылы суреттерді пайдалана отырып аңдардың жыл мезгіліне қарай тіршілік етуі, немен қоректенетіндігі жайлы түсіндіру.Аю – қонжық, қасқыр – бөлтірік, түлкі – мыршай, қоян – көжек.Балалар, кім жабайы аңдар туралы тақпақ біледі екен. Кім айтады?Ақ қоян- ау, ақ қоян,Үркек қоян , сақ қоян.Қаша берсең қалыңға«Қорқағым» деп ат қоям.Ойыншығым қонжығым,Анасында білмейді.Қорбаңдаған аюдыТүсінде де көрмейді.Балалардың көіңлін бұтақта отырған ерекше аңға аудару.Бұл – тиін. Ол жаңғақты сүйіп жейді. Балалар, орманда аңдар көп екен. Олардың қоршаған орта – табиғат үшін, адамдар үшін пайдасы зор. Сондықтан оларды сақтап, қорғау керек.Балалар біздер балабақшаға қайту үшін мен жасырған жұмбақты шешулерің керек.2.Жұмбақтар:
Айлакер бір қу,
Жүрген жері айқай – шу. (Түлкі).
Ит сияқты пішіні
Төрт түліктің жауы. (Қасқыр).
Қыста ақ, жазда сұры,
Өзі қорқақ, көзі қыли. (Қоян).(Жұмбақ шешеу үшін суреттерді пайдалануға болады).Балаларорындарына жайғасады.Тәрбиеші олардансаяхаттуралы сұрайды.3.Дидактикалық ойын: «Анасыніздеп тап».Шарты:Әр аңның астына сәйкес балаларының суретінтауып қою.4.Мнемокесте арқылы тақпақ жаттау.
Тиінмін мен, тиінмін,
Қыста жылыкиіндім.
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.5.Сергіту жаттығуы.«Сұр қоян» әнін қимылмен орындайды.6.Дидактикалық ойын: «Қалауын тап».Шарты:Әр аңға өзінің сүйікті азығын тауып беру.7.Сөздік жұмыс: Жабайы аңдар — табиғи жағдайда өз бетімен тамақ тауып, тіршілік ететін жануарлар. ІІІ. Қорытынды (2 мин)Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?Біз қайда саяхатқа бардық?Орманда кімдер тұрадыекен?Балалардың ойын жинақтап оқу іс-әрекетін қорытындылау.