Жарамсыз мәмілелердің түрлері | Скачать Дипломдық жұмыс

0

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … …

1-ТАРАУ МӘМІЛЕ ҰҒЫМЫ

1. Мәмілелердің ұғымы және түрлері
… … … … … … … … … … … … … … … …

2. Мәмілелердің нысаны және олардың маңызы
… … … … … … … … … … …

3. Жарамсыз
мәмілелер … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … …

2-ТАРАУ МӘМІЛЕЛЕРДІ НОТАРИАЛДЫ КУӘЛАНДЫРУ

Нотариалдық
қызмет … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … …

Мүлікті иеліктен алу туралы шартты
куәландыру … … … … … … . … … … ..

Мүлікті пайдалануға немесе жалға беру, мүлікті бөлу туралы шарттарды
куәландыру
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… …

Некелік келісім — шарттарды куәландыру
… … … … … … … … … … … … …

Өсиетті
куәландыру … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … ..

Сенімхаттарды куәландыру
… … … … … … … … … … … … … … … … … … …

Даулы мәмілелерді сотта
шешу … … … … … … … … … … … … … … … … … …

ҚОРЫТЫНДЫ
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … …

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
… … … … … … … … … … … … … …

КІРІСПЕ

Қазақ елі, жері талай тарихи жағдайларды бастан кешірді. Тек
жиырмасыншы ғасырда ғана біздің тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік
айдынға алып шығуға мүмкіндік туды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң
жарияланды. Қияметті де, қиянатты соңғы жылдарда бұған дейінгі жүздеген
ұрпақтың қолы жетпеген егеменді мемлекет құрылды. Біздің елді енді ешқандай
да тарих желі жер бетінен жойып жібермейтіндігіне кепілдік туды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әлемдегі дағдарыс Қазақстан халқына
апат ауқымдылықтың саямақ — салдарын сезіндірді. Ұлт пен мемлекеттің аман
қалуының жалғыз жолы — делінген, Ел Президентінің Еліміздің жаңа
ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі туралы Қазақстан халқына
Жолдауында, экономиканы ашық ұстау — әлемдегі қуатты экономикалық
аймақтармен ықпалдаса араласып — құраласу. Айрықша жолды ойлап табуға
тырысушылық экономикада ғана емес, саясатта да жарға жатпай қоймайды.
Қазақстан әлемдік тенденцияға қарсы тұра алмақ емес. Ашық қоғамды
демократиясыз құруға болмайды
Құқықтық мемлекет құру және қоғамдық өмірде демократиялық
бастамаларды жаңғырту жалпы адамзат құндылықтарын, соның ішінде
адамның бостандығы, өмірі, денсаулығы, ар — намысы, ожданы, құқықтары мен
мүдделерін мойындауды қажет етеді. Конституцияда Қазақстан Республикасы
өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтыратыны ерекше аталып көрсетіледі. Осыған орай, елдегі саяси
жүйедегі реформалар өмірді барлық қырынан демократиялай отырып, жеке адам
мүддесін ұжым, бүкіл қоғам мүддесімен ұштастыруға, сондай — ақ адамды
қоғамдық дамудың орталығына қоя отырып, оның дұрыс өмір сүруі және еңбек
ете алу жағдайын қамтамасыз етуде, әлеуметтік әділетілікті, саяси
бостандықты орнатуға, адамның жан — жақты дамуына және рухани
баюына мүмкіндіктер жасауға бағытталады. Адамзаттық факторлар,
адамзаттық өлшемдер, барлығы да саяси реформаның қорғаушы күші бола
алады, жаңа тарихи жағдайда саяси көзқарастардың мазмұны мен мәнін
анықтай түседі. Ал жаңа саяси көзқарастар жалпы адамзат құндылықтарына,
құқықтарға, кең халықаралық ұйымдастықтарға сүйенуі тиіс.
Ел экономикасын көтеру алдында ел басының атқарар еңбегі мол. Ел
басының Қазақстан халқына жолдауында: Ел мұраты: ұлттық біртұтастық,
әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл — ақуаты
артқан тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанда сондау — деп
арнайы көрсетілген. Бұл құжатта тәуелсіздіктің тарихына талдау жасалынған
және ұлттық қауіпсіздікке қатер төнуін болдармау жөніндегі егемен Қазақстан
қызметтерінің басты бағыттары белгіленген.
Мәмілелер, шарттардың экономикалық қатынастағы, азаматтық айналымдағы
орны ерекше. Әр азамат, заңды тұлғалар күніне бірнеше рет азаматтық
қатынасқа түсіп, құқықтар мен міндеттерді атқарады. Түрлі мәмілелер мен
келісімдерге келудің нәтижесінде сан мындаған тауар алмасу операциялары
іске асады. Іс – тәжірибеде мәмілеге байланысты көптеген жайсыз сұрақтар
жиі туындайды.
Мәмілелерді заңдастыру, құқықтық аспектілерді қамту, азаматтық
қатынасқа баға беру, заңнамаларды жетілдіру уақыт талабы болып отыр.
Операциялардың құқықтық жақтарын игеру, білу мәмілелерді жасау, орындау
барысында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу, мүмкіндігінше болдыртпау,
санын азайту жағдайын қалыптастыра алады. Мәмілеге түсуші әріптестердің ара
қатынасын анықтайтын заңды құжаттарды кәсіби рәсімдеу құқықтық мәселелерді
тиімді шешудің кепілі болмақ.
Жоғарыда айтылған жағдайлар мәміленің мазмұны, жарамдылық негіздері,
рәсімдеу, дауларды қараудың тәртібі, тақырыбын өзектілігін айқындай түседі.
Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға
қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін,
жеке істерге кімнің болса да озбарлықпен араласуына жол беруге
болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан
келтірген құқықтардың қалпына келтіруін, оларды соттың қорғауын
қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз
еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге
асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін
анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез — келген жағдайларын
белгілеуде ерікті.
Қазіргі нарықтық қатынасты игеруде заман талабына сай мәмілелер жасау,
оларды құқықтық реттеу қоғамымызда елеулі қиындықтар тудыратыны баршаға
мәлім. Мәмілені жасаудың жалпы тәртібі, жарамдылық негіздері жеткілікті
зерттелген десек күмән туғызбас, ал мәмілелерге байланысты дауларды сотқа
дейін, сотта шешу, сот тәжірибесінде жиі кездесетін жекеленген мәмілелерді
жасау, міндеттемелерді орындау барысындағы құқықтық мәселелер әлі өз
шешімін толық тапқан жоқ, арнайы ғылыми еңбектерің тапшылығын аңғаруға
болады. Сондықтан да ғылыми ізденістер жүргізуде мәмілеге, оның
жарамдылығына түсінік беру, нотариалды куәлендыру, дауларды сотта қарау
тәртібін анықтауды дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты етіп алдық. Осы
аталған мақсатқа жету үшін мына міндеттер туындайды:
мәміле ұғымына түсінік беру түрлерін анықтау;
мәмілелердің жарамдылық негіздерін ашу;
мәмілеленің жарамдылығының нәтижелерін біліп, олардан қорғану шараларын
табу;

