Жаһандану мәселелері слайд,презентация

0

Жаһандану мәселелері слайд,презентация

 

Жаһандану мәселелері

 

 

Сабақ мақсаты: Өзгенің қателігін жамау. Жетім балаларға қол үшін беру.
Негізгі ұғымдар: жетім сөзі,жетім түлері, қайырымдылық.

    Жетім — ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай-ақ ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала.         Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі.
    Жетімдіктің түрлері
Әлеуметтік жетім — ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата -ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу.

Тұл Жетім — ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының біреуінің қайтыс болуы тұл жетім деп аталады. Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер.
    Статистика бойынша, 2013 жылы қаңтар-қыркүйек айлар аралығында 125 063 отау тігілсе, дәл осы кезең ішінде 38 367 (!) шаңырақ шайқалған. Өткен жылмен салыстырсақ, 2012 жылы қаңтар-қыркүйек айларында бұл дерек бойынша 122 506 жұп қосылып, 36 093 қосақ ажырасқан. Алты жыл бұрынғы санаққа назар аударсақ, яғни 2007 жылы 107 495 неке тіркеліп, 27 868 ажырасу ісі орын алған. Айналдырған алты жыл аралығында ажырасу деңгейі он есеге артқанын байқаймыз. Бұның артында, әрине, жалғызбасты аналар мен борышкер әкелер, тірі жетім қалып, жетімектің күйін кешкен қаншама қиын тағдырлар бар екені айтпаса да түсінікті. Осы тұрғыда ресми емес мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күні Қазақстанда 5 млн. бала тұрады. Олардың 2 млн-ға жуығы мектеп жасына дейінгі балалар, 2,5 млн-нан астамы мектеп оқушылары, 300 мыңнан астамы студент жастар болып табылады. Ал бір ғана Алматы қаласының өзінде 1670 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. Оның ішінде:
 Қамқорлық пен қорғаншылықта — 878 бала;
 Патронаттық тәрбиеде (асырап алушылар тәрбиесінде) — 114;
 Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған қалған балаларға арналған ұйымдарда — 678 (білім беру жүйесінде — 517 бала, денсаулық сақтау жүйесінде — 108 бала, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде — 53 бала). 
    2013 жылы Ішкі істер органдарымен 444 ата-ана және тәрбиелену мен білім алудан жалтарған 490 бала анықталып, тізімдік тіркеуге алынған екен. Жалпы статистика бойынша, 30 000-ға жуық адам қарттар үйін пана етіп жүрсе, ата-ана мен отбасының жылуына зәру 34 785 жетім бар екен. Әңгімемізді тарихтан, тағы бір жылдың тарих қатпарына еніп бара жатқанынан сөз еттік. Бірақ, өкініштісі, қазақ тарихында жоғарыдағыдай, әлеуметтік бейімделу және уақытша қамау мекемелері, тіпті жетімдер үйі, қарттар үйі ұғымы жоқ болатын. Әлеуметтік хал-ахуалымыздың аса мәз емес екендігін қалай әспеттеп, жасырып-жапсақ та, бәрібір көзге ұрғандай ап-анық әрі жүрек мұздатарлық. Қоғамның дерті де болып тұр.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!