Жаңа жылым — құтты жылымІ
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Жаңа жылым — құтты жылымІ
Автор: Айткулова Макпал Сулейменовна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-01-22
Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл тақпақтары, әндері, көріністер берілген. Мерекелік кеш өткізуге мұғалімдерге, тәрбиешілерге көмекші құрал болары сөзсіз.
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!Бұл ойын Алдау ойыны Мен сендерді алдаймын,сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді алданбай ұстап қалуларың керек. Алданған оқушы айыбын өтейді.Мен мұрынды ұстадым!1,2,3 өзі құлағын ұстайды-Мен басымды ұстадым 1,2,3 иығын ұстайдыМен құлақты ұстадым1,2,3 бетін ұстайдыМен құлақты жасырдым1,2,3 өзі қол соғадыКлоун: Балалар, алданғандар бар, мен оларды көріп тұрдым, кәне өздері шығып айыбын төлесін.Жүргізуші: Олай болса, балалар, біз клоунға әсем ән орындап берейік.Ән «Жаңа жылдың жарқырасын шамдары» Асылай мен АйымЖүргізуші: Балалар, бәріміз бірге Аязата, Ақшақарды шақырайық.Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасыпалады дегенді білмейсің бе?Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен адамға ескертудің өзі ұят. Сен не, мектепте оқымадың ба?
Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі- мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қоймаб еді, ал, бардым …. Онда кешке дейін тақпақ-әндер, қосу кестесін жаттатады, ал мұғалімдері бұрамалы ойыншық сияқты: қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па?Еще 40 минут партада қадалып отыру керек. Бүйткен мектебі құрысын!
Жүргізуші: Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады?Балалар қолдарын көтеріп:— сауат ашу үшін— жазу— сызу— санау— кітап оқуды үйрену үшін— сурет салу үшінЖүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап)Түсіндің бе? Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?!
Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді)Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?Жалмауыз кемпір: ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп… оқу… жазу… Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.(Көңілді музыкамен «Айна» ойыны ойналады).Үнтаспадан аттың пысқырған дыбысы естіледі. Жүргізуші: Естисіңдер ме, тықырды Жақыннан ат пысқырды Иә,иә мен де естідім Жолдан ұзақ келді кім? Неге тұрмыз, қарсы алайық балалар Келіп жетті көптен күткен Аяз ата,Ақшақар!Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді.Аяз ата: Армысыңдар, бармысыңдар, халайық Барша жұртқа иіліп сәлем салайық. Жаңа жылды қарсы алуға жиналған Балалардың өнеріне қанайық.Амансың ба, ұлдарым,Амансың ба, қыздарымҚандай әсем жүздеріңҚандай мөлдір көздеріңКеремет бір ән тыңдап,Келіп тұр-ау демалғым.Оқушы:Аяз ата, Аяз атаСізді күтіп жүрдік біз.Ақ көңілмен айтылатынӘнге құлақ түріңіз.Аяз ата: Құлағым сендерде, балаларым.Ән «Шырша жыры» Ұлағат, Мерует, Інжу, Зере1.Кәне достар тұрмайық қарсы алайық жыл басын қызықтан бос қалмайық шырша жыры самғасын Қайырмасы: Ал достарым келіңдер келді аяз атамыз биге билеп беріңдер шырша жырын айтамыз шырша жырын айтамыз 2.Құтты болсын жана жыл шыршамыз тұр жараса жанында аяз ата жүр қуанады балаша Қайырмасы: 3.Аппақ қардай береке даламызда самғасын жаңа жылдай мереке таба берсін жалғасын Қайырмасы: Аяз ата: Бәрекелді, балақандарым.