мәмілелерді нотариалды куәландыру тәртібін баяндау;
мәмілеге байланысты туындайтын дауларды сотта қараудың тәртібін,
сотта кездестін құқықтық мәселелерді анықтау.
Жұмысты жүргізуде диалектикалық — материалистік заңдарды, таным,
салыстырмалы құқықтық нақты — әлеуметтік, логикалық әдістерді қолданылып,
кейбір жағдайда барлық салалардың бастауы философия ғылымына сүйендік.
Мәміле жасаудың тәртібі, оны нотариалды куәландыру, сотта істі
қарауға байланысты туындайтын қатынастар зерттеу объектісі ретінде
көрініс тапты. Ізденушінің ғылым жолындағы алғашқы қадамы, мәміле
жасаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы талпыныстар
жұмыстың теориялық маңыздылығын құрайды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығына келсек, жұмыстың
көмегімен азаматтық айналымда мәмілелерді дұрыс, әрі заңды жасау —
қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, мәмілеге байланысты
дауларды шешу мәміле жасаудағы, құжаттарды дұрыс рәсімдеу мүмкіндігін
жүзеге асыруға болады.
Зерттелу барысында психология, логика, философия, азаматтық құқық,
мемлекет және құқық теориясы, азаматтық іс жургізу құқығы ғылымдары бойынша
Қазақстан Республикасының белгілі ғалымдарының еңбектеріне сүйендік. Атап
айтсақ, С.З.Зиманов, С.С.Сариев, Г.С.Мауленов, З.О.Ашитов,
Г.И.Тулеугалиев, М.К.Александров-Долышк, Я.Ә.Әубакіров және т.б.
Дипломық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және қолданылған
әдебиеттер тізімдерінен тұрады.

1-ТАРАУ МӘМІЛЕ ҰҒЫМЫ

1.1 Мәміленің ұғымы мен түрлері

Заңды фактінің бір түрі мәміле болып табылады. Азаматтық
айналымда мәміле арқылы құқықтық қатынастар үздіксіз туындап, дамып
отырады.
Азаматтық кодекстіц 147-бабында, мәміле азаматтар мен заңды
тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерін белгілеу, өзгерту
немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер деп белгіленген. Сәйкесінше, мәміле
дегеніміз субъектілердің белгілі мақсатты көздеген әрекеттері, оның
негізгі мақсаты азаматтың құқықтары мен міндеттерін анықтау (мысалы,
мүлікті сыйлау кезінде мүлікке меншік құқығы сыйға тартудан сыйды алушыға
көшеді), бұл құқықтар мен міндеттердің өзгеруі (мысалы, жалға берілген
мүлікті қайтарып беруді кейінге қалдыруды тараптар өзара келіседі), немесе
олардың тоқтатылуы (несие беруші борышқорды қарыздан босату).
Мәмілелерге мынадай белгілер тән:
1) тұлғаның ерік (тілек пен ниет) білдіруі;
2) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;
3) қандай да бір заңды құқық жасауға бағытталған (азаматтық
құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы);
4) мәміле әрқашанда құқықтық салдар тудырады.
Цивилистерді, әруақытта, заңды факт туралы мәмілені моральды
-табиғи, жеке — тұрмыстық сипаттағы әрекеттерден ажырата алу мазалайтын.
Бұл мәселе, сонау римдік құқықта да өз шешімін таба алмай, Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі қабылдаған кезде де өзектілігін жоймады.
О.С.Иоффе құқықтың және кез — келген құқықтық емес реттеу салаларын
зерттеу керек деп ептейді. Ажырата алу үшін құқықтық реттеудің түрлі
салалары ескерілуі қажет.

Ю.Г.Басин өзініц еңбегінде, мүліктік қатынастарды құқықтық реттеуді
әлемдік іс – тәжірибеде заңды нәтижеге жетуге тура бағытталған құқық
тудыратын әрекет түріндегі мәмілелерді тұрмыстық, отбасы, үй қызметімен
немесе жақын адамдарға басқа да көмек көрсетуден ажыратады. Әдетте мұндай
әрекеттер нысаны, мазмұны, нәтижесі жағынан алғанда мемлекеттік
мәіжбүрлеуді қажет етпейді.
Достық этика нормалары қолданылады. Азаматтық кодексті жетілдіру
мақсатында Ю.Г.Басин келесі ұйымдастыруды айтады: Ұқсас жағдайлардың
арасындағы шекті анықтау үшін мәмілеге қатысты басқа келесі мазмұндағы
тармақты енгізу қажет: Егер де тараптар өз келісімдеріне заңда маңыз
бермейтін болса, туысқандары, достары немесе басқа жақындары арасындағы
тұрмыстық қызмет, не ортақ тұрмыстық жұмыс істеуге бағытталған әрекеттер
мәміле деп есептелінбейді.
Мұндай жерде ағылшын — американдық құқықтық жүйеге тән қағиданы айтып
кету қажет — ақ. ҚР Азаматтық кодексінің 384-бабына түсініктеме бергенде
М.К.Сулеменов: Қарсы жақты ұсыныс білдіру ұғымы ағылшын — американдық
құқықта соnsideration деген ұғыммен кеңінен қолданылады. Онда
соnsideration кез-келген шарт үшін бастыталап. Соnsideration — сыз шарт,
заңды күші бар шарт болып есептелінбейді, — деп ұсыныс келтіреді.
Ағылшын — американдық құқықта контрактының жарамдылығы үшін
міндетті түрде қарсы жақтың ұынысы берілуі (соnsideration) қажет, ол
мүліктін әрекетін жауап беру, яғни өз құқықтарына не бас тартады не
жоғалтады, — дейді Ю.Г. Басин1. Мүліктің иесі өз мүлкін басқаға тегін бере
алады, бірақ соnsideration болмайынша мүлік тегін беру жөніндегі келісімнің
заңды күші жоқ. Мұндай контрактіге қойылатын талап Францияда да
қолданылады.
Осыған байланысты А.Г Диденконың да өз ұсыныстары да бар:
Cоnsideration — ды ақылылық (возмездностъ) қателесіп бір ұғым деп
түсінгендікті есептемегенде (соnsideration ағылшын —
американдық
құқықта тек материалдық құндылықтарды, қызметі және білдіріп қана қоймай,
қандай да әрекеттен, не құқықтан тежеу дегенді білдіреді), отандық
азаматтық құқықтық шарт механизіміне бұл ұғымды енгізуге әдістемелік
жағынан жол берілмейді… Кейбір біртектес мәмілелер континентальды құқық
бойынша қорғауға жатады, ал ағылшын -американдық құқықта ниет бойынша
қарсыласын қанағаттандыру жоқ.
Соnsideration ұғымы романо — германдық құқықтық жүйеге енгізу
дәстүрлі және жақсы істейтін норманы құрып, бізде қалыптасып келе жатқан
құқықтық жүйені бұзады.
Аталған жайға орай Ю.Г. Басин өз еңбегінде келесі мысалды келтіреді:
Сот практикасында жоғарғы қауіптілік кездерінен келген шығынды өндіру
туралы іс қаралған. Азамат өз жолдасына сатып алған қымбат вазанын құның
төлеуді талап етеді. Талап арызды қараудан бас тартады. Бұл мысал
қарастырылып отырған жағдайды нақты ажыратуға сай емес.
Ойланып отырсақ, азамат үшін оның вазасы қалай көрсетілген орынға
жеткізілетініне бәрібір сияқты: автомобиль мен таксимен бе. Сол сияқты үйді
кім жөндейтіндігі қызықтырмайтын сияқты: көрші, не маман медігер ме; затты
кім апаруы досы — иесі немесе комиссиялық дүкен.
Аталған жағдайда нәтиже басты нәрсе. Сондықтан тапсырма дауға, жұмыс
атқарушыға, затты жарамсыз және т.б. жүзеге асыру үшін ұсынушы тарап өз
мойнына міндеттер алады, бұл олардың арасында құқықтық қатынастын туындауын
білдіреді.
Мұнан, тасымалдау кезінде мүліктін бұзылуы немесе жолаушыға
тасымалдаудың нәтижесінде денсаулығана зиян келуі немесе сапасыз жұмыс
атқаруды, ұрлаудың нәтижесінде азаматтық заңның негізінде жауапкершіліктің
туындауы тиіс.
Бұл жағдайда Ю.Г. Басиннің туысқан моралъды — табиғи аспектілерін
ескермеуге болмайды. Мұндай жағдайлар, мысалы борышқорға талап
қоюдан өз еркімен несие берушінің бас тартуы түрінде көрінуі мүмкін.
Құқықтық норма қолданылуы тиіс.
Кодексте бұл сұрақтар өздігінше шешілген. Біріншісі, онда тегін
жасалынатын шарттар (АҚ 384 б. 2 т.) ақылы шарттармен бірдей қаралған.
Оларға мыналар жатады:
императивті тегін (сыйға тарту) шарт, ақысыз;
диспозитивті ақысыз (заем, сақтандыру, тапсырма,
сеніп тапсырылған мүлікті басқару);
Сонымен ақысыз шартты заңды емес сипиттағы әрекеттерге жатқызуға
болмайды.
Аталған (тасымалдау, медігерлік, комиссия) шарттарды ақылы шарттарға
жатқызу шарттың мәртебесіне әсер ете алмайды, себебі азаматтық айналымның
қатысушылары өз құқықтарынан бас тартуына құқығы бар. Енді, қатынас
қатысушылардың туыстық қатынасын анықтау қажет, ол әрекетті «заңды » немесе
«заңсыз » деп бөлу үшін керек.
Аталған ережелер бойынша сыйлаушы мен сыйға алушылар арасында туыстық
қатынасы бар, не жоқтығы фактісіне көзқарас бірыңғай. Бұл жағдайлар
құқықтық реттеуді қажет етпейді, олар моральдық — табиғи тұрақтылықпен
шектеледі. Келесі мысал, мүлікті тегін пайдалану шарты өзара жақын
адамдардың арасында жасалады. Азаматтық кодексте тараптарға азаматтық
жауаптылықты жүктей отырып, қатал реттейді. Азаматтық кодекс мүліктік
қатынастарға байланысты туысы, достары және басқалар арасындағы тұрмыстық
қызметіне көмек, ортақ тумыстық қызмет көрсету, не басқа әрекеттер туралы
