Жаңа жыл ертеңгілік 2014-2015 балабақшадағы мерекелік іс-шаралар
Жаңа жыл құтты болсын!
(Ертеңгілік)
Әсем безендірілген бөлмеге балалар кіріп орналасады.
1-бала Жаңа жылды бар тілде
Жаңа жыылға балайды
Жаңа жылға әр кімде
Жақсы үмітпен қарайды.
2-бала : Жоламасын елге мұң
Жаңғырып кел жаңа жыл
Бар жақсылық бақытты
Жандырып кел жаңа жыл!
3-бала: Қуандырып біздерді
Нұрланып кел жаңа жыл
Жаңа жылда шаттықпен
Шырқатайық жаңа жыр!
Бәрі: Құтты болсын жаңа жыл
Жүргізуші: Даланың да қаланың
Думандатып отбасын
Тағы міне жаңа жыл
Қақты әр үйдің қақпасын
Кел жаңа жыл,жаңа жыл
Далама ,қалама,жеріме
Жаңалықтармен жағымды
Шыға ғой әлем төріне!
Құрметті ата-аналар,балалар,барша қонақтар! Табалдырық аттағалы отырған жаңа 2014————
Жылы құтты болсын!Бақыт,байлық,денсаулық,көп,көп жақсылық ала келсін!
Ән : «Кел жаңа жыл,жаңа жыл!»
Тәрбиеші: Тыныш балалар,тоқтаңдар
Құлақ салып тыңдаңдар
Сықырлатып ақ қарды
Тез ақ біреу кеп қалды?!
Кім болды екен ,қарайықшы
(музыкамен ақша қар кіреді.)
Ақшақар:Сәлем,сәлем балалар
Барша ата-аналар
Келіп қалды мінекей,
Қар ханшасы- Ақшақар!
Балалар:Сәлеметсіз бе,Ақшақар!
Ақшақар:Қандай әсем шыршамыз
Әдемісіздер баршаңыз
«Шырша жырын шырқайық
Басталсын думан ,той аңыз!
Ән: «Зырлайды шанамыз»
4-бала: Ертегідей бір нағыз
Жайнасын деп шыршамыз
Ойыншықты көп ілдік
Қарашы өзің Қарша қыз
Ақшақар:Көрдім әсем жайнап тұр
Сиқырлы оттар ойнап тұр
Бірақ білгім келеді-Ілдіңдер оған нелерді?
Кәмпитпен безендірдіңдер ме?
Балалар: Жоқ!(Бастарын шайқап топылдатады)
Ақшақар:Ойыншық қоян ілдіңдерме?
Балалар:Ия!Бастарын изеп қол шапалақтайды)
Ақшақар: Сақина,моншақ тақтыңдар ма?
Балалар: (Бастарын шайқап,аяқтарын топылдатады)
Ақшақар:Әлде түрлі түсті от жақтыңдар ма?
Балалар : Ия!(бастарын изеп, қол шапалақтайды)
Ақшақар:Іліпсіңдер және де
Көп ойыншық аққала
Сиқырлайын оларды
Билеп берсін ортада!(Сиқырлайды)
Би: «Ақшақарлар биі»
5-бала:Тойлаудамыз шаттанып
Кешіміз кетті басталып
Аяз ата бірақ әлі жоқ
Қарақшыға қалмады ма ұсталып?!
Ақшақар:Шанасын баптап сайланып
Сыйлығын қамдай ойланып
Бағана-ақ жолға шыққан ед(і)
Таба алмай жүр ме айналып?!
Шақырайықшы дауыстап!
Балалар:Аяз ата!
2-бөлім
(Музыка ойланып, 2 мыстан сыпырғышпен ұшып кіреді)
1-мыстан: Сыпырғышқа мініп ап
Келіп қалдық біз лезде
Мыстан дейді біздерді
Білмесең де,білсең де
2-мыстан:Ұзын мұрын, қалың қас
Біздей сұлу табылмас
Сиқырлау да білеміз
Қорықсаңдар әрі қаш!
1-мыстпан:Фу! Жап-жаман боп киініп алып
Неғып отырсаңдар мұнда жиылып алып?!
Тәрбиеші:Айнала жар салып
Би де билеп, ән салып
Күтудеміз жаңа жылды
Алмаққа бірге қарсы алып
2-мыстан:Болды,болды, тоқтаңдар,
Дереу қане, тарқаңдар!