Сендерді көріп қуанышым қойныма сый—май тұр.Жолдан қатты шаршаппыз.Демалайық бір сәт біз. Жүргізуші: Аяз ата, отырып, тынығыңызДайын ба бізге арнаған сыйлығыңызБалалар тақпақ айтып жарысадыҮлестіріп сыйлық беріп үлгеріңіз.Аяз ата: Ап, бәрекелді, тыңдайық Балалардың бал тіліне тоймайық.Нұриман:Таяғы бар қолындаҚар борайды соңындаҚандай сыйлық бар екенАрқалаған қабындаРауан:Сақаланың ұзыны— айСаудыраған мұзын-айЖарқыраған оттары –айЖаңа жылдың қызығы-айБекет:Борандатып аққарлатып,Аяз ата келіп тұр.Ақ көңілмен, пәк көңілменБізге сәлем беріп тұр.Салтанат:Сақалы ақ, мұрны қызылЖылы екен жүзі де.Кірпігі ақ, ерні қызылМейірімді екен көзі де.Ойын: « Орындық»Аяз ата: Балалар, расында да өте жылдам екен,жарысып бір-бірінен қалар емес.Сыйлық беруге де мұрша келтірмеді ғой.Жарайды, бәріңе де сыйлық жетеді.Ақша қар:Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен Ит жылымызға аман есен саулық тілеп, рақмет айтамыз. Келер жылымыз Доңыз жылына табысты жыл болсын, береке, бірлік әкелсін деймін. Ақшақар: Балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!Мен білемін бір ойын:Үйретейін сендергеМен бастаймын, ал, сендерАяқтаңдар ойынды.Хормен жауап айтыңдар!Қарға мүлгіп дала тұр,Келе жатыр….Балалар: Жаңа жыл!Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұрттыБілсең атын тез ата,Келеді бізге ….Балалар: Аязата!Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!Сендер әрі ……Балалар: Әдемі!Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,Ойын— күлкі таралсынҚұтты болсын …..Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)Ән «Шыршаға бардық» Дана, Бекет, Салтанат, Қасиет-1- Жаңадан тақпақАламыз жаттап.Жаңа жыл келді,Жаңа жыл аппақ.Қ-сы:Шыршаға бардықӘсем ән салдық.Аяз атаданСыйлықтар алдық – 2 рет.-2-Қуантып елді,Жаңа жыл келді.Өсетін болдық,Бір жасқа енді.Жүргізуші: Думаны жаңа жылдың жалғасадыКөрсетіп өнерлерін таласадыДөңгеленіп би билейді өнерпаздарМерекенің шырайын би ашадыБи «Аяз аталар» Жүргізуші: Қыс қызығы тамашаОйнаймыз біз таласаАққаланы шебер жасай біледіОйынпаз әншілеріміз әсем әнімен!Ән: «Жаңа жыл» ГүлназымҮнтаспадан түрлі дыбыстар естіледі.Аяз ата: Бұл кім болды екен? Кішкентай аяқтың дыбысы естіледі ме, қалай?(Балалар аң-таң болады)Аяз ата: Оу, бұл кім десем, кішкентай гномдар екен ғой.Көңілді гномдарды қошеметтеп қояйық.1: Аяз ата өзіңізді әрең таптық қой!Аяз ата: Әй жүгірмектер сендер неғылдеп жүрсіңдер? Қайтыңдар. Қалай жеттіңдер бұл жерге.2: Біз сіздің кәрі бұғыңызды жегіп, сонымен келдік.3: Сіз бізді қалай қайтармақ болсаңыз да, біз қайта алмаймыз. Кәрі бұғы шаршап әлсіреп қалды. Оған демалуға уақыт керек.Аяз ата: Тоқтаңдар! Сендер бұларың үшін әлі-ақ жауап бересіңдер.4: Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерімізді байқамайсыз. Бүгін ақыры сәті түсіп тұр екен, біз де осы балаларға өнерімізді көрсетейік.(Бәрі жамырай шулап биге кіріседі)«Гномдар» биі орындалады.Жүргізуші: Күміс көмей әншілер де бізде барӘсем әні шыршамызға арналарБүгінгі күн бар өнерін саладыАлдарыңызда өнерлі әнші жұлдыздар!Ән «Келді, міне, Жаңа жыл» 1.Келді, міне,Жаңа жыл!Шаттық сыйлап әр үйге!Жаңа бақыт, жаңа нұр,Үлкен, кіші, сәбиге.
2.Жаңа жауған ақ ұлпа,Қар жамылды даламыз.Балаларды сағынта,Келді Аяз атамыз.
3.Айдай ару Ақшақар,Көмекшісі сол екен.Аяз ата-ақсақалСыйлықтары мол екен!
4.Қандай сұлу шыршамыз,Ортамызда тұр жайнап!Жаңа жылда баршамыз,Шаттанайық, кел, ойнап!Сағат тырсылы естіледі.Аяз ата: Уа, халайық, өткен жылмен қоштасайық,Жаңа жылмен достасайық.Ит пен доңыз келеді.Батырхан:Өткен жылға ырзамызӨсе түсті бойымызҚандық талай сырға бізИт жылына мың алғыс!Ит жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата, Ақша қар!Ит жылы:— Тарих қойнауына. Осы жерге доңыз бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде доңыз жылы келеді./Доңыз:— Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, ит аға! Армысың, Ақша қар.Ит жылы:Уагалейкумассалам, сен бала доңызбысың? Доңыз:— Дәл өзімін.Ит жылы:— Айналайын келші, танауыңнан бір иіскейін. Ал, доңызжан! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.Доңыз:— Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.Ит жылы:— Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!Доңыз:Ал, Ескі жыл, аман болІзбасарың мен боламАман болсын деп тілеЕлім, жерім, кең далам.Ит :Біздің елде өткен жылыИт жылы болды тыныштықАлға ұмтылдық, біз есейдікЖақсылыққа тырыстықЖаңа жылым доңыз жылыҚош аман бол көргенше.Інжу: Жаңа жылда алдағыКөңіл өсіп кеңейсінОртақ ойы, арманыЖақсы дәстүр көбейсін!Бек:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.Ән: «Төрлет,Жаңа жыл» АянатКелген қонақтармен ойын: «Жаңылтпашты қайтала» Құс қайтты, қыс келдіҚыс қайтты, құс келдіШырша сынса өспейдіСынса шырша өспейдіҚыста боран боларҚыздар орамал оранарАйбөбек:Далада қар борайды,Ақ мамыққа орайды.Мұз болады, қатады,Жып-жылтыр боп жатады.Нұрдаулет:Дала нұр, қала нұр,Құтты болсын жаңа жыл!Кел жаңа жыл біздерге,Кел жаңа жыл, жаңа жыл.Айым:Жүзімізге күлкі ойнапҚанаттанды жанымызЖаңа жылды біз тойлапШаттанамыз бәріміз!Қасиет:Әдемілеп тізілгенОйыншықтар ілінгенҚандай жақсы шыршамызӘн шырқайық баршамызЕнжарлықты тастайық,Шырша тойын бастайық!Зере:Аспан жерге төгедіАқ күмісін уыстапЖаңа жылда келедіБізге қарай жылыстап.Көрсін біздей балғындыШырқатайық ән — жырды.Мерует:Ақшақарға малыныпАппақ тонын жамылыпСақалы мен мұртына Күміс моншақ тағыныпАяз ата келедіБалаларды сағынып.Ән: ҚасиетБақдәулет:Жайна шырша жарқылдапБейнесіндей сәбидіңТүрлене түс жасыл бақҚыс пен жазға бірдейсің.Еркебұлан:Шанамен, шаңғымен,Мұздарды сызалық.Елемей ызғардыЖаңа жыл бәйгесінКелейік біз алып.Гүлназым:Жаңа жылды біз тойлапШаттанамыз бәріміз.Өлең де әзір, ән әзір,Ойын да әзір, бәрі әзір.Кел жаңа жыл біздерге,Кел жаңа жыл, жаңа жыл.Дана:Әлде қарлы борандаТау басынан түсті ме?Аяз ата оралды, Ақ тон киіп үстіне.Ұлағат:Аппақ тонға ораныпБазарлықты мол алып.Келді алыс сапарданАяз ата оралып.Қалып едік сағыныпКүтіп алдық жабылып.Диас:Әкелсін жыл ырыс-құтӘлемде болсын тыныштықЖаңа жылым тамашаӘн салайық жаңаша!Жұмбақтар шешу:1.Қолы менен қаламы жоқБірақ сурет салады көп Аяз2. Суда қалқидыЖылыда балқиды. Мұз3. Қыста шыны болып қатадыЖылыда су болып жатады Мұз айдыны4. Аспаннан ақ ұлпа борадыҚырқаны сейсепке орады Қар5.Табаныма байладымҚос аяқпен айдадым Шаңғы6.Қанаты жоқ ұшадыАяғы жоқ желедіАузы жоқ ұлиды Боран7. Зулап түсті төменгеМенсіз шықпас төбеге Шана(Ешкі шошып кетеді)Жүргізуші: Сізге не болды? Соншама неге шошып кеттіңіз?Ешкі: Мына үйшіктен бір дауыс естіледі. Тыңдаңдаршы.Жүргізуші: Иә, расымен де біреу қорылдап жатқан сияқты. Бұл өзі кімнің үйі болды екен ә? Кірген-шыққан із көрінбейді.Ешкі: Онда жақынырақ барып көрейік, бұл үйде кім тұрады екен? (екеуі тыңдайды, қорылдаған дыбыс естіледі, олар есікті қағады)(Үйшіктен ұйқылы-ояу аю шығады)Ешкі: Ее, бұл аюдың үйі екен ғой.Аю: Бұл не қылған тыпыр-тыпыр, не шу? Мені ұйқымнан ояттыңдар ғой.Жүргізуші: Сені ұйқыңнан оятып жіберсек ренжіме. Біз шырша тойын тойлатып отырмыз. Аю: Жаңа жыл дейсіңдер ме, жаңа жыл деген не? Аяз ата деген кім?Ешкі: Балалар, аю жаңа жылдың не екенін білмейді екен.Жүргізуші: Әрине, ол қайдан білсін? Үнемі қыста тәтті ұйқыда жатады ғой.Жүргізуші: Онда мен айтып түсіндірейін. Аю аға! Жаңа жылда балалар бір жасқа өседі, ал біз ортамызға сәнді шырша құрып оны безендіреміз. Осы шырша мерекесіне аяз ата мен ақшақар келеді. Өнер көрсеткен балаларға сыйлық береді. Жаңа жыл деген осы аюжан.Аю: Мен қысқы ұйқыда жатқанда сендер керемет мерекені тойлайды екенсіңдер ғой.Жүргізуші: Аю ағасы! Сен оған ренжіме. Аюлар қыстың ұзақ күндерін ұйқыда өткізеді емес пе, ақыры оянып кеткен екенсің, кел мерекені бірге тойлайық.Аю: Мен әлі ұйқымды аша алмай тұрмын.Жүргізуші: Кәне, балалар аюдың ұйқысын ашып онымен ойын ойнайық.Жаңа жылды тойлайықОйнап асыр салайықАтамыздың сиқырлыҚолғабымен ойнайық.Қолғаптардың сыңарын табу. «Қолғап» ойыны ойналады.Аю: Ооо, міне енді ұйқым шайдай ашылды. Ал енді маған аяз атаны көрсетіңдер, ол қайды өзі? Аяз ата деген өзі қандай болады?Аю: Жаңа жыл деген керемет мереке екен ғой. Балалардың өнерін көріп өте риза болдым. Мен де өзімнің кішкентай достарыммен би билеп берейін.Би «Қонжықтар»Аю: Ой, билеймін деп шаршап қалдым. Рұқсат болса мен кетейін. Әйтпесе, ұйқым кеп барады (есінейді) Жылы үйіме барып ұйқымды жалғастырайын.Аю: Рахмет аяз ата. Сау болыңдар, балалар! (Аю кетеді)Аяз ата: Ой, бәрекелді, балақайлар. Мен сендерге ризамын. Мені сен—дер сияқты басқа да балалар күтуде.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Келесі жылға дейін көріскенше, аман сау болыңдар!Балалар: Сау болыңдар!Жүргізуші: Жаңа Жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой — мақсаттар жүзеге асатын, арман — үміттер ақталатын Жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.Келді, міне, Жаңа Жыл ортамызға,Құт — береке әкелсін баршаңызға.Аңсаған арманыңыз орындалып,Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға. Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып…Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.Қазақтың пейіліне тарту етсін,Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.