келісім жасауға бағытталған әрекеттерден өзгеше емес. Сонымен, заңды факті
тудыратын мәміленің моральдық — табиғи, жеке тұрмыстық сипаттағы
әрекеттерден ерекшелігі, мәміленің ақылы, не ақысыз болуы.
Заңды қылықтан мәміле белгілі заңды нәтижелерді туғызуға
бағытталуыменен ерекшеленеді. Заңды қылық заңды нәтиже тудыруға тікелей
бағытталмайды, алайда заңда көрсетілген жағдайда азаматтық құқықтар мен
міндеттер тудырады, өзгертеді, не тоқтатады. Мәміле -заң рұқсат берген
жүріс — тұрыс.
Мәміле заңсыз әрекеттерден өзінің заңдық белгісімен ерекшеленеді.
Заңсыз әрекеттер басқа тұлғаларға зиян әкеледі. Мұндай әрекеттер келтірген
шығынның орнын толтыру қажеттілігіне байланысты азаматтық құқықтар мен
міндеттер тудырады. Бірақ бұл азаматтық құқықтар мен міндеттер мәміленің
нәтижесінде емес, деликтінің, яғни шығынның келуі фактісі негізінде пайда
болады.
Жүріс — тұрыстың заңдылығы мәміленің қажетті белгісі бола тұра,
мәміленің барлық түрінің міндетті түрде заңда көрсетілуін талап етпейді,
керісінше мәміле заңға қайшы келмесе, заң тыйым салған әрекеттерді жасауға
қайшы келмесе, заң тыйым салған әрекеттерді жасауға жол бермесе болғаны.
Мысалы, заң спонсор мен көмек көрсетілетін тараптардың арасындағы
келісімдерді реттемегеніменен де, ондайға жол беріледі. ҚР азаматтық
кодекстің 381 — бабында аралас шарт түрі қарастырылған.
Мәмілені іске асыратын тұлғалаға мәміле азаматық құқықтар мен
міндеттер тудырады. Осы белгісі бойынша мәмілені әкімшілік актілерден
ажыратуға болады. Әкімшілік акт, ол бағынышты тұлғаларға азаматтық құқық
пен міндет тудыратын уәкілетті мемлекеттік органның әрекеті. Мысалы,
мемлекеттік мүлікті басқаратын уәкілетті органның шешімі мемлекеттік
кәсіпорынның мұражайын үш жылға жалға беру туралы шартын ұзартуға
міндеттейді, не тыйым салады.
Мәмілелер мынандай түрлерге бөлінеді:
1) бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар);
2) ақылы және ақысыз;
3) нақты және консенсуалды;
4) казуалды және абстрактілі;
5) шартпен жасалған;
6) биржалық.
Бір жақты мәміле дегеніміз, заңдарға немесе тараптарды келісімен
сәйкес жасалуы үшін бір тараптын ерік білдіруі қажет және сол жергілікті
болатын мәміле. Бір жақты мәмілелердің анағурлым жиі кездесетін түрі —
өсиет қалдыру. Әдетте, бір жақты мәмілелер тым көп бола бермейді. Азаматтық
айналым көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасасу үшін екі тараптың
(екі жақты мәміле) не үш немесе оданда көп тараптың (көп жақты мәміле)
келісілген ерік білдіру қажет.
Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір
— біріне бір нәрсе беру керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады
(мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады). Ал, бір тарап екінші тарапқа
одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз
болып есептеледі.
Консенсуалды мәмілелер (латынша соnsensus — келісім) — келісімге
келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын
мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша res -зат) келісімінің
бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.
Мәмілелерді азамат құқықтану ілімінде каузальдық (себепті) және
абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына
орай құқықтық негіз бен құқықтық мақсатты (causa) еншілейді. Бірақта бір
жағдайда мәміленің жарамдылығы оның негізіне байланысты болса, екінші
жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық). Абстракциялық мәмілелер
өзінің негізінен қол үзгендей көрінеді (аbstrahete — қол үзу, бөліну),
(мысалы, вексельді тапсыру).
Шартпен жасалған мәмілелер қандай да бір нәрсеге тәуелді болып келеді
(оқиға немесе үшінші жақтын әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да
мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтары мен міндеттерінің туындауын
басталу — басталмауы белгісіз мән — жайға байланысты етіп қойса, мәміле
кейінге қалдырылатын шартпен жасалады деп есептеледі (АҚ — тің 150 — бабы,
1 — тармағы). Азаматтық кодекстің 150 — бабының 2 -тармағына сәйкес, егер
тараптар құқықтары мен міндеттемелерінің тоқтатылуын басталу — басталмауы
белгісіз мән — жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын
шартпен жасалады деп есептеледі.
Егер шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап шарттың
басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталады деп танылады, ал
шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс
пиғылмен ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.
Азаматтық кодексте (156 — бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада
айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты
құқықтар мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық
мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы
заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады.
Биржалық мәмілелер делдалдық жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада
тіркелуі тиіс.
Биржалық мәмілелер жасауға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы
биржа төрелігінде қаралады, оның шешіміне сотта дау айытылуы мүмкін.

