Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау реферат — Қазақ әдебиеті
Мақсаты: Зерттелетін тақырып бойынша әдебиеттермен жұым істеу тәсілдері жайлы, библиографиялық деректер көзі мен ғылыми мәтін жайлы жалпы мағлұмат беру.
Жоспар:
1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс.
2. Әдеби көздердің библиографиялық деректері.
3. Ғылыми мәтін.
1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс.
Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:
1.Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.
Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.
2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.
3. тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.
2. Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:
1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.
2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.
3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б.
Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:
Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).
Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «тәрбие әдістері…» [ 5 ].
Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.
— Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;
— Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;
— Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.
Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.
— Мәтін компьютерде терілу керек.
— Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см.
— әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;
— абзац болу керек;
— жол арақашықтығы- бірқатарлы;
— кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;
— тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;
— ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.
— Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,
— Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).
— Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;
— Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;
— Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:
автордың тегі, аты- жөні,
мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),
журнал және кітап атауы
шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),
шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.
— әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;
— қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.
3. Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.
— Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:
— зерттеу мақсаты, тапсырмалары;
— зерттеу объектісі, заты
— гипотезасы
— зерттеу кезеңдері , процедурасы;
— эксперимент әдісі;
— зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;
— жұмыс нәтижелері және қорытынды;
— нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.
Жетекшінің пікірі.
Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.
Рецензия (орысш.: обзор, ағылш.: review, лат.: recensio) — талдау, саралау, көпшілік назарына ұсынылған жарияланымдарға (кітап, кино, т.б.), әдеби шығармаларға, өнімдерге баға беