Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша модерацияны жүргізу жолдары
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша модерацияны жүргізу жолдары
Автор: Төребекова Сәуле Салахиқызы
Бағыты: Жаңартылған бағдарлама Бөлімі: Баяндамалар, реферат Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-02-11
Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша модерацияны жүргізу жолдары
Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс. Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау. Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың жазбаша тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияда белгілі бір пән бойынша мұғалімдердің балл қою кестесі бойынша бір ұғымда, түсінікте болуын қамтамасыз ету үшін жұмысты бағалауды алдын ала талқылайды. Модерация отырысында жиынтық бағалау дұрыс өтті ме, білім алушылардың барлық жауаптары ескерілді ме, мұғалімдер арасында бағалау бойынша келіспеушілік бар ма сияқты мəселелерді түсіну жəнеталқылау қажет. Модерация қорытындысы бойынша мұғалімдер балл қою кестесіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге қатысты шешім қабылдайды. Модерацияны аяқтаған соң барлық шешімдер хаттамада көрсетіледі. Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың балына өзгеріс енгізу қажет болғанда жиынтық жұмыстарын қайта тексереді. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет. Модерацияны өткізу орнын, уақытын алдын ала қарастыру ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу мен модерация өткізудің арасы 3 жұмыс күнінен аспағаны жөн. Бір отырыста бірнеше пəнге модерация өткізуге болады. Модерация отырысына бір параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдер қатысады. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. Шағын жинақталған мектептер үшін модерацияны мұғалім жақын пәндер мұғалімдерін немесе критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушісін қатыстыру арқылы өз бетінше өткізуіне болады. Модерация отырысы үшін мұғалім тексерілген жиынтық жұмыстардың ішінен: жоғары жəне төмен балл қойылған, сондай-ақ, бағалау қиындық туғызған тек 3 жұмысты іріктеп алады. Модерация кезінде іріктелген жиынтық жұмыстарда көрсетілген білім алушының аты-жөнін жұмысты қарастырған кезде нақты бір білім алушыға қатысты болмауы үшін жасырып қою ұсынылады. Отырыс кезінде ұсынылған жұмыстар балл қою кестесіне сəйкес қарастырылады. Осылайша, төмендегідей жағдайларды анықтауға болады: — дұрыс жауап есептелмеген, сол сияқты балл қою кестесінде де көрсетілмеген; — жауап синонимдес басқа сөзбен берілген, ал ол жауап балл қою кестесінде көрсетілмеген; — балл қою кестесінде қателіктер жіберілген; — жалпы балл саны дұрыс есептелмеген жəне т.б.. Модерация қорытындысы бойынша хаттама жазылады, онда балл қою кестесіне қатысты барлық өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі(8-қосымша). Модерация қорытындысы бойынша мұғалім білім алушының жұмысын балл қою кестесінің өзгертілген (толықтырылған) соңғы нұсқасына сəйкес қайта қарастырады. Қажет болған жағдайда бағалауға өзгерістер енгізу басқа түсті қаламсаппен жүзеге асырылады жəне соңғы нақты нəтижесі электрондық журналға қойылады. Мұғалімдердің модерация кезіндегі əрекеті Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір тәртіппен жүргізіледі. Модерацияға дейін: • білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды; • жиынтық жұмыс үлгілерін іріктеп алады (максималды, минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды); • жеке мәліметтерді шифрлайды, білім алушылардың жұмыстарын модерацияға дайындайды. Модерация кезінде: • білім алушылардың жұмыс қорытындысын әріптестерменталқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді; • қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді; • отырыс хаттамасына қол қояды. Модерациядан кейін: • модерацияны ескере отырып, өзгеріс енгізу қажет білім алушылардың барлық жұмыстарын қайта қарастырады. Мұндай жағдайда жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдардың өзгеруі де мүмкін; • білім алушының жұмысына соңғы нақты балдар қойылады; • соңғы нақты балдар электрондық журналға қойылады. Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады.
8-қосымшы
Тоқсандық жиынтық бағалау модерациясын өткізу қорытындысы бойыншаотырыс хаттамасы
Білім беру мекемесінің атауы | ||
Пән | ||
Сынып | Тоқсан | Оқу жылы |
Модерацияғақатысушылар | Аты-жөні | Қолы |
Модерациятөрағасы | ||
Пән мұғалімдері | ||
Жұмыс№ | Модерацияға дейінгібалл | Модерациядан кейінгібалл | Шешімнің негіздемесі |
Модерацияға қатысушылардың қолы:Аты-жөні______________________ қолы_____________Аты-жөні______________________ қолы_____________Аты-жөні______________________ қолы_____________
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.