Жай заттар және күрделі заттар

0

Табиғатта неше миллион түрлі заттар бар — темір, мыс, пластмассалар, су, ауа, қағаз, маталар, шыңы, сүт, май, тас және тағы да сол сияқтылары.


Әрбір заттың құрамында атомдар бар болады. Атомдар бұл заттың ең кішкентай әрі бөлінбейтін бөлшегі, атомдар көзге көрінбейді, бұлардың өлшемдері шағын. Атомдар химиялық жолмен бөлінбейді. Бірнеше атомдар бірігіп молекуланы құрайды. Молекула заттың қасиеттерін сақтайтын ең кішкентай бөлшегі.


Мысалы темір деген зат темірдің ұсақ атомдарынан құралған. Бұл затта атомның тек қана бір түрі бар — бұл темірдің атомдары.


Жай зат дегеніміз бұл тек қана бір түрлі атомдардан құрылған заттар. Мысалы мыс, темір, алюминий сияқты металдар жай заттарға жатады.


Ал құрамында бірнеше түрлі атомдар бар болатын заттарды күрделі заттар дейді. Мысалы су молекуласы екі атомнан құралған — сутегі мен оттегіден:


Су молекуласы


Оттегі атомы қызы түсті ал сутегі атомдары ақ түсті. Сутегі атомдарын H әрпімен ал оттегі атомдарын O әрпімен белгілейді. Судын молекуласында екі сутегі атомы және бір оттегі атом бар болғандықтан, осы заттың химиялық формуласы мынандай болады:


H2O

Пән: Химия