Жақсылық жасай білеміз

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Жақсылық жасай білеміз

Автор: Иматаева Жұлдыз Сатыбалдиевна

Бағыты: Мектепалды даярлық Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-11


Материал туралы қысқаша түсінік

«Достық» , «Үйлесімдік» құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту, шынайы дос болуға баулу.
Балаларды бір-бірін құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.




МАД Өзін-өзі тану Мұғалім
Сабақтың тақырыбы Жақсылық жасай білеміз
Сілтеме Өзін-өзі тану оқулығы,ғаламтор,әдістемелік құрал,МАН.
Жалпы мақсаты Сабақтың мақсаты: «Достық» , «Үйлесімдік» құндылықтары туралытүсініктерін кеңейту, шынайы дос болуға баулу.Сабақтың міндеті: Балаларды бір-бірін құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.Көрнекілік: суреттер, үлестірмелер.
Оқу нәтижелері Оқушылар берілген тапсырмаларды орындауды, оларға сұрақ қоя білуді үйренеді, сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айтып, қорытуға үйренеді. Өзін-өзі және басқаларды бағалау дағдысы, топтық ынтымақтастық қалыптасады.
Көрнекілігі Ақ қағаз, оқулық,үлестірме материалдар, жеке суреттер.
Тапсырмалар АКТ. «Жұбын тап» ойыны. Топтық жұмыстар. Шығармашылық тапсырма. Венн диаграммасы.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру

Топқа бөлу

Бейнеролик көрсету арқылы сергіту сәтін орындату.Тыныштық сәті.Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар? Топ ережесін қайталап, еске түсіру. Оқушыларқимыл- қозғалыстарды қайталайды. АКТ

Топ ережесі жазылған постер

Білу Жақсылық жасай білеміз Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды ТақтаЖеке сөздер жазылған қағаздар
Түсіну Мәнерлеп оқуМазмұнымен танысу Оқушылар іштей, дауыстап, тізбектеп оқиды. «Өзін-өзі» оқулығы.
Қолдану Жаңа тақырып бойынша тапсырма1 топ: сурет салу2 топ: өлең жазу3 топ: коллаж Өлеңге сүйеніп сурет салады. «Өзін-өзі тану» оқулығыАқ қағаз, қарындаштар
Талдау Кестемен жұмыс Оқушылар топпен сол сөздерді тауып жазады. оқулық
Сергіту сәті. Енді , балалар, «Мақалдар жарысы» өткізейік. Балаларға мақалдың басы бар,ал аяғын өздері табу керек.1.Досың жоқ болса, ізде, … …  … ( тапсаң оны жоғалтып алма)2.Жүз теңгең болғанша ,… … … ( жүз досың болсын)3. Бірі бәрі үшін … … …  (бәрі бірі үшін)4. Адам доссыз болмайды … … … (ағаш жапырақсыз болмайды)5. Достық —  шыны сияқты, сындырсаң … … … (оны құрай алмайсың)6.Өзің жақсы жолдас болсаң, … … … ( досыңда көп болады) Оқушылар сергіту жаттығуларын жасайды
Жинақтау «Жүрдек пойыз» топ болып сабақта алған білімдерін, ойларын ортаға салады. Тақтаға шығып тапсырманы орындайды Тақта
Рефлексия Тыныштықта отыру.Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға,  маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар. Оқушылар пікір-лерін жазады. Стикерлер
Келесі тапсырма Дәйексөзді жаттап алу Мазмұнын талдайды «Өзін-өзі» оқулығы.
Бағалау. Жиынтық бағалау: оқушыларды мадақтап, бағалау. Смайликтерді санайды. смайликтер







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.