Жарақаттар слайд,презентация — Биология
Жарақаттар слайд,презентация
Жарақат – мүшелерде және тіндерде анатомиялық бүтіндіктің физиологиялық қызметтің бұзылуына душар ететін сыртқы (механикалық термиялық химиялық т.б. ) агенттердің денеге қатты әсер етуінен және дененің жергілікті,жалпы реакциясы салдарынан пайда болатын аурулар тобы.
Жабық жарақаттар-
Тері мен тері қабаттарының және кілегейлі қабықтардың жарақаттануынсыз-ақ болатын жарақаттанудың барлық түрлерін айтамыз
Жүре пайда болатын Сынықтар себебіне қарай патологиялық және жарақаттық Сынық болып ажыратылады. Жарақаттық Сынық – сау сүйектің оқыстан күшті механизмі зақым алуы (соққыдан, құлап қалудан, тағы басқа), ал патологиялық Сынық көбінесе жеңіл жарақаттың асқынуы не сүйек тінінің өзінен-өзі ауырып, өзгеріске түсуі салдарынан (остеомиелит, ісік, тағы басқа) болады.
Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.
3дәрежелі күйік терінің үстіңгі қабатының сондай ақ өсу қабаттарының жансыздануымен сипатталады
4дәрежелі теріден басқа тереңде жатқан тіндер де (тері асты шелі бұлшық еттердің сүйектердің) күйеді.