Жабайы аңдар балабақшадағы ертеңгіліктер

0

Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: 
Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар
Класы: мектепалды даярлық тобы
Мақсаты: Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой-өрісін дамыту. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, аңдардың түрлеріне көңіл аудартып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жабайы аңдардың суреттері, ойыншықтары. Орманның, үй жануарларының муляжы. 
Әдіс-тәсіл: Топтастыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап ойындар, айтыс, құрастыру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері: 
                     Армысың шапағатты Күн-Ана!
                     Армысың шапағатты Аспан-Ана!
                     Армысың мейірімді Жер-Ана!
                     Құт дарыт, бар әлемді жарылқа.
Сабақ ойыннан басталады. 
Ең айлакер аң… (түлкі)
Ең қорқақ …  (қоян)
Балды жақсы көретін… (аю)
Аң патшасы… (арыстан)
Мысыққа ұқсайтын  аң…(жолбарыс)
Ең ұзын мойын…(керік)
Қораға шабатын аң…(қасқыр)
Ең ірі жануар…(піл)
Үстінде тікенегі бар…(кірпі)
Бұл жануарларды балалар біз «Жабайы аңдар»  деп айтамыз. Жабайы аңдар елсіз далада болады. өз азығын өзі тауып жиді. Ол күннің суығында да, ыстығында да далда жүріп өмір сүреді. Табиғатта жабайы аңдардың түрі көп. Олардың ішінде пайдалысы да, зияндысы да бар. 
         Қасқыр мен түлкі, жолбарыс пен арыстан жыртқыш аңдар. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал.Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды. 
         Ал аюға келетін болсақ аюдың екі түрі бар. Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю- суда мекендейді. Суға сүңгіп балықтарды ұстап жейді. Ал қоңыр аю, тоғайда, орманда мекендейді. Жеміс-жидектерді теріп жейді. 
         Қоян- ең қорқақ аң. Қоян ағаштардың қуысында қыстайды. Қорегі түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында уыққа тоңбайды. 
Сергіту сәті. Аңдардың айтысы.
Аружан: 
              Кәрі еменннің түбіне 
              Бір-біріне үңіле
              Айтысуға жиналды
              Жан-жануар біріге.
Дияс:
              Түлкі айтты. Түлкімін
              Тұнып тұрған күлкімін
               Бұлаң-бұлаң, құйрығым
               Текке өтпейді бір күнім.
               Бәрін маған жетпейсің
               Алдымнан кесе өтпейсің.
               Менен басқа қуың жоқ
               Күніңді көріп ептейсің.

Ақниет:
                 Әй, түлкіжан, мақтанба
                 Сиқырланып ақталма
                 Күшіңді сенің көрейін
                 Қасекең келе жатқанда.
Ерсұлтан:
                Қасқырбай сөйтіп, аттанды
                Өз деміне апталды
                Қорқып тұрған қоянды 
                Тап беруге шақ қалды.
Сағадат:
                Қорқынышты атағым
                Қалың қопа жатағым
                Қой қораға түсетін 
               Бар ғой аздап шатағым.
Диана:
               Балпаң-балпаң, басамын
               Алтын қырдан асамын
               Аю деген ағаңмын
               Аңшы көрсем қашамын.
Аружан:
                Мен кірпімін, кірпімін
                Көрінбей тұр кірпігім
                Балаларға ұнайды
                Жүретінім түртіліп.
Көркем:
                Қайшы құлақ қоянмын
                Ақшыл түске боялдым
                Сытыр еткен бұтақтан
                Елең етіп ояндым.
Мөлдір: 
                Жолбарыспын жыртқышпын
                Бәрінен де мықтымын
               Ормандардағы аңдардың
                Жайратып салар күштімін.
Русланбек:
                 Табиғаттың баласы 
                 Болмас ағы, қарасы
                 Тындап тұсақ бәрінің
                 Әңгімесі жарасты.
Енді балалар ойындар ойнайық. 
Дидактикалық ойын: «Дұрыс»
Ойынның шарты: Балаларға ойыншық таратып беремін. Тәрбиеші «Дала жануары» десе балалар қолдарындағы ойыншықтан дала жануарын көрсетеді, «Үй жануары» десе үй жануарларын көрсетеді. Ойын осылайша жалғаса береді. 
         «Мекенін тап» 
Ойынның шарты: тәрбиеші жеке аңдардың суреттерін балаларға таратып береді. Ал тақтада сол аңдардың үйлері бейнеленген плакат тұрады. Балалар аңдардың өзіне тиісті үйлерін тауып қояды. 
          Балаларға жануарлар суреттерінің мозайкасын таратып беремін. Балалар оны құрастырып, ол аң қандай аң және қайда тұратынын айтады. 
Қорытынды: 
1.    «Жабайы аңдар» деп неге айтамыз?
2.    Үй жануары мен жабайы жануардың ерекшелігі қандай?
3.    Жабайы аңдарды ата?
4.    Олар немен қоректенеді?
Мадақтау:  Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтаймын. 
—    Балалар сендерге үлкен рахмет! Сау болыңдар!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!