Жалаң және жайылма сөйлем ашық сабақ — Ашық сабақтар — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер
Білімділік мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінікті еске түсіріп, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру. Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой-өрісін,тіл байлығын кеңейту.
Түрі: сабақты өздігінен меңгерту
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, тест.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
ІҮ Жаңа сабақты бекіту
Ү Қорытынды- тест
ҮІ Үйге тапсырма беру
ҮІІ Бағалау
І Ұйымдастыру кезеңі. 1) Оқушылармен амандасу 2) Сынып оқушыларын түгелдеу 3) Оқушылардың сабаққа назарын аудару 4) Сабақ бастауға жағдай жасау ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында мынадай сұрақтар қойылады: 1) Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді? 2) Жай сөйлем дегеніміз не? 3) Жай сөйлемнің түрлері қандай? 4) Жақты және жақсыз сөйлем дегеніміз не? 5) Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары қандай? ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі. Тақтаға сөйлемдер жазып,сөйлем мүшелеріне талдату арқылы түсіндіремін. Мен бардым. Сәлем айтыңыз. Қандай ерекшелік байқадыңдар? — Екі сөйлемде тұрлаусыз мүше жоқ. Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне келтірту. Қорытындыны оқушылар айтып, жалаң сөйлемнің ережесін шығарады. Оқушылар мынадай ережелер шығарады: 1) Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. 2) Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Оқушылар шығарған ережені оқулықтағы, анықтамадағы ережемен салыстыруы керек. Жалаң сөйлем Бастауыш Баяндауыш Тұрлаулы мүше Берілген сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелер қосуға болады. Мен бардым. Мен кеше дүкенге бардым Сәлем айтыңыз. Үй-ішіне сәлем айтыңыз Екі сөйлемнің айырмашылығын ажыратады. Оқушылар сөйлемді талдап, жайылма сөйлемнің ережесін айтады. 1) Тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. 2) Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Мысалдардан көріп отырғандарыңдай, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыруға болады екен. Жалаң сөйлемдерсіз жайылма сөйлем болмайтындығын көрдік. Шығарылған ережені оқулықтағы ережемен салыстырып, оқушылардың ойларының дұрыстығына көздерін жеткіземін. Жайылма сөйлем Бастауыш Баяндауыш Анықтауыш Пысықтауыш Толықтауыш Мысалдарды оқушыларға талдатып, ерекшелігін түсіндіру. Берілген мысалдарды сөйлем мүшелеріне талдатып, жай және жалаң сөйлемдердің ерекшеліктерін тапқызу. . Жақсы сөз жалын мен оттан жаралады. Қызықты кітапты оқи бергің келеді. Мысалдардан жалаң және жайылма сөйлемдер құрылысына қарай жақты, жақсыз болатындығына көз жеткізеді. ІҮ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі. 1. Оқулықпен жұмыс. 2. «Ойлан,тап?» 1. Берілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге , жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр. Бала-шағасы келді. Досым қызық кітап сатып алды. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемнің түрін ажырат. Өнер алды-қызыл….(тіл) Білімді-… жығар ( мыңды) 4. «Талдау-табыс кілті» 1 «Жаңбыр» сөзіне математикалық-фонетикалық мінездеме беру 2.«Кітапты» сөзін сатылай кешенді талдау. 3.«Қызықты» сөзіне лексика-грамматикалық сатылай талдау жасау «Кім жылдам?» Мәтіндегі сөйлемдер қай шығармадан, авторы кім? Жалаң және жайылма сөйлемдерді анықта. 1. Қозы алып қашылды. Қой жараланды. Бұзаулар өлтірілді.Бірнеше құлындар желінді.Тұтқын болған кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды 2. Күзде оқу басталды. Аян екеуміз бір партаға отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. Мұғалім келмеді. Оқуымыз келе жылға тоқтаған еді. Семантикалық кесте рс Жай сөйлем түрлері Жақты сөйлем Жақсыз сөйлем Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем 1 Үлкендерге құрмет көрсету керек + + 2 Таң атты + + 3 Өзеннен балық аулаймыз + + 4 Біз мақтан тұтамыз + + 5 Жеті жұрттың тілін біл + + 6 Ұрлық түбі-қорлық + + 7 Оқыған озады + + 8 Менің бұл сөзге қосылғым келмеді + + 9 Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген + + 10 Маған сабақтан қалуға болмайды + + 3. Шығармашылық жұмыс Жалаң және жайылма сөйлемдерді қатыстырып, «Тәуелсіз елім» тақырыбына шағын шығарма немесе 5-6 сөйлем жаз. Ү. Тест сұрақтары. 1.Жақсыз сөйлемді табыңыз. А/Қамарда бұл жолы үндемеді В/Асқар күлді, қуанды. С/Анасына айтпау керек. Д/Мен елдің елшісімін. Е/Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды 2.Бастауышы жоқ сөйлем түрін табыңыз. А/атаулы В/толымды С/жайылма Д/жақсыз Е/жақты 3.Жақсыз сөйлемді табыңыз. А/Қар жауғалы, ойын тоқтап қалды. В/Ол мұнда келмеген еді. С/Жазда маған сыйлық әкелді. Д/Еңбек етсең емерсің. Е/Біздің ашық сөйлеуіміз керек. 4.Жалаң сөйлемнің баяндауышы қандай тұлғада? Бар бітіргенім – жылау. А/заттанған тұйық етістік В/тұйық етістік тұлғасындағы баяндауыш С/күрделі етістік Д/есімше тұлғасындағы етістік Е/бұйрық райлы етістік 5.Жайылма сөйлемнің баяндауышы қалай жасалған? Біз демалуға бара жатырмыз. А/есімше арқылы жасалған В/күрделі етістіктен жасалған С/ еліктеуіш арқылы жасалған Д/ тұрақты сөз тіркестен жасалған Е/бұл жайылма сөйлем емес ҮІ.Үйге тапсырма беру кезеңі. 1. Көркем әдебиеттен жалаң және жайылма сөйлемге сөйлемдер тауып жазып келу