Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу

0
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C Жай бөлшектер Мектеп: № 14 Күні: Мұғалімнің атыжөні: Амирова Н.Н Сынып: 5 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 5.1.1.9 жай бөлшек ұғымын меңгеру;5.5.2.1 жай бөлшектерді оқу және жазу; Сабақ мақсаттары Оқушылар:-жай бөлшектің анықтамасын,оның алымы және бөлімі ұғымдарын біледі;Барлық оқушылар: Жай бөлшек туралы жаңа білімді меңгереді. Бөліндіні бөлшек түрінде, бөлшекті бөлінді түрінде жазуды үйренеді.Басым көпшілігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды, есеп шығаруға, математикалық диктант жазу кезінде қолданады.Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады. Логикалық мәтінді есептерді шешу барысында пайдаланады Бағалау критерийі Білім алушы

  • Жай бөлшекті және оның компоненттерін анықтайды
  • Оқушылар, егер:

  • жай бөлшектің алымын дұрыс атай білсе;
  • бөлшектің бөлімін дұрыс атай білсе;
  • бөлшектің алымын да бөлімін де дұрыс түсінсе және жаза алса, мақсатына жетеді.
  • Тілдік мақсаттар Оқушылар:— жай бөлшекті алымын және бөлімін нұсқай отырып оқи алады;Пәнге тән лексика мен терминология:

  • үлес;
  • жай бөлшек;
  • -бөлшектің алымы мен бөлімі;— жартысы, ширегі, сегізден бірі (т.с.с)Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан … деп аталады;-жай бөлшектің бөлімі…, ал алымы… білдіреді; Құндылықтарды дарыту Мәңгілік елдің 4–ші құндылығы: Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өсу бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік жəне жаһандық бəсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты. Пәнаралық байланыстар Геометрия, география, экономика («жартысы», «ширек» және «жер шарының бөлігі» деген ұғымдарды пайдалана отырып бөлшек туралы мағұлмат беремін) АКТ қолдану дағдылары Презентациямен жұмыс жасау Тақырып бойынша алдыңғы білім Натурал сандар және нөл. Жай және құрама сандар. Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың басы (5 мин) Серпілген сауал

    (11 мин)

    — ҰйымдастыруСабағымызды бастамас бұрын, зейінімізді сабаққа шоғырландырып алайық. Психологиялық ахуал.-Біз Қазақстанның үлгілі ұрпағы боламыз ба? -Иә-Біз мектептің мақтанышы боламыз ба? -Иә-Біз бүгін математика пәнінен жақсы жауап беріп, нәтижеге жетеміз бе? ИәБіз бүгін БиС технологиясының элементтерін қолдану арқылы сабағымызды өткіземіз. Матрица бойынша жұмыс жасаймыз. «Серпілген сауал» ойыны арқылы қайталау сұрақтарына оқушылар жауап береді. Үй тапсырмасын тексеру:Бұған дейін «Натурал сандар және нөл», «Жай және құрама сандар» тақырыптарымен таныстық. Енді осы тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, өткенді еске түсірейік. (A, B, C, E, F, G— қатарлар)

