Жапония мәдениеті слайд,презентация — География

0

Жапония мәдениеті слайд,презентация

 

 

 

Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш — татами — төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды.
Кимоно.Жапон тілінде “кимоно„ “киім„ деген мағына береді.Кимононың алғашқы негізі-қытай, корея және моңғолия киімдері.Кимононың бірнеше түрі бар: ерлерге және әйелдерге арналған, жоғарғы және төменгі, үйішілік және жатын орындық. 
Бір кимоно үшін 4-5 мың жібек қуыршағы қажет.Жапон әйелі балалық шағында сатып алған кимоносын өмір бойы кие береді. 
Оның ең басты сәндік бөлігі-оби белдігі болып табылады. Ол үшін парча мен қалың жібектен ұзындығы төрт метрлік арнаулы мата тоқылады.Ертеректе белдіктегі түйінге қарап, жапон әйелінің қандай әлеуметтік топқа жататынын білуге болатын.

Жапон бақтарындағы басты элементтер су мен тас болып табылады. Су әйел күшінің белгісі-инь, ал тастар еркек күшінің белгісі-янь. Олардың мәңгілік өзара қарсылығы мен айырылмас біртұтастығы ежелгі дуалистік түсінік бойынша әлемнің өмір сүруінің негізі болып табылады.
Жапондықтардың әрбір жыл мезгіліне байланысты белгілі әдет-ғұрпы мен салты бар.Ерекше танымал түрлеріне 
“ханами„ гүлдерді тамашалау
“цукими„ айды тамашалау
“кжими„  қарды тамашалау                                   жатады, ал оларды біріктіріп жалпы атпен “сэкутэкка„ қар,ай,гүлдер 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!