1.2 Мәміленің нысаны және олардың маңызы

Мәміленің маңызы жақтардың еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен
тұрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша (жай
немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіреді.
Мәмілеге қатусышылардың ерік білдіру әдісін мәміленің нысаны деп
атайды. Егер мәмілеге қатысушалар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда
бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле
орындағанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар чекі, затты сатып
алғанын растайтын құжат және т.б.), сондай — ақ жетон, билет сияқты
растайтын белгілер ұсынады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп —
кетер ештеңе жоқ.
Конклюденттік әрекет (латынша сoncludere — жасау) — сол арқылы
тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа
ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген
реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып табылады (АК — тің 151 -бабының
төртінші тармағы). Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп
кетпес те, жалға берушінің тараптарынан қарсылық бомаса, онда жалға алушы
бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзіміне қарамай — ақ пайдалана беруіне
болады.
Азаматтық кодекстің 152 — бабына сәйкес мәміленің жазбаша түрі бұл
орайда мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа жүз
есептік көрсеткіштен жоғарғы сомаға жасалуы тиіс.
Азаматтық кодекс мәміленіц жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды
шарттарға мән бергенін айта кету керек. Азаматтық кодекстің 152 — бабына
сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттері құқықтарынан өзгеше
туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың
өкілдері қол қоюы керек.
Мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын
пайдалануға жол берілмейді, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің
талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.
Заңда немесе тараптардың келісімімен қосымша тараптар белгіленуі
мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге
жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы талаптарды орыдамау
салдары көзделуге тиіс.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған
құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телесайт — жазба, факс немесе
субъектілердің және олардың ерік білдіруінің мазмұның айқындайтын өзге де
құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше
белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан
өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа адам қол қоя алады.
Соңғының қойған қолын, егер заңда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай
нотариалдық әрекет жасауға құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле
жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерін көрсете отырып, куәландыруға
тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның
орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәмілеледрі жасау кезінің
өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіптік мәмілені орындаған
тараптардың да осындай құқығы бар (АК- тің 152 — бабы).
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген
реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғанан кейін ғана
жасалады деп саналады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстің 157 —
бабының 3 — тармағында көзделген салдармен мәмілені жарамсыз болып қалуына
әкеліп соқтырады. Мысалы, АК — тің 58 — бабының 5 тармағына сәйкес
шаруашылық серіктестік құру туралы құрылған шарты нотариалды куәландыруды
қажет етеді.
Заң талап ететін нысанды қысқарту арқылы бұзуға болмайды. Нотариалды
куәландыруды талап ететін мәміле тек жай жазбаша нысанда, не жазбашаның
орнына ауызша нысанда асауға болмайды. Керісінше, мәміленің тараптарының
өзара келісуімен белгіленген нысандарды күрделендіруге жол берілмейді.
Мысалы, заң бойынша мәміле ауызша жасалу керек болса, тараптар мәмілені
жазбаша нысанда жүргізуге құқылы, тараптар жазбаша мәмілені нотариалды
куәландыруға болады, заң оны талап етпесе де.
Азаматтық кодестің 155-бабына сәйкес кейбір мәмілелер заң құжаттарында
көрсетілуіне сәйкес, мемлекеттік немесе өзге тіркелуге жатады. Бұл
мәмілелер тек оларды тіркегенен кейін жасалады деп саналады. Тіркеу
тараптың тіркеуші органға табыс еткен немесе почта арқылы жолдаған арыз
бойынша жүргізіледі. Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде рәсімделуге тиіс
және заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады. Егер
мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанада жасалса, бірақ
тараптардың бірі оны тіркеуден жалтартса, сот екінші тараптың талап етуімен
мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте мәміле соттың
шешіміне сәйкес тіркеледі. Тіркеуден бас тартқан жақ сот арқылы мәмілені
жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.Мемлекеттік тіркеуден өте отырып,
келесі мәселелерді шешуге болады: Біріншіден, мәмілені толық заңды күші
бар; екіншіден, тіркеу туралы құжат субъектінің мәміленің негізінде
иемденген құқытарын жеткілікті дәрежеде растайды; үшіншіден, тіркеудің
бірыңғай жүйесі мәмілені толығымен есепке алады, нәтижесінде жеке ғана
емес, жалпы мүдде қамтылады; төртіншіден, егер заң тиым салмаса, мәмілені
тіркей отырып, мүдделі тұлғалардың сол, не басқа мәмілемен және одан
туындайтын құқықтармен танысуына мүмкіндік туындайды. Осы арқылы тіркелетін
объектілерге құқықтары және иемдену туралы мәліметтерді ала отырып,
тіркелген обьектіні иемденушімен мәміле жасайтын тұлғаның заңды мүдделерін
қорғауға мүмкіндік туындайды. Бұл мәселе қозғалмайтын мүлікпен байланысты
мәліметтерді тіркеу кезінде маңызды. Мәмілелерді нотариалды тіркеу (АК —
нің 154 бабы, Нотариат туралы Қазақстан Республикасының заңының 8 тарауы)
және оларды мемлекеттік тіркеу -өте ұқсас процедура, бірақ сонда да бір-
бірінен ерекше. Көп жағдайда мәміледен туындайтын құқықтар мемлекеттік
тіркеуді, нотариалдық куәландыруды қажет етеді. Бірақ та нотариалды
куәландыруды қажет ететін барлық мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді қажет ете
бермейді және де мемлекеттік тіркеуге жасатын мәмілелер нотариалды
куәландырыла бермейді. Әдетте, қозғалмайтын мүліктермен жасалынатын
мәмілелер тіркеленеді. Мәміленің толықтығы және күмәнсіздігі мәселесі
негізді күмән тудыратын жай. Іс тәжірибеде банктік несиені қамтамасыз
ететін қозғалмайтын мүлікті кепілге қою тіркелінбей, іс нәтижесіз қалған
жағдайлар жиі кездеседі.
ҚР АК 155 — бабындағы талаптарды толығымен іске асыру үшін
ведомстволық мүддеден тыс, тәуелсіз тіркеу жүйесінің қажеттігі мол. Бұл
жүйе тіркеу объектілері және олармен жасалынған мәмілелер туралы
мәліметтермен тиісті ақыға барлық мүдделі тұлғаларға бас тартпай және тез
арада қамтамасыз етіп отырады.
Мәселені шешудің бір ғана жолы бар, ол нотариустар мен нотариалдық
әрекеттерді жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаның мәмілелерді нотариалды
куәландыру туралы ережелерді бұзудан (нотариат туралы заңның 24
бабы) шығындар келгені үшін, ал мемлекеттік тіркеу органдарын
(немесе мемлекет) мәмілелердің толық еместігінен, күмәнді болуынан
немесе берілмеуінен органға (31 бап Қозғалмайтын мүлікке құқықтарды
мемлекеттік тіркеу туралы жарлық) жүгінген тұлғаларға залал келген
жағдайда жауаптылық тағайындайды.
Қозғалмайтын мүліктермен байтанысты мәмілелер мемлекеттік тіркеуді