Той, думан деген болмайды!
6-бала: Күтеміз Аяз атаны
Күтеміз жаңа жылды да
Қуаныш силап баршаға
Ән арнаймыз баршаға !
Ән «Жаңа жыл-той тамаша!»
2-мыстан: Қара тіпті өздерін
Далаға кетті ме сөздерім?!
Жоғалмасаңдар тез енді-Сиқырлаймын сендерді!
(музыкамен балаларға тап беріп,сиқырлай бастайды)
1-мыстан: Мұның ақыл сөз екен
Ойлануға лайық
Кел онда екеуміз
Бірге сиқырлайық!
Екеуі бірге: Фирдоне,фани,қош,
Шыршаның шамы өш!
(шыршаның шамы өшіп қалады)
Тәрбиеші: Қап,Енді қайттік,балалар?!
Не амал бар,Ақшақар?
Ақшақар:Меніңше жалғыз амал бар
Музыка қосып табанда
Мыстандарды шақырайық
Би билеуге алаңға!
Көңілденіп сонда мүмкін
Шыршаны жағуға көніп қалар
Болмаса бір би біткенше
Аяз ата да келіп қалар
Тәрбиеші :Дереу онда шақырайық
Музыка қосылсын биге лайық!
5-бала: Ал,мыстан әжелер
Сиқырлағанда жарайсыздар
Би билеп бізбенен, Жарысуға қалайсыздар?
1-мыстан:Би билеу деген сөзбе екен?!
Сұрағанға іздеген
Жасында бәйге бермеген
Бишіміз ғой біз деген!
Би:»Матрешкалар биі»
(Бидің соңын ала Аяз ата кіреді)
Аяз ата: Ау,балалар аман ба?
Мына бейбіт заманда,
Жаңғыртып жақын бар маңды
Қыздырыңдар думанды
Балалар:Армысыз,Аяз ата!
Аяз ата:Бар болыңдар,балалар!
Қыздырып тойды әнге сал!
7-бала:Аяз ата,тыңдаңыз
Айтпауға әсте болмай тұр
Шырайлы сұлу шыршаның
Шамдары мүлде жанбай тұр
Аяз ата:Қиналмаңдар,кел,қалыспай
Үн қатайық біз дауыстай:
Балалар:Қуант шырша таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Ақшақар:Еш өзгеріс болмайды,
Шырша шамы жанбады
Аяз ата:Сиқыр сөзді әлгінде
Айттыңдар ма бәрің де?!
Балалар:Ия!
Аяз ата:Қане, тағы қайталайықшы,
Бәріміз қалмай айтайықшы
Балалар:Қуант шырша, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
(Шырша жанбайды)
Аяз ата:Бұл не сиқыр, жұмбақ сыр
Шырша неғып жанбай тұр?
(Ойланып шыршаны айналып жүр)
Аяз ата:Ә! Мұнда мыстандар бар екен ғой
Бар беле солардан келген екен ғой
1-мыстан:Аяз ата,балалар
Кешіріңдер біздерді
Қателігімізді түсіндік
Түзелеміз біз енді.
2-Мыстан:Шыршаны қайта сиқырлап
Шамдарын қайта жағымыз
Жаман әдеттен арылып
Жақсы әже боламыз.(сиқырлайды)
Аяз ата:Қане, қайта еш қаалыспай
Шамдарыңды жарқырат!
(Шырша шамы жанады)
Балалар: Алақай!
Тәрбиеші:Таң қалдырып тәмам жұртты
Думанды той жалғассын
Мәнерлі ой, өлең,тақпақ
Ән мен биге ұлассын!
Ән «Аяз ата»
Аяз ата:Шырқалған мына мен жайлы
Ұнады әсем әндерің
Қыс айына арналған
Тақпақтарың бар ма еді?
Балалар:Әрине!
8-бала:Аспанды бұлт тмшалап
Жер ақ тонын киеді
Шұнақ аяз шымшылап
Ақ бетіңнен сүйеді
9-бала:Ақ қыс келіп ән құрды
Тау,далаға жараса
Әйнектердің сан түрлі
Әшекейі тамаша!
