Жабайы аңдар балабақшадағы ашық сабақтар
Көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар
Сабақтың мақсаты: Балаларға жабайы аңдар туралы мағлұмат беру
Сабақтың міндеттері: 1. Балаларды аңдармен таныстыру,
олардың мекені туралы әңгіме-
леу.
2. балалардың ой-өрісін дамыту,
әрбір баланың өзіндік ерекше-
лігін ескере отырып, жеке дара
жұмыс жүргізу.
3. Бүлдіршіндерді ұғымталдыққа,
бірлесіп жұмыс істей білуге тәр-
биелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын,
әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Көркем суреттер, орман, жабайы
аңдардың суреттері.
Сабақтың барысы:
І Алғашқы ұйымдастыру.
а) балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
ә) психологиялық сәлемдесу.
Біз сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымыз.
Біз сіздерге сәттілік тілейміз.
ІІ Өткен сабақты пысытау.
Балалардан үйге берілген «көктем» мезгіліне сипаттама бергіземін.
ІІІ Жаңа сабақ.
-Балалар, бүгін бізге қонақ келді. Ол қонақтың кім екенін тбу үшін, мен сіздерге сұрақ қоямын, сол сұраққа жауап берсеңдер, қонақтың кім екенін білесіңде.
— Жұма сайын біз, яғни аналарымыз, апаларымыз не пісіріп таратады?
— Дұрыс балалар, бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен, ата-әжесінен адасып қалған соң, бізден көмек сұрай келіпті. Кәне көмектесеміз бе ?
— Бәріміз онда сол бауырсақпен еріп орманға барайық.
(сол кезде алдынан қоян шығады)
Қоян: — бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: — жемеші мені
Қоян: — сен онда менің тапсырмамды орында
Бауырсақ:- жарайды.
Қоян:- сендер маған мен туралы өлең айтсаңдар мен сендеді босатамын.
— Кәне бауырсаққа көмектесеміз бе? Кім қоян туралы өлең біледі?
Балалар: ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
Қоян: — рахмет сендерге, бара қойыңдар.(бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан қасқыр шығады)
Қасқыр: — бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: — жемеші мені қасқыр
Қасқыр: — онда менің сендерге қояр сұрағым бар.Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.
Бауырсақ:- жарайды.
Қасқыр:-сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?
-қай қаланың 10 жылдығы тойланайын деп жатыр?
-қане сол қала туралы кім өлең біледі?
Балалар: -Қ.Республикасы
-Астана қаласының
Отанымның төінде,
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған астанам
Әсем қалам бас қалам
Қасқыр: -жарайды бара қойыңдар.
(бауырсақтың алдынан аю шығады)
Аю:- бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: — жемеші мені аю
Аю : — онда менің сендер маған мен туралы бір сергіту жаттығуын жасап беріңдер. Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.
Қоян:- жарайды
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп,теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Аю:- рахмет балалар.
( бауырсақ домалап келіп, түлкіге кездеседі)
Түлкі :- ах, бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: — жемеші мені.
Түлкі: — онда мен сендерге жұмбқ жасырамын. Шешуін тапсаңдар мен сендерді босатамын
Тауықтар қашып жасқанған,
Қулығы артық басқа аңнан (түлкі)
Түлкі:- мен туралы жұмбақ білетіндерің мені қатты қуантты. Рахмет, бара қойыңдар.
Бауырсақ: — рахмет.
(бауырсақ келе жатып атасы мен әжесін де тапты)
Атасы мен әжесі бауырсақтан қалай келгенін сұрады.
— қане балалар бауырсақ қалай келді? Оның алдарынан нелер кездесті?
Балалар : — қоян, қасқыр, түлкі, аю
Қане оларға мінездеме берейікші.
Қоян Қасқыр
Аю Түлк
Сипаттама бергеннен кейін оларға бұлар жабайы аңдар екенін, олардың орманда мекендейтінін айтып беремін.
— ал балалар, енді бауырсақтың көңіл- күйін кім көрсетеді?
Жылаған қорыққан қуанған
-Сабақты бекіту мақсатында «кубизм» стратегиясын жүргіземін.
1. Қандай аңдарды білесіңдер
2. Қоян қандай аң
3. Аңдар қайда мекендейді
4. Түлкі қандай аң
5. Қоянның түсі қыста қандай болады.
6. Қыс бойы аю қайда болады
7. Қасқырды аңшылар тағы не деп атайды
Бағалау.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!