Жаңа жылдық сценарий, жаңа жыл ертеңгілігі, жаңа жыл тақпақтар
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілінің ерекшеліктері жайында білімдерін бекіту. Эстетикалық талғамын жетілдіру. Ертегілерге деген қызығушылығын ояту. Балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Тез, шапшаң қимыл — қозғалысын тәрбиелеу.
Музыка залы мерекеге сай безендірілген.
Көңілді музыкамен залға балалар билеп кіреді.
1 — бала: Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
2 — бала: Ертегі әлемі
Қандай өзі әдемі,
Жасыл шырша жанында,
Барлық достар жиналды.
3 — бала: Кәне құрбым, байқашы,
Мән беріп қарашы!
Достардың барлығы,
Үлгерді ме, санашы.
(Қалған балалар залға кіріп, шеңберге тұрады.)
Тәрбиеші: Армысыздар қонақтар, балалар! Барлықтарыңды келе жатқан
Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!
(алғы сөз балабақша меңгерушісіне беріледі.)
4 бала: Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын жаңа жыл,
Құттықтаймыз сіздерді!
5 бала: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа Жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
6 — бала: Жаңа Жылды қарсы алып,
Жасаймыз біз жылда бір.
Жарқын – жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
Ән «Қыс қызығы»
(Музыка әуенімен залға Ақшақар кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің Жаңа Жылда ертегі күтіп отырғандарыңды естідім. өзімнің сүйікті ертегілерімнің бірін ала келдім. Сонымен тыңдаңдар. Бір кішкентай қалашықта Кай деген ұл (Кай жүгіріп шығады), Герда деген қыз (қыз жүгіріп қасына келеді) болыпты. Әжелері өзінің сүйікті немерелерін өте жақсы көріпті. Бір күні оларды Жаңа Жылды тойлауға шыршаға жібереді. (Ақшақар
балалардың қолынан ұстап шыршаның артына кетеді).
( Кай мен Герда шыршаның артынан қол ұстасып тұрады)
Герда: Кай, Қар Ханшайымы балардың мерекесіне келеді ме?
Кай: Келіп көрсін, мен оны пешке отырғызып қояйын. Ол сосын еріп кетеді (күледі)
Кай мен Герданың қасына екі бала келеді.
1 — бала: Шыршамыз, шыршамыз,
Көңілдіміз баршамыз.
Ән салуға, би билеуге,
Біз дайынбыз бәріміз.
2 — бала: Ал, балалар, құр тұрмайық,
Кай мен Герданы шақырайық.
Ән салайық, қол соғайық,
Жаңа жылды қарсы алайық!
Залға Қар Ханшайымы кіреді.
— Ах, сен мұнда екенсің ғой. Жүр менімен! (Кайды алып кетеді) Артынан Герда жүгіріп: Кай, Кай тоқта! Шыршаның алдына келіп:
— Қар Ханшайымы Кайды алып кетті, енді не істеймін? (Тізесіне отырып жылайды)
Ақшақар: Жылама, Герда! Сенің жақсы шыдамды қыз екеніңді білеміз. Сен Кайды міңдетті түрде табасың, жол ұзақ. Жылы киіміңді киіп ал да, жолға аттан. (Тон, пима кигізеді)
Ойын: «Шыршаны безендіру»
Шарты: Екі бала «шыршаны» бейнелейді. Қалған төрт бала екі топқа бөлінеді. Белгі бойынша бірінші бала шыршаны безендіреді, екінші бала ойыншықтарын қайта жинайды. Бірінші келген бала жеңіске жетеді.
Залға Қар Ханшайымы кіреді.
Қар Ханшайымы: Балалардың көңілді болғанын ұнатпаймын. Не ән? Не күлкі? Мен сендерге көрсетемін.
Тәрбиеші: Қажет емес, Қар ханшайымы, біздің балалар батыл да ақылды. Олар сізден қорықпайды.
Қар Ханшайымы: Ах, солай ма, жаман қыздар мен ұлдар! Күлесіңдер, көңілдісіңдер, ендеше қорғаныңдар. Эй менің сенімді көмекшілерім, мұздар! Қайдасыңдар? Алыңдар мына қарларды, ұшыңдар, ұшыңдар, барлығын мұз қылып қатырыңдар.
Би: «Мұздар» (Би болып жатқанда шыршаның шамын сөндіру, барлық балалар «қатып» қалады.
Қар Ханшайымы: Жарайсыңдар, менің көмекшілерім. Жақсы еңбектендіңдер. (Мұздардың басынан сипап, таққа барып отырады)
Ақшақар: Ой, сұмдық. Мынау не болды өзі? Аналардың жүрегі ғана бұл мұзды еріте алады. Кәне аналар, жылдам балалардың аттарын қаттырақ айтып оятыңыздар. (Аналар балалардың атын атап, тірілтеді). Балалар бастарын көтеріп отырады.
Ақшақар: Кәне бұл жерден кетіңіз. Біз Аяз Атаны шақырамыз. Сізге жаман болады.
Жаңа жылдың әуендері сыңғырлайды. жүктеу