Жаппай қырып жою қарулары слайд,презентация
Жаппай қырып жою қарулары слайд,презентация
Мазмұны:
1 Заманауи жаппай қырып жою қаруларының жалпы сипаттамасы
2 Ядролық қару
3 Ядролық қарудың негізгі зақымдаушы факторлары: а) Екпінді толқын б) Жарықтық сәулелену в) Өткір радиация г) Электромагниттік импульс
4 Қорғану жолдары
5 Пайдаланылған әдебиеттер
Жаппай қырып жою қаруы — жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін колданылатын жою қабілеті жоғары кару. Жаппай қырып жою қаруының жою факторлары оны қолданудан кейін белгілі бір уакытта қарсыласты шығынға ұшыратуы және оған күшті моральдық, психологиялық әсер етуі мүмкін.
Жаппай қырып жою қаруының объектілері тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге қарсыластың алыстағы тылы, саяси әкімшілік орталықтары, ірі калалары мен өнеркәсіп орындары, адамдар, олардыд еңбек өнімдері жоне өмір сүрудің табиғи ортасы (топырақ жамылғы, өсімдіктер мен жануарлар, климаттық және геофизикалық элементтер) болып табылады.Заманауи жаппай қырып жою қаруларының қатарына ядролық, химиялық бактериологиялық және биологиялық қарулар жатады
Ядролық қару деп қырып жою әсері уран мен плутоний сынды изотоптардың ауыр ядроларының тізбекті реакциялар арқылы бөлінуі кезінде немесе жеңіл сутегі изотоптары ядроларының термоядролық синтез реакциялары кезінде бөлінетін ядроішілік энергияны қолдануға негізделген жаппай қырып жою қаруларының бір түрін айтамыз.
Екпінді толқын өз жолында кездескен барлық нысандарға әсер етеді. Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1,6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып, 4,5 км радиустағы көп қабатты тас ғимараттарды толықтай қиратады.
Екпінді толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Екпінді толқынының пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайдаболуы. Екпінді толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Екпінді толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар екпінді толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.