қажет етеді. Тіркеу тәртібі Қозғалмайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік
тіркеу туралы жарлықпен реттеледі. Қозғалмайтын мүлікпен байланысты
мәмілелерді мемлекеттік тіркеумен қатар, заң басқа объектілерді, әсіресе
меншік құқығының пайда болуы, өзгеруі, не тоқтатылуына алып келетін
мәмілелерді тіркеуді де қарастырады. Көлік құралдарына да бұл мәселе
қатысты. Көлік құралдарының түріне байланысты тіркеу органы да анықталады.
1998 ж. 30 маусымындағы Қозғалмайтын мүлікті кепілге қоюды тіркеу
туралы заңда қозғалатын мүліктің кепілдігін тіркеу қарастырылған.
Мәмілеге қойылатын талаптарды орындамау, сақтамау нәтижесінде
мәмілелер жарамсыз деп танылады (АК — тың 157 бабы). Ал, мәмілелердің
жазбаша нысаның сақтамаудың нәтижесі қандай деген сауалға нақты жауап беру
қиын. Заңнан екі түрлі жауап алуға болады: біреуін жалпы ереже ретінде
қолданылса, екіншісі — жалпы ережеден ескертпе.
Жалпы ереже: мәміленің жазбаша нысанын сақтамаған жағдайда
жарамсыз деп танылмайды. Егер тараптар мәміленің жасалғандығы және
мазмұны туралы фактіні дауламаса, мәміленің заңдық күші бар. Мәміле
орындауға жатады, оны сақтамаған жағдайда жалпы анықталған жауаптылық
туындайды. Мысалы, АК — тің 152 бабында сомасы 100 айлық есептік
көрсеткіштен асқан мәміле жазбаша нысанда жасалынуы тиіс. Азамат өз
танысына 150 АЕК мөлшерінде ақшаны қарызға берді делік, қарызды қайтарар
сәтте займ жөніндегі фактіні, сомасы, мерзімі жоққа шығарылмай, ақшаны
қайтармайды. Мұндай жағдайда мәміле өзінің заңдық күшін сақтайды және несие
беруші сотқа қарызды мәжбүрлеп өткізуі туралы талап арызымен жүгіне алады.
Алайда, нысан сақталынбады. Заң бұзушылық қандай нәтиже береді?
Егер бір тарап мәміленің жасалғандығын түпкілікті жоққа шығарса
немесе екінші тараптың қойып отырған талаптардың мәміленің мазмұнында
қарастырылғанын терістемесе, орындалуын талап етіп отырған жақ өзінің
айтқандарының рас екендігін растайтын куәнің жауабымен дәлелдей алмайды.
Бірақ та басқа жазбаша дәлеледемелер келтіруі мүмкін. Таныс мысал
келтірсек, борышқор ақшаны қайтармай, сотта несие берушіден тіптен ақша
алмағандығын айтады. Борышқор қарыз берген кезде көрген куәні сотқа ертіп
келеді. Сот мұндай жағдайды ескермеуі тиіс. Егер несие беру борышқордың,
яғни қарызды кешіктергені үшін кешірім сұраған хатын сотқа берсе, онда хат
мәміленің жалғандығын растауы мүмкін, ал борышқор оның орындалуына
мәжбүрлеу шараларын қолданылуын талап етуіне болады.
Сонымен, мәміленің жай жазба нысанын жалпы сақтамау мәміленің жарамсыз
деп, танымауына әкеп соқтыра қоймайды, бірақ дәлілдемелерді қиындатады.
Ережеден басқа жағдайларға жол берілмейді. Егер, мысалға заңда
немесе тараптардың келісімі бойынша мәміленің басқаша нысанының болуы
жөніндегі талапқа, нысанның сақталмауы мәміленің жарамсыз деп танылуына
әкеп соқтырады деген фраза қосылса, онда нысан сақталмаған ретте,
тараптар оны жасағандығы жөніндегі фактіні терістемегенде де мәміленің
заңды күші болмайды.
Мұндай жағдайда мәмілеге қойылатын міндетті талаптарды бұзудың жалпы
зардаптары қолданылады. Мәмілелердің жарамсыз деп тануына байланысты
мұндағы қатысушы қарсы жақтан мәміле бойынша бергендерін қайтарып беруіне
және қайтарып бере алмаған жағдайда келтірілген шығындарды қайтаруын талап
етуге құқылы, яғни екі нақты реституция қолданылуға жатады.
Мәмілені жазбаша нысанда жасамау, оны жарамсыз деп тану қаупін
тудыратын ережелер ҚР АК — тің 294, 331, 337 баптарында қарастырылған.
Қазақстандық және шетел азаматтары және заңды тұлғалардың арасындағы
сыртқы экономикалық, яғни коммерциялық мәмілелер жай жазбаша нысанда
жасалынады.
Талаптар сақталынбаған ретте жоғарыда аталған зардаптар туындырады
(153 — баптын АК). Сыртқы экономикалық мәмілелердің жарамдылығын сақтау
үшін мөрмен, қолмен немесе басқа белгілермен, шарттарда, не заңда басқаша
көрсетілсе, растау міндетті емес.
Мәмілелердің жазбаша нысанының сақталу қажеттілігі заңдардағы талап
болмай тараптардың келісімімен туындаса, тараптар мәмілені жазбаша нысанада
рәсімделмей, мәмілелер күшіне енбейді және де заңды нәтижелер туындамайды.
Тараптардың өзара келісімі болған жағдайда, мәміленің нысаны жөнінде
алғашқы келісімдерін өзгерте алады.
Жоғары айтылғандай, кей жағдайларда жазбаша мәмілелер жасау үшін
мәміленің талаптары қол қойған, құжаттастыру не тиісті құжаттарды
алмастыру, жеткіліксіз. Сонымен қатар тиісті реквизиттерді сақтау керік.
Арнайы белгілерді пайдалану, мәміленіц қатысушыларының қолдары мөрмен
растау және т.б. (АК 152 бап 3 тарау). Тараптармен басқаша келісілмесе,
мәміле нысаның сақтамайды нәтижесінде жарамсыз деп танылады және екі жақты
реституция қолданылады.
Нотариат куәландыру қажет ететін мәмілелердіц нысанын сақтамау (АК —
тің 154-бабы 1 тармақ), мәміленің жарамсыздығын білдіреді және екі жақты
реституция толығымен немесе ішінара орындалса, олар бір біріне мәлімделіу
қайтаруы қажет (АК — тің 157 бабы).
Бұл жалпы ережелер, егер нотариалды куәландыру туралы
талаптарды сақтамай жасалған мәмілелер сотта расталса,қолданылмайды.
Мәміленің жасалғаны және мазмұны шағымдануға жатпайтын фактілер тән
мәмілелер жөнінде сөз қозғалып отыр. Бұл ереже, мәміле нысанының
сақталмағандығына кінәлі қатысушы (не оның құқық қабылдаушысы) кейінен
өзіне бір жағынан тиімсіз болып қалған мәміледен арылу мақсатында, өзінің
құқық бұзушылығын негізге ала отырып, мәмілені жарамсыз деп тануды
қалған жағдайда қатысушы қорғайды. Бұл қатысушының әрекеттерінде АК-
тің 158 — бабы 2 тармағы сақталынбаған.
Мына 3 шарт орындалған жағдайда аталған жалпы ережелер қолданылмайды:
мәміленің мазмұны заңға қайшы болмай, тек заңдағы мәміле нысаны
туралы талап бұзылса;
тым болмағанда бір тарап болсын мәміледегі қызметтерді
(міндеттерді) орындаса;
мәміле үшінші жоқтың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбаса.
ҚР АК — нің 155-6. анықталған мәмілелерді тіркеу туралы талаптар
сақталынбаған ретте бұл мәселе күрделенеді. Баптың мәтінінде айтылғандай,
тіркеуді қажет ететін мәмілелерді тек талап іске асырылған кезде ғана
жасалынған болып табылады. Тиісті дәрежеде рәсімделген мәміле тіркеуден
өткенге дейін толық заңды күшке ие болмайды. АК — тің 155-бабы 2-тармағында
былай дейді: Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда
жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптын
талап етуімен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте
мәміле соттың шешіміне сәйкес тіркеледі.
Мәміле жасалып, бірақ басқа тараптың қаламауымен тіркелмеген кезде
қатысушының мынадай құықтары бар:
1) егер мәміле бойынша қандай да мүлік келесі тарапқа беріліп қойылса,
екі жақты реституцияның қолданылуын талап етуге;
2) талапты сақтаудан бас тартып отырған қатысушының мәмілені мәжбүрлі
тіркеуін соттан талап етуге.
Сот шешімі бойынша тіркеудің екінші жолын таңдаған жағдайда, мәміле
заңдық күшіне енеді және талапты сақтаудан бас тартушы қатысушының еркінен
тыс мәжбүрлі түрде орындайды.
Бұл мәміле жөніндегі заңнамалардағы негізгі ережелері, олар мәміленің
құқықтық негізін жасау тәртібін, мазмұны мен жарамдылық шарттарын
анықтайды. Ережедегі басты жағдай сол, мәміле азаматтық, әсіресе мүліктік
қатынас тудыратын негізгі заңды факт болып қалады. Әрбір азамат және әрбір
заңды тұлға күнделікті, кейде бір рет күніне мәміле жасайды, оларды
орындайды, бірақ барлық уақытта мәміленің құқықтық сипатын сезіне бермейді.
Мәміленің заңды сипатын білу және дұрыс түсіну — экономикалық айналымын
қатысушыларының заңды мүдделерін қорғаудың басты шарты.