  • Көбейтіліп тұрған сандар қалай аталады?(көбейгіш)
  • а*0 өрнегі неге тең? (0)
  •  Көбейтудің шешімі қалай аталады? (көбейтінді)
  • Натурал сан деген қандай сандар? (1,2,3…)
  •  Бөліп тұрған санды қалай атайды? (бөлгіш)
  • а:1 неге тең? (а)
  • а:а неге тең? (1)
  • 0:а неге тең? (0)
  • Бөлудің шешімін қалай атаймыз? (бөлінді)
  • Бөлініп тұрған сан қалай аталады?(бөлінгіш)
  • Бөліп тұрған сан қалай аталады? (бөлгіш)
  • Бөлудің нәтижесі қалай талады?(бөлінді)
  • Санды нешеге бөлуге болмайды?(0-ге)
  • 1 дециметрде неше сантиметр бар?(10)
  • 1 метрде қанша дециметрде бар?(10)
  • 1 сантиметрде неше миллиметр бар?(10)
  • 1 тәулікте неше сағат бар?(24)
  • 1 тоннада неше центнер бар?(10)
  • 1 центнерде неше килограмм бар? (100) (1 ұпай)
  • (осы сұрақтарға жауап бере отырып: қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі; белсенді әрекетке жұмылдырылады; ойлау жұмысына ынталандырылады)Жаңа сабақты түсіндіру-Балалар, биыл біздің елімізде қандай іс-шара өтеді? (10.06.17-10.09.17 аралығында) (ЕХРО)-Мен сіздерге ЕХРО-ның билеттерін алып келдім, соны таратып берейін. Қалтада бір бума билет бар, бұл бумада 25 ұяшық (билет) бар. Енді осы билеттерді тең бөліктерге бөлейін. Әркім өзіне бір билеттен алсын. -Балалар, мен сонда бір бума билетті неше бөлікке бөлдім? (25 бөлікке) -Ал осы өрнекке математикалық тұрғыда қарап көрейікші? (1:25)Немесе оны былай жазуға болады: 1:25=Мұндағы 1 – бөлшектің алымы, — -бөлшек сызығы, 25 – бөлшектің бөлімі.— Билетті неше оқушы алды? (19 оқушы)Ендеше оны жай бөлшек түрінде жазып көрейікші: (оқылуы: жиырма бестен он тоғыз) Нешеуі қалды? -Ендеше біздің өтетін тақырыбымыз «Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу» деп аталады екен. Сонымен, бөлшек дегеніміз – екі натурал санның қатынасы. Бүгінгі сабақта сендер жай бөлшек, бөлшектің алымы, бөлшектің бөлімі ұғымдарымен танысасыңдар. Бөліндіні бөлшек түрінде, бөлшекті бөлінді түрінде жазуды үйренесіңдер.Мысалы: . Олардың оқылуы: тоғыздан бір, тоғыздан үш, тоғыздан жеті.Яғни — жай бөлшек, ал mнатурал сан немесе нөл, nнатурал сан.Мұндағы m- бөлшектің алымы, n- бөлшектің бөлімі болады. Жай бөлшектің бөлімі бүтін санның қанша бөлікке бөлінгенін, ал алымы ол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді.1дм=10см екені белгілі. 1 см дециметрдің қанша бөлігін құрайды?Сұраққа жауап беру үшін 1 дм кесіндіні 10 тең бөлікке бөледі 1:10= Жауабы: 1см=Бұл теңдікті әріптер арқылы жазайық: m:n= алымы – бөлінгіш, бөлімі-бөлгіш, ал бөлшек (нәтижесі) бөлінді деген сөз. Сол сияқты натурал санды да бөлшек түрінде жазуға болады: 3=

    Интер белсенді тақта

    (Әр дұрыс жауапқа-1 ұпайҚате жауап-0 ұпай )

    Сабақтың ортасы (13 мин)Сын тұрғысынан ойлау:

    (30 сек)

    (2 мин)

    (2 мин)

    (3 мин)

    (3 мин)

    (30 сек)

    (2 мин)

    Енді осы тақырыпқа байланысты есептер шығарамыз. -Балалар, жаңа мен сендердің қолдарыңа ЕХРО билетін таратып бердім. Бұл көрме қай қалада өтеді? (Астанада)-Ал біз қайда тұрамыз? (Жалтырда)Ендеше біз Жалтырдан Астанаға бару үшін, автобусқа билет сатып алуымыз керек. Бұл билеттерді сатып алу үшін, есептер шығару керек.1-тапсырма.Фигураның боялған бөлігін қандай бөлшекпен беруге болады? (5 ұпай)Дескриптор:Білім алушы— әр бір фигуралардың боялған бөлігін бөлшек түрінде жазады.Оқулықпен жұмыс83-бет, №260 есеп ауызша орындау, №261 есеп №260 жаттығуда берілген бөлшектердің әрқайсысының алымы мен бөлімін атау (екі жаттығу үшін жоғарғы балл- 1 ұпай)Дескриптор:Білім алушыжай бөлшектің алымын атайды;жай бөлшектің бөлімін атайды;жай бөлшекті оқиды.№262 есеп (№262-269 жазбаша орындап, жұптарымен дәптерді алмастырып тексереді)

