Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі балабақшадағы ашық сабақтар
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Пән: Тіл дамыту
Сынып: «Мектеп алды даярлық тобы»
Мұғалім: Оралбаева А.А.
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты:
1. Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.
2. Сурет бойынша толық сөйлем құрастырту, сұраққа жауап бере отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.
Көрнекілігі: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер.
Пәнаралық байланыс:құрастыру,сауат ашу,қоршаған орта
Билингвалды компонент:жолбарыс-тигр, қасқыр-волк,түлкі-лиса
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Жаңа сабақ
-Балалар қазір қандай мезгіл?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Балалар мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?
Бүгінгі сабағымыз жабайы жануарлардың қысқы тіршілігіне байланысты.
— Балалар, жануарларды қыстың қатты суық аязынан не қорғайды? (жылы үлпілдеген жүні, іңдері, апандары)
А) Сурет бойынша жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрастыру.
— Қыста жануарлар немен қоректенеді?
Қыста қояндар мен бұғылар қысқа азық даярламайды. Қоян ағаштардың бұталарын кеміріп жеп, күн көреді. Бұғы ағаштардың кішкентай бұтақтарын жейді. Түлкінің мұрны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді. Ол қарды иіскелеп, қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды. Түлкінің қысқы азығы-тышқан. Ал аю қысқа азық жинамайды. Денесіне май жинап алып, қыс бойы апанында жатып, табанын сорады.
Ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Суыққа дірдектеп- қалшылдап тоңу, бүрсеңдеу.
Айдын- жайлып жатқан су алабы.
Б) Дәптердегі тапсырманы орындау: . Қоянның тамағы сәбіз, аюдың тамағы бал екенін сызып көрсету. /слайдты көрсету/
Сергіту сәті: музыкалық /жануарлар/
В) Ә.Табылдының «Ақ аю» өлеңін жаттату: мұғалім мәнерлеп оқиды, балпаң-балпаң сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. (балпаң-балпаң – теңселе басып баяу қозғалады), балаларға өлең жолдарын бірнеше рет қайталату.
«Мозайка» ойыны.Шарты: Жануарларды құрастыру. Буынға бөлу. Сөйлемдер құрастыру.
Билингвалды компонент: Жолбарыс-тигр, түлкі-лиса, қасқыр-волк
Жұмбақтар шешу.Шыққан сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Ит сияқты ит емес,
Ұнатпайды ол кісіні.(Қасқыр)
Айбат берген жалым бар,
Қайрат берген тәнім бар.
Күркіреймін ақырсам,
Қайсы аңмын,табыңдар. (Арыстан)
Жер қопарған тiсiмен,
Сескенесiң түсiнен. (Қабан)
«Қандай жануар?» ойыны. Шарты: бір бала хатқалтадан жануарлардың суретін алады. Қалған оқушылар жауабын табады.
Қорытынды:Венн диаграммасы: /суреттерін жапсыру/
1. Қандай жануарлар қысқа азық жинайды?
2. Ал қандай жануарлар азық жинамайды?
3. Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы не білдік?Бағалау:Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызшалар тапсыру.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!