1.3 Жарамсыз мәмілелер

Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің
жарамды болуы шарттарына жататындар: мазмұнынаң талаптарына сәйкестігі,
мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен
ерік шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни кез келген құқықтық
нормативтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқық
қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәміле
жарамсыз мәміле болып табылады (АК-тің 18- бабы).
Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір
азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет
қабілеттілігі болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады. Мәміленің
жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру бір бірімен сәйкес келуі керек.
Олардың арасындағы сәйкессіздік мәмілені жарамсыз етіп көрсетеді. Мәміле
оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады, сол арқылы
тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі көрінеді. Мәселен,
оған мәмілені нотариалдық куәландыру (АК-тің 154-бабы) мен (АК-тің 155-
бабы) айтуға болады.
Жарамсыз мәміленің ұғымы. Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық
кодекстің 157-бабында бұл туралы былай делінген: Мәміленің нысанына,
мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына
қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті
мемлекеттік органның, не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз
деп танылуы мүмкін.
Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық құқық теориясында
мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді:
а) субъект құрамының ақауы болатын мәміле;
ә) ерікке қатысты ақауы бар мәміле;
б) нысанның ақауы бар мәміле;
в) мазмұнының ақауы бар мәміле. Азаматтық кодексте мазмұны заң
талаптарымен сәйкес келмейтін кез келген мәміле жарамсыз болатындығы
жөнінде жалпы норма бар (АК-тің 158-бабы).
Субъектілік құрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді. Оның
біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екінші — заңды тұлғалардың
арнайы құқық қабілеттілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен
байланысты болады.
Қатысушылардың жасы мен психикалық жағдайында туындаған әрекеттер
мәміленің жарамсыз болуына басты негіз болып есептеледі.
Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:
а) Азаматтық кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелерді
қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз
болады (АК-тің 159-бабының 3-тармағы);
ә) он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың
ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келісімінсіз
жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар
мәмілелерді қоспағанда, сот ата-анасыныц (асырап алушыларыныц) немесе
қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының
4-тармағы).
б) есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет
қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле жармсыз болады.
Кейіннен әрект қабілеттілігі жоқ деп табылған азамат жасасқан
мәміле(АК-тің 26-бабы), егер мәмілені жасау кезінің өзінде-ақ бұл
азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәленденсе, оның
қорғаншысының талабы бойынша сот мәмілені жарамсыз деп тануы
мүмкін (АК-тің 159-бабының 5-тармағы);
в) сот әрекет қабілетілігін шектеген адам жасасқан мәмілені сот
оның қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін
(АК-тің 159-бабының 6-тармағы);
г) сот әрекет қабілеттілігі болғанымен, мәміле жасаған кезде өз
әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін
жағдайда болған азамат жасақан мәмілені сот азаматтың талабы бойынша, ал
егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс
болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы
мүмкін (АК-тің 154-бабының 7-тармағы);
Жоғарыда аталған мәмілер бойынша әрекет қабілеттілігі бар тарап
жарамсыз мәміленің Азаматтық кодекстің 157-бабының 3 — 6тармақтарында
көзделген салдармен қоса, екінші тараптың залалын оның пайдасына өндіріп
беруі мүмкін. Мұндай міндет әрекет қабілеттілігі бар жаққа, егер ол
екінші жақтың әрекет қабілеттілігі жоқ екендігін білсе, не білуге тиісті
болса ғана жүктеледі.
Азаматтық кодекстің 159 — бабында заңды тұлғалардың жарамсыз мәмілесін
сотпен жарамсыз деп тануға мынадай негіздер қарастырылған:
а) заңды тұлғаның заң актілерінде немесе құрылтай
құжаттарында
нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп не оның
органының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәміле жасауы;
ә) қажетті лицензия алмай не лицензияның қолданылу күшінің
біткеннен кейін жасалған мәміле;
б) теріс пиғылдағы бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп
талаптарын бұзған мәміле.
Ерікті ақауы бар мәмілер екі топқа бөлінеді:
1) мәміле жасауға іштей келіспей жасалған мәміле;
2) ішкі еріктің дұрыс қалыптаспауы салдарынан жасалған мәміле.
Бірінші топқа бір тараптың екіншісін алдау, зорлық, қорқыту
ықпалымен, бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі
нәтижесінде жасаған мәмілер жатады (АК-тің 159-бабының 9, 10 тармақтары).
Ерік ақауы бар жоғарыда аталған мәмілелердің жарамсыз болуының себебі
мәмілені жасауда сол тұлғаның еркі болмайды, әрі ерік білдіруді мәмілеге
қатысушының еркі емес, әлде біреудің ықпалымен болған ерік болып табылады.
Зорлап мәміле жасату дегеніміз, мәмілеге қатысушыны мәжбүрлеп оның
өзіне, не жақындарына күш қолдану (ұрып-соғу жақын адамдарымен қатыстырмау,
бостандығын шектеу және т.б.) немесе жан-дүниесін жаралап мәміле жасауға
көндіру болып табылады. Зорлық заңсыз әрекет болғанымен, кейбір жағдайда
оны жасаушыны қылмыстық жазаға тарту міндет емес.
Қорқыту — тұлғаға мәмілі жасамаған жағдайда оның өзіне немесе жақын
адамдарына дене жарақатын салумен немесе моральдік зиян келтіретіндігін
ескертіп, қоқан-лоқы жасау. Қорқыту зорлықтан мынадай белгілер бойынша
ерекшеленеді:
