Жануарлардың қандай түрлері болады?
Ұ.Ширату жаттығуы Ризамыз саған біз,Табиғат анамыз.Өсірсек тал-терек.Тазарар ауамыз.Азайған аңдарға,Қамқоршы боламыз.Құстардың әніне,Құлақ сап қараңыз. ОЙ ҚОЗҒАУ ӘДІСІ(Жұмбақтар жасыру жаңа сабақтың тақырыбын анықтаумақсатында)
Кезекті бір жануар,Үстінде екі тауы бар. Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. Сылдырдан қорқады,Шошынып жортады. Жеміс-жидек жегенім, Балды жақсы көремін.
Оқушыларды жұмбақ жауабы арқылы 4 топқа бөлуІ топ — «Ботақандар» тобы ІІ топ — «Қошақандар» тобы ІІІ топ — «Көжектер» тобыІҮ топ — «Қонжықтар» тобыТоп атаулары туралы не білетіндерін сұрау-Бүгінгі сабағымыздың мақсатыҮй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырату. САБАҚТЫ БІЛІМ БАСПАЛДАҒЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗЕМІН. КӨП ҰПАЙ ЖИНАҒАН ТОП ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ
1-саты «МЕН БІЛЕМІН»Топтық ж. СӘЙКЕСТЕНДІРУ ӘДІСІ(Оқушыларға жаңа сабақты түсіну, ойша пайымдайды, қорытынды жасау мақсатында)Әр топқа жабайы жануардың және үй жануарының суреті салынған конверт беремін. Әр оқушы берілген суретті өзі пайымдауынша үйге немесе орманға орналастырады Не байқадық? Неге жануарларды екі топқа бөлдік? Осы жануарлардың қайсысы өз бетінше тіршілік етеді? Қайсысына адамдар қамқорлық жасайды?
ЕСІҢЕ САҚТА!Табиғатта өз бетінше тіршілік ететін жануарларды жабайы жануарлар деп атайды. Адамдар күтіп-баптайтын жануарлар үй жануарлары деп аталады
ҚБ Жабайы және үй жануарларын ажыратадыМадақтау мақсатында Жылдам әрі нақты орналастырған, сұрақтарға ұтымды, жүйелі жауап берген топқа топ атауларына сәйкес суреттер беремін.
2-саты «ДАУСЫНАН ТАНИМЫН» ойыны(жаңа сабақты игерту мақсатында)Топтық жұмысТоп бойынша кезектесіп үй жануарлары мен жабайы жануарларды даусы арқылы анықтауШығармашылық тапсырмаОқушылардың өздеріне дауыстарын салғызамын, төлдерді шақыру .(ҚБ)Үй жануарлары мен жабайы жануралардың дауысын анықтады. Белсенді, дұрыс жауап берген топқа суреттер беремін 3-саты «ЖЫЛДАМ ЖАСАЙМЫН»БІРЛЕСКЕН ОҚУ ӘДІСІ. ТОППЕН ЖҰМЫС (Оқушылар топта бірлесе жұмыс жасауға үйренеді)І топ – Енелері мен төлдерін топтайдыІІ топ — Ойыншықтар арқылы жабайы жануарлар мен үй жануарларын бөледіІІІ топ –Ит пен құндызды салыстырІҮ топ — Жабайы жануарлардың ішінен артық жануарды табадыҚБ— Жабайы және үй жануарларларының ерекшеліктерін ажыратадыЫнталандыру Жылдам болған топқа топ атауларына сәйкес суреттер беремін
Көңілді жануарларҚимылмен орындау
4-саты «КӨМЕК БЕРЕМІН»ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС. 13-жұмыс парағы(Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету)Жануарларға өз қораларын табуға көмектесБК:жануарларды өз қораларына орналастыруД:Итті үйшігіне орналастыра алды Жылқыны атқораға орналастыра алды Сиырды сиырқораға орналастыра алды. Қойды қойқораға орналастыра алды Тауықты күркеге орналстыра алдды. Ынталандыру мақсатында сурет беремін.
5-саты «ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗЕМІН»Зерттеу мақсатында жүргізіледі,саралау тапсырмалары беріледіЖеке жұмыс «ВЕНН диаграммасы» тәсіліИт пен қасқыр туралы видеоролик көрсету.Көру барысында БақылайдыТалдайдыДеректер жинайдыТұжырым жасайды.1.Ит пен қасқырдың қасиеттерін және ортақ белгілерін тапКБ:ит пен қасқырдың қасиеттерін , белгілерін табады. ДЕСКРИПТОР:— Итті сипаттайды;— Қасқырды сипаттайды;— Ит пен қасқырдың ұқсастығын табады;— Ит пен қасқырдың айырмашылығын табады Ажырата білген, ортақ белгілерін таба білген топқа суреттер беремін 2. Жұптық жұмыс «Бақыла ,зертте, сәйкестендір» әдісі (зерттеу мақсатында) Екі оқушыға үй жануарларының, олардың қораларын, бағып –күтуге арналған құралдардың суреттерін таратып беремін.Оқушылар сәйкестендіру керек.ҚБ –Оқушылардың суретті сәйкестендіруін бағалау. Өзара бағалау3.Жеке жұмыс «Мен зерттеген жануар» тапсырмасы (саралау мақсатында,оқушылар деңгейіне байланысты орындайды.) Әр топқа сөздер жазылған кеспе қағаздар тастаймын .Оқушылар өздері кеспе қағаздарды өз шамасына қарай таңдайды
Кері байланыс беремін.(жазбаша)4.Сұрақтар құрастыр әдісі(Өмірде қолдану мақсатында )Суретті өзің тұратын жермен салыстыр.Суретке бірнеше сұрақтар құрастырКері байланыс жасауМадақтау суреттер бойынша