10-бала:Аяз келіп қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты
Жеке ән: «Аяз ата-Ақша қар»
11-бала:Айналаны қар басқан
Суықта біз тоңбастан
Асыр салып ойнаймыз
Суыққа еш тоңбастан
12-бала:Жарқырайды мұз айдын
Жалтырайды мұз айдын
Мұз айдында конькимен
Әрі-бері зулайды
13-бала:Мейлі күн суытсын
Зырлайды шанамыз
Аяз не біз үшін
Шыныққан баламыз
14-бала:Аулаға да,баққа да
Тұрғызамыз аққала
Аққаланы айналып
Ән айтамыз шаттана
Жеке ән:
Тәрбиеші:Ақ мамыққа ораған
Мынау байтақ даланы
Ұлпақарлар қалайша
Би билемей қалады
Ұлпақарлар қалықта
Қалықтаудан жалықпа
Асау желмен айналып
Өнер көрсет халыққа!
Би: «Аяз аталар» биі
15-бала:Жаңа жылдың думаны
Қызығына тоймайық
Аяз ата сізбенен
«Тығылмақ» ойынын ойнайық
Аяз ата : Жарайды!
16-бала:Алдымен онда сіз бастап
Көзіңізді жұмыңыз
Біз тығылып болғанша
Қимылдамай тұрыңыз
Аяз ата: Тығылыңдар тезірек
Беске дейін санаймын
Келістікпе?
Балалар: Келістік
Аяз ата:1 2 3 4 5
Тығылыңдар тез!
(Көзін ашып,балаларды іздеп таппайды.Балалар Аяз атаның дәл артында тізбектеліп тұрады)
Аяз ата:Ау, балалар қайда бұл?
(Артына қарап баларды көріп кояды)
Аяз ата ; Ә, қулар – ай , қулар –ай !
Аяз атаны да алдай ма ?
Айналдырайын сендерді
Қатып тұрған мұзға !
17 –бала :Ренжімеңіз ата әзілге
Жадыратамыз сізді қазір біз
Тақпақ айтып әлі де
Ән салуға әзірміз .
Жеке ән « ……………………………………………»
18- бала : Жасыл шырша төрдегі
Дейді: «Бәрің көр мені !»
Кеткен әсіп құлпырып
Ойыншықтар тұр тұнып
19 – бала : Түрлі – түсті шамдары
Түнде ғажап жанғаны
Көргендерді елдеті
Керемет ертегі
(Ортағы музыкамен барыс жылы мен қоян жылы шығады )
?- жылы : Сағат тілі сыртылдап
12 – ні соғыпты
Менің де міне қотасар
Уақытым болыпты
Биылғы жыл жыланның
Кезегі келіп қалыпты
Қош келіпсің жылқы
Сыйла мені елім е
Көп жақсылық , бақ жылқы- !
Жылқы жылы : Жылан- жылы – аға жыл
Үмітіңді ақтаймын
Мамыражай елімнің
Тыныштығын сақтаймын
Қуандырар бұл жылы
Бар жақсылық болады
Еліме мәңді мекендеп
Бақыт құсы қонады
Аяз ата: Айтқаның келсін, ?-
(Осы кезде бір мыстан айқайлай жіререді)
1-Мыстан: Алақай!
Аяз ата:Ау мыстан-ау, не болды?
1-мыстан:Кәмпит көрдім шыршадан
Тимеңдер бірақ,мен алам!
2-мыстан:Жоқ! мен алам кәмпитті
Дәмі оның кәп-тәтті!
1-мыстан:Мен алам, менікі
2-мыстан:Жоқ,бермеймін,менікі!
Аяз ата:Сабыр2 мыстандар
Таласпаңдар, тыңдаңдар!
Сиқырлаймын кәмпитті
Міне, мұнда қараңдар!
(Кәмпитті шырша түбіндегі қар үйіндесіне көміп сиқырлайды. Қайта ашқанда үлкен кәмпит шығады)
Тәрбиеші:Міне, кәмпит! «Алақайлап!»
Лап қойыңдар балақайлар!
(Кәмпит ішінен сыйлықтар алынып таратылады)
Тәрбиеші:Жаңа жылдың әрбір таңы баршамызды тек жақсы жаңалығымен қуантсын! Төрлет,2011жыл!
(Музыкамен балалар шығып кетеді)
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!