а) қорқыту — зиян келтірмекші болғанымен әлі жүзеге аса қоймаған
әрекет;
ә) қорқыту құқыққа сай келетін уәдемен (мысалы мен, мүлікке тыйым
салуды қолданамын, жасаған қылмысын хабарлаймын деген тәрізді) көрінуі
мүмкін, сондай-ақ құқыққа сай емес әрекетпен) мүлікті жою, адамның өмірі
мен денсаулығына зиян келтіру) жасалады.
Қорқытудың салдарынан мәмілені жарамсыз деп тану үшін қорқыту құр
сөзбен емес, мәнінде олуы керек. Аталған жағдайлардың бәрі сот істі
қарағанда есепке алынады.
Бір тараптың екіншісімен зұлымдық ниетте келісімге келуі ерік
білдіруде айтқанға көне салмаушылықтан туындайды. Зұлымдық ниеттегі
мәмілеге мынадай мысал келтіруге болады, саяжайды сатушы сатып алушының
өкіліне саяжайдың болашақ иесіне саяжайға байланысты кемшілікті айтып
қоймауын өтініп, келісімге келеді.
Алдау арқылы және жаңылысу немесе кіріптарлықпен жасалатын
мәмілелермен келісушілерге тән нәрсе (АК-тің 159-бабының 8, 9-тармақтары),
жеме-жемге келгенде жағдайдың шылауында кетіп, өзіндік бағытынан айрылып
қалуы дер едік. Алдау дегеніміз мәмілеге қатысушыны көрер көзге
адастырып, қатысушы жақтың бірі екінші жаққа мәміленің тиімділігін асыра
мақтап немесе тиімсіз жағын бүгін қалып (мәселен, сатылғалы тұрған заттың
кемшілігін жасыру немесе сатылмақ үйдің көшесінде трамвай жолы салынғалы
жатыр деп) мәміле жағдайлары жөнінде жалған айтса, міне, бұл алдау болады.
Алдау мен жаңылысудың айырмасына келетін болсақ, алдауда мәміле туралы
теріс ұғым саналы түрде болады.
Азаматтық кодекстің 159-бабының 8-тармағына сәйкес елеулі мәні бар
жаңылысу салдарынан жасалған мәмілені сот жаңылысу әсерімен әрекет еткен
тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мумкін. Мәміленің табиғатына,
ұқсастығына немесе оның өз мақсатына пайдалану мүмкіндігін айтарлықтай
төмендететін мәнінің сапасына қатысты жаңылысудың елеулі мәні болады.
Дәлелдердегі жаңылысу кейінгі қалдыру немесе күшін жою шартты ретінде,
мәміленің мазмұнына осындай дәлелді енгізген кезде ғана мәміле
жарамсыздығының негізгі бола алады (АК-тің 150-бабы). Егер жаңылысу
мәмілеге қатысушының өрескел бейқамдығының салдарынан болса не оны
кәсіпкерлік тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмілеге
қатысушы екінші жақтың мүдделерін ескере отырып, мәмілені жарамсыз деп тану
туралы талаптан бас тартуға құқылы.
Жарамсыз мәміленің тағы бір түрі — кіріптарлық мәміле (АК-тің 159-
бабының 9-тармақтары). Кіріптарлық мәміленің үш белгісі болады:
а) мүлде тиімсіз ауыр мән-жағдайларда жасалуы;
ә) өзі үшін тиімсіз ауыр мән-жағдайлардың орын алуы салдарынан
жасалуы;
б) мәжбүрлі, яғни тұлғаның еркінен тыс жасалуы;
Мұндайда сот жәбірленушінің талабы бойынша ондай мәмілені жарамсыз
деп тануы мүмкін.
Жарамсыз мәміленің келесі түрі — нысанының ақауы бар мәмілелер.
Азаматтық кодекстің 153-бабына орай мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау
оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда
тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік
айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда, тараптар мәміленің
жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлік
айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы. Азаматық кодекстің 153-
бабының 2- тармағында заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде
тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның
жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтыратыны көрсетілген. Егер мәміленің жай
жазба түрі сақталмаса сыртқы экономикалық мәміле (АК-тің 153-бабының 3-
тармағы), айып төлеу келісімі (294бап), кепілді немесе кепіл болушылық
шарты (331-баптың 2- тармағы), кепіл туралы шарт (307-баптың 2 және
-тармақтары) жарамсыз болып қалатыны Азаматтық кодексте анық айтылған.
Азаматтық кодекстің 154-бабына сәйкес мәміле нотариатпен куәландыру
тәртібін сақтамай жасалса, онда жарамсыз деп есептеледі. Дей тұрғанмен
мұндай мәмілелердің бәрін бірдей заң жарамсыз дей бермейді. Айталық,
нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілені тараптар немесе тараптардың
бірі іс жүзінде орындаған болса, ол өзінің мазмұны жағынан заңдарға қайшы
келмесе және үшінші жақтардың құқықтарына бұзбаса, сот мүдделі тараптың
арызы бойынша мәмілені жарамды деп тануға құқылы. Бұл ретте мәмілені
кейіннен нотариаттың куәландыруы талап етілмейді.
Енді мазмұнында ақауы бар мәмілеге келейік, мазмұны заң талаптарына
сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне не адамгершілікке
көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле жарамсыз болады (АК-тің 158-
бабы). Демек заңдарға оның немесе басқа да құқықтық құжаттарға сәйкес
келмеуі белгіленген талаптарды бұзу деп есептеледі.Бұл орайда азаматтық
құқық пен міндет заңға сәйкес жасалған мәміледе ғана туындап қоймайды,
сонымен бірге заңда қаралмаған, бірақ оған қайшы келмейтін мәмілелерде
туындайтындығын есепке алу қажет. Ал мазмұны заңға қайшы мәміленің екі түрі
болады:
а) құқықтық тәртіп негіздеріне немесе адамгершілікке көрінеу
қайшы келетін мәміле (АК-тің158- бабы);
ә) сондай-ақ жалған немесе қулықпен жасалған мәмілелер (АК-тің
160-бабы). Мұндай мәмілелерге мемлекеттің белгілі бір қызмет түріне
монополиялық құқықты бұзатын, азаматтардың құқық қабілеттілігін
шектейтін немесе мүліктің жекелеген түріне меншік құқығына шектейтін
мәмілелер жатады.
Азаматтық кодекстін 60-бабында жалған немесе қулықпен жасалған
мәмілелердің қандай болатыны келтірілген. Сондықтан да заңдық салдар туғызу
ниетін көздемей, тек көз алдау үшін ғана жасалған жалған мәміле жарамсыз
болады. Азаматтық кодекстің аталған бабының 2-тармағына сәйкес егер мәміле
екінші бір мәмілені (қулықпен) бүрмелеу мақсатымен жасалса, тараптар шын
мәнінде ойлаған мәмілеге қатысты ережелерді қолданады. Мысалы, автомашинаны
сату-сатыпалу мәмілесін әлгі көлікті уақытша ақысыз пайдалану немесе
сенімхат беру жолымен рәсімдеу мейлінше кеңінен … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz