Жамбас буынының шығуы слайд,презентация
Жамбас буынының шығуы слайд,презентация
Буынның шығуы (luxato)- бұл буын ұштарының, онымен байланысқан сүйектердің физиологиялық қозғалысынан тыс жылжуы және буын қызметінің бұзылуы болып табылады. Буынның шығуы шыққан шеткі сүйектің атымен аталады. Бұғана сүйегі шыққанда, шыққан бөлігі көрсетіледі (төстік немесе акромиальді). Тек омыртқалар шыққанда ғана, омыртқа бағанасында жоғары орналасқан омыртқа шықты деп есептеледі. Жамбас буынының шығуы — салыстырмалы түрде сирек кездеседі, тарвматологиялық практикада небәрі 5 %-ды құрайды. Оны буынның анатомиялық ерекшеліктерімен түсіндіруге болады—ол мықты тіректік және қорғаныс рөлін атқаратын бұлшыұет аппаратымен қоршалған, берік буындық байламдармен және буындық капсуламен бекітілген, ол тек сырттан қатты күш әсер еткен жағдайда ғана бұзылуы мүмкін . 20-50 жас аралығындағы физикалық дамыған адамдарда ауыр күш түсіргенде болады.