Жай бөлшек және ондық бөлшек

0

Сізде бір алма бар болсын, осы алманы доспен бөлу үшін, бір алманы екіге бөлуге қажет. Бұны былай жазамыз — 1/2. Жай бөлшек дегеніміз осы.


Бұндай бөлшек екі натурал санның бөліндісі, мысалы 1/2, 3/4, 10/13.


Бөлшектің алымы және бөлімі


3/5 бөлшегіндегі 5 саны бөлімі ал 3 алымы деп аталады. Бөлу белгісінен төмен орналасқан сан, бөлшектің бөлімі, ал бөлу белгісінен жоғары орналасқан сан бөлшектің алымы деп аталады.


Жаттығу ретінде жоғарыдағы бөлшектердің алымындарын және бөлімдерін табындар.


Дұрыс және бұрыс бөлшектер


Бөлшектің алымы бөлімінен үлкен болса, бұндай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. Мысалы 10/3 бөлшегі бұрыс бөлшек болады, себебі 10 > 3.


Бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, бұндай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. Мысалы 2/7 бөлшегі дұрыс бөлшек болады, себебі 2 < 7.


Мына бөлшектердің қайсысы дұрыс ал қайсысы бұрыс болады: 8/5, 6/17, 95/17, 72/91?


Аралас бөлшек


Он санның және дұрыс бөлшектің қосындысы аралас бөлшек деп аталады. Бұны былай жазады:


Аралас бөлшек


Яғни бірінші боп он санды жазамыз ал оның қасында дұрыс бөлшекті жазамыз. Және бұны екеуінің қосындысы деп түсінеміз.


8/5 бөлшегін түрлендірейік:


Бөлшекті түрлендіру


7/3 бөлшегін аралас бөлшекке келтірініз.


Ондық бөлшек


Бөлшектің бөлімі 10 көбейтіндісі болса, бұл ондық бөлшек деп аталады. Мысалы 5/10 немесе 3/100. Бірінші бөлшекте 10 тұр, ал екінші бөлшек екі 10 санының көбейтіндісі болады: 100 = 10*10.


Ондық бөлшектердің ықшамдалған жазу тәсілі бар. Мысалы былай 1/10 = 0,1 немесе былай 2/100 = 0,02. Бұнда бөлшектің алымындағы санды жазамыз, және бөлімінде неше рет он саны бар болса, соншама рет нөлді қойдық. Бұл дұрыс бөлшектер үшін орынды тәсіл.


Ал егер бөлшек бұрыс болса, онда бөлшекті аралас бөлшек етеміз де, бөлшек бөлігін жоғарыдағыдай түрлендіреміз. Мысалы былай:


Ондық бөлшек


121/100 ондық бөлшегін жоғарғыдай тұрлендіріңіз.

Пән: Математика