    Дескриптор:Білім алушы— әр бір фигуралардың боялған бөлігін бөлшек түрінде жазады.

    Жауаптары: №262 (4 ұпай) №263 (3 ұпай)№264 , (2 ұпай) №265 1)иә, 2) жоқ, 3) жоқ, 4) жоқ, 5) жоқ, 6) иә (6 ұпай) №266 – (2 ұпай)

    Дәптермен жұмыс

    №268

  • (6 ұпай)
  • №269 есеп (дәптерге үш бағанды әр парта қатары жеке орындайды. Яғни 1-қатар 1-бағанды, 2-қатар 2-бағанды, 3- қатар 3-бағанды) (3ұпай)Дидактикалық тапсырмалар1- тапсырма. Математикалық диктант. Бөлшектерді ести отырып жазу дағдысын дамыту үшін «Математикалық диктант» жазады. Мұғалім бөлшекті атайды, ал оқушылар оны жазады.Бөлшекті жазыңдар:Үштен екі бөлік —Жүзден бір бөлік —Жетіден бес — Оннан тоғыз —Қырықтан үш —Мыңнан жеті- (6 ұпай)Дескриптор:Білім алушы (№264-269 және 1-тапсырма) жай бөлшектерді жазады.2- тапсырма. Қалай аталады? (лездеме сұрақтар)

  • Сантиметрдің оннан бір бөлігі-миллиметр
  • Дециметрдің оннан бір бөлігі-сантиметр
  • Метрдің оннан бір бөлігі-дециметр
  • Дециметрдің жүзден бір бөлігі- миллиметр
  • Дециметрдің оннан бір бөлігі- сантиметр
  • Метрдің жүзден бір бөлігі -сантиметр
  • Тоннаның оннан бір бөлігі -центнер
  • Тоннаның мыңнан бір бөлігі- килограмм
  • Килограммның мыңнан бір бөлігі- грамм
  • Минуттың алпыстан бір бөлігі -секунд
  • Сағаттың алпыстан бір бөлігі -минут
  • Тәуліктің жиырма төрттен бір бөлігі – сағат
  • Жылдың он екіден айдан бір бөлігі – ай
  • Центнердің жүзден бір бөлігі – килограмм
  • Аптаның жетіден бір бөлігі – күн
  • Тоннаның мыңнан бір бөлігі- килограмм
  • Сағаттың алпыстан бір бөлігі -минут
  • Центнердің жүзден бір бөлігі – килограмм
  • Метрдің мыңнан бір бөлігі -сантиметр (1 ұпай)
  • Дескриптор:Білім алушы метрикалық өлшемдерге дұрыс жауап береді. Интер белсенді тақта Сабақтың соңы (3 мин) Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы)

    Кері байланыс (1 мин)

    Үй тапсырмасы№270, № 271 85-бет

    Тақтадағы ұпайларын санай отырып, оны жай бөлшек түрінде айтады және алған ұпайларына сәйкес ұяшықтағы билеттерді алып автобусқа орналастырады. Бұдан оқушылар сабақты қаншалықты меңгергенін, қанша ұпай жинағанын көруге болады. (Ең жоғарғы ұпай – 40)Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып ауызша кері байланыс жасаймын:Сабақта.Мен білдім… Мен үйрендім…Маған ұнады….Мен қиналдым….

    Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиялары.Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Жалпы бағаСабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:

    2:

    Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:

    2:

    Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?