Жаңа жылға (Аяз атаның сыйлықтары) арналған балабақшадағы тәрбие сағаты

0

«Аяз атаның сыйлықтары»
(Залда әсем әуен ойнап тұрады.Ортада жарқыраған шырша жанында сиқырлы құлыптаулы сандық тұрады. Екі жүргізуші кілтты іздеп, балаларға Аяз атаның сыйлықтарын алып бергісі келеді. Оларға балалар көмектеседі)
Залға бірінші жүргізуші кіреді, соңынан екінші жүргізуші кіреді.
 1-Жүргізуші:  (персонаж) Ой, мынаны қара, қандай әсем безендірілген шырша!Көзімді ала алмай тұрғанымды қарашы, бұл шырша не үшін тұр екен?
2-жүргізуші: Бұл шырша біздің балалар үшін әсем безендірілген. Сәлеметсіздер ме, балалар, ата — аналар, қонақтар! Жаңа жыл әлемдегі ең көп әрі керемет тойланатын мереке.Бұл күні қуанбайтын жан болмайды, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, адамдар бақыт құшағында  жүреді екен. Сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!
1-Жүргізуші: Мына керемет сиқырлы сандықты кім кұлыптап қойды екен? Бұл сандықтың ішінде не бар екен?
2-жүргізуші: Ал, осы балаларға арнап сандықтың ішіндегі Аяз атаның тастап кеткен сыйлықтарын алып беруіміз керек. Бірақ, оны сиқырлап құлыптап кетіпті. Балалар бізге кілтті іздеуге көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә, көмектесеміз!
2-жүргізуші: Олай болса, жүріңдер! (шыршаны айнала ән айтады)
 Ән «Аппақ-аппақ жапалақтап»
(Осы кезде алдарынан бір топ қояндар шығады, қолдарында кілт бар)
1-Жүргізуші: Мәә, кішкентай тентек қояндар екен ғой, кілтті алып кеткен. Біз кілт іздеп жүрміз. Мүмкін сендер бізге кілтті берерсіңдер?. Жаңа жылда балалар сыйлықсыз қалайын деп тұр. Сендер  бізге көмектесіңіздерші!
Қояндар:  Жоқ, мен бұл кілтті бере алмаймын. Алдымен бізбен бірге билеңдер,сосын сендерге кілтті береміз.
(Балалар қояндардың  қимылдарын бірге қайталап, билейді, қояндар кілтті береді)
1-Жүргізуші: Алақай, кілтті алдық.Енді екінші кілтті алуымыз керек.
2-жүргізуші: Балалар, шыршаны айнала харавод билейікші!
Би «Хоровод»
 (осы кезде алдынан  тауық шығады)
Тауық: Мәсссаған, менің алдымда кімдер тұр?
1-Жүргізуші:Қымбатты Тауық, сіз бізге сиқырлы кілтіңізді бере аласыз ба, бермесеңіз балалар жаңа жылда сыйлықсыз қалайын деп тұр.
Тауық: Ештеңе естігім келіп тұрған жоқ. Менің тақпақ тыңдап, би билегім  келіп тұр.
Балалар тақпақтарын айтады.
Жомарт: Біздің балабақшада,
                 Шырша тойы болады.
                 Аяз ата, Ақшақар,
                 Біздермен мәз болады.
Айару:    Жапалақтап ақша қар,
                 Жауды күнде қайталап,
                 Қырға шықты балалар,
                 Шаңғыларын арқалап.
Игілік:    Тақпақ, өлең жаттадық,
                 Би үйрендік көрсін деп,
                 Аяз ата шаттанып, 
                 Бізге риза болсын деп.
Бекзат:   Жаңа жылым мол болсын,
                 Басқан қадам оң болсын.
                 Төрле, төрле, жаңа жыл!
                 Бізге құтты жыл болсын!
Ұлжан:   Жүзімізде күлкі ойнап,
                 Қанаттанды жанымыз.
                 Жаңа жылды біз тойлап,
                 Шаттанымыз бәріміз.
Камила:  Алақай, алақай!
                 Қар жауып тұр балақай.
                 Жүр, шанаңды алып шық!
                 Киіп алып малақай.
