Жануартлардың жүйке жүйесінің типтері

0









Жануартлардың жүйке жүйесінің типтері

Автор: Дузелбай Даметкен

Бағыты: Биология Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 7 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-27


Материал туралы қысқаша түсінік

берер көмегі мол




Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.1. Координация және реттелу Мектеп: Свободный орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Дузелбай Д Күні: Сыныбы: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Жануарлардың жүйке жүйесінің типтері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 7.1.7.1 жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін анықтау
Сабақтың мақсаты Барлығы: Жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін білу. Көпшілігі: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың жүйке жүйе типтерін салыстыруейбіреулері: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардағы жүйке жүйесінің күрделену себептерін анықтау.
Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар істеуге дағдыланғанануарлардың жүйке жүйе типтерін біледі;Көпшілігі істей алады:омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың жүйке жүйе типтерін салыстырады;Кейбіреулері жасауға қабілетті:күрделену себептерін анықтайды.
Бағалау критерийі Жануарлардың жүйке жүйе типтерін түсіндіре біледі; омыртқасыз және омыртқалы жануарлардағы жүйке жүйе типтерін салыстырып көрсетеді; күрделену жолдарын анықтай алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар істей алады: жануарлардың жүйке жүйе типтерін, санатын эволюциялық реті бойынша түсіндіре алады;Пәндік лексика және терминология: диффузиялы, жүке түйіні, жұтқыншақ үсті жүйке түйіні, ми, жүйке тізбегі, түтікшетәрізді жүйке жүйесі;Диалогқа қажетті сөз тіркестері: алғаш пайда болған көпжасушалы ағзаларда (губкаларда) жүйке жүйесі қалыптаспайды, диффузиялық жүйке жүйесі ең қарапайым түрі болып табылады,сатылы жүйке жүйесі едәуір жетілген, сатылы жүйке жүйесі буылтық құрттарда бірінші рет пайда болды,түйінді жүйке жүйесі ұлулар мен буынаяқтылар типіне тән, түтікше тәрізді жүйке жүйесі барлық желілі жануарларға тән, ланцетник осы типтің ең қарапайым өкілі, барлық омыртқалылардың миы бес бөлімнен тұрады.
Құндылықтарға баулу Жалпыға бірдей еңбек қоғамы: өмір сапасын жақсарту, еңбекпен шығармашылыққа баулу
Пәнаралық байланыс Физика — логикалық ойлау және дамуын жетілдіру Бейнелеу — әртүрлі жануарлардың жүйке жүйесін салуға, түстердің сәйкетігін келтіруге үйретеді
Тақырып бойынша алдыңғы білім Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы1 мин3 мин5 мин2 мин Сәлемдесу Сыныпты түгендеу1) Ұйымдастыру кезеңі:«Жақсы істің бастауы, жақсы сөзден басталады!», «Жүректен жүрекке» стратегиясы бойынша оқушылар бір-біріне жүрекше бере отырып, жақсы сөздермен көңіл-күй сыйлайды.Топқа бөлу:қызыл, жасыл, сары түсті қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді. Гидра– қызыл түс Медуза– жасыл түс Шұбалшаң – сары түсӘр топ өзінің атауы бойынша қысқаша мәлімет береді. Оқушыларды мадақтау мақсатында смайликтер таратылады.Миға шабуыл:Үй тапсырмасын тексеру: «Таза тақта» Тапсырма: өткен тақырып бойынша термин сөздер тақтаға ілінеді. Әр топ оқушыларына кезекпен сөз беріледі, олар термин сөздерге анықтама айтып тақтаны тазартады.Қ.Б: «Бас бармақ» әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды, сұрақтары болса, ортада талқылайды. -түсіндім, -толық түсінбедім, — түсінбедім ЖүрекшеТүрлі-түсті қағаздарСмайликтерТаратпа қағаздар,
Сабақтың ортасы5 мин15 мин Жаңа сабақШирату тәсілі: «Қазынаны іздеу жолында»(М) сабақ тақырыбына қатысты ақпаратты жасырады. Оқушылардан оларға қажетті және қажет емес ақпаратты ажыратуды сұрайдықушыларға берілген ақпараттар: Қозғалғыш ішекқуыстыларда дифференциялы жүйке жүйесі күрделенеді, сатылы жүйке жүйесі буылтық құрттарда ең алғаш пайда болды, құрттарда алғаш рет дербес бұлшықет жасушалары пайда болды, ланцетниктің жүйке жүйесі жүйке түтігінен тұрады, қосжақтаулы ұлуларда бас түйіндері мүлде дамымаған, кірпікшелер – құрылысы талшықтарға ұқсас, бірақ едәуір қысқа әрі көп болады.(О) алынған ақпараттан тақырыпқа қатысы жоқ мәліметтерді ажыратады.Қ.Б:«Бағдаршам» әдісі бойынша оқушылардың«қазынаны»қаншалықтыжылдам және дұрыс тапқандығы анықталады.«Ой қозғау» (топтық жұмыс), тақырыпты түсініп оқып, талқылайды. «Денотатты граф» әдісі арқылы іске асады. Ақпараттағы негізгі ұғым түйінді сөз арқылы белгіленеді.(М) әр топқа тақырыпқа байланысты түйінді сөздерді таратады:1- Гидра тобына диффузиялы2- Медуза тобына сатылы3- Шұбалшаң тобына түйінді(О) түйінді сөзді және оның қасиеттерін,белгілерін, ерекшеліктерін сипаттайтын етістіктерді анықтайды, бастапқы түйінді сөзді тармақтарға жіктейді, тармақтар мен түйінді сөзді сәйкестендіреді. Мысалы: — түйінді сөз –түйінді жүйке жүйесі, — қажетті етістіктер – дамыған, дамымаған, айналған, зерттелген. — түйінді сөз тармақтарға жіктеледідамыған (ұлуларда бас жүйке түйіндері мен аяқ бұлшық еттерін бақылайтын түйін жақсы дамыған, қорегін белсенді аулауға байланысты сегізаяқта көру мүшесі өте күшті дамыған);дамымаған (устрица мен басқа қосжақтаулы ұлуларда бас түйіндері мүлдем дамымаған);айналған (басаяқты ұлуларда жұтқыншақүсті түйіні жақсы дамыған миға айналған);зерттелген (сегізаяқ интеллектісінің жетістігі зерттелген).«Сократ шеңбері» — «Ішкі шеңбер», «Сыртқы шеңбер»(М) «Ішкі шеңбердегі» оқушыларға түтікшетәрізді жүйке жүйесі (ланцетник), омыртқалылардың ми бөлімдері тақырыпшасына бағыттаушы сұрақтар қояды. Мысалы: түтікшетәрізді жүйке жүйесі дененің қай бөлімінде орналасқан? Бұл жүйе қандай жануарларға тән? Барлық омыртқалылардың миы неше бөлімнен тұрады?(О) «Ішкі шеңбердегі» оқушылар сұрақ – жауап арқылы талқылайды, «Сыртқы шеңбердегі»оқушылар тыңдайды, дәптерлеріне ескертпе жасап отырады және соңында өз пікірлерін айтады.Қ.Б: «Екі жұлдыз-бір тілек» стратегиясы бойынша топтар бірін-бірі бағалайды. Сабақты бекіту: «5-5-1» Тапсырма: оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады, оны 5 сөзге қысқартады, оны 1сөзге қысқартады. Оқушылар өзінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.