Жаңа жылдық би «Аққала»
(Тауық кілтті беріп, рахметін айтып кетіп қалады)
1-Жүргізуші: Балалар, біз ары қарай жолға шығайық! (шыршаны айнала әуенмен билеп жүреді,алдарында Панда ұйықтап жатады))
2-жүргізуші:Балалар біздің іздеп жүрген кілтіміз семіз Панада екен. Барлығымыз Панданы ұйқыдан оятайықшы.
(барлығы Панданы оятпақ болады, бірақ Панда оянбайды)
2-жүргізуші:Бізге Аяз ата мен Ақшақардың  көмегі керек болып жатыр. Балалар, бәріміз Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
(Бәрі бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырады, осы кезде ішке Аяз ата мен Ақшақар және Жаңа жыл келеді)
Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар жаңа жылды неге сыйлықсыз қарсы алайындеп жатыр?
1-Жүргізуші: Сыйлық салынған сандыққа үш құлыппен сиқырлап тастаған.Біз тек екеуін таптық, ең соңғысы Пандада екен, бірақ ол ұйқысынан тұрмай жатыр.
Аяз ата: (Пандаға қарап) ұйқысынан оянбаса қазір мен сиқырлы таяғыммен ұйқысынан оятайын. (сиқырлы таяғын Пандаға тигізеді)
Панда: Ой, мында не болып жатыр, мен қатты ұйықтап кетіппін? 
Ақшақар: Бізге сенің қолыңдағы кілт керек.
Панда: Ааа, кілтті алғасын мағанда сыйлық бересіңдер ме?
Аяз Ата: Әрине, сағанда береміз.
(Панда кілтті береді)
Аяз ата: Ал, кілттің бәрі табылды, сыйлықтарда ішінде, бірақ, сендер маған тақпақ айтып бермедіңдер ғой?
Балалар тақпақтарын айтады.
Қуантқан: Далада қар борайды,
                   Ақ мамыққа орайды.
Мерей:      Ақ қырауға малынған,
                   Сақалы да, мұрты да.
                   Аяз ата сағынған,
                   Сәлем берді жұртына.
Ернұр:      Жаңа жылда бақшамыз,
                   Гүлдей болып жайнасын!
Ақкүміс:   Оралды өлкеме,
                   Жаңа жыл, армысың!
                   Оранды ақ көрпе,
                   Асқар тау, қарлы шың.
Жалғас:     Наша елка велика,
                   Наша елка высока.
                   Выше папы, выше мамы,
                   Достает до поталка.
Айсұлтан: Жарқыратыа шамдарын,
                   Шырша келді ортаға.    
Айжарық : Аппақ тонға оранып,
                    Базарлықты мол алып,
                    Келді алыс сапардан.
                    Аяз ата оралып.
Жаңа жыл: Ал, балалар, тақпақты жақсы айтады екенсіңдер. Енді сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр.(Балалар Маймылмен бірге ойын  ойнайды)
Ойын: «Бананды кім тез жейді»
З.Кәусар:   Қалып едік сағынып,
                    Күтіп алдық   жабылып.
                    Жолын қойдық жарық қып,
                    Шыршаларға шам іліп.
Көркем:      Ақша қар, ақша қар,
                    Аппақ болып қонасың.
                    Тоса қалсам қолымды,
                     Алақаныма толасың.
Түзелбек:    Балалар – ау, балалар,
                     Жаңа жылда кеп қалды.
Ақнұр:        Жаңа жыл қош келдің еліме!
                     Жақсылық әкелсін жеріме!
Абдрахман: Жасыл шырша орманнан,
                      Бізге арнайы келіпті.
Ерасыл:       Кел, билейік, сенімен,
                      Деймін тартып жеңінен.
                      Еріп кепте Аққала,
                      Адамдардың демімен.
А.Кәусар:     Жаңа жылда жаңаша,
                      Болсын риза балаша.
(Аяз  ата мен Ақшақар сандықты ашып, балаларға сыйлықтарын таратып береді)
Аяз Ата: Балаларым, мені басқа балабақшада балалар күтіп отыр, енді соларға барайын. Сендерге жаңа жылда көптеген қуаныш пен сәттілік тілеймін!
Сау болыңыздар!
Балалар: сау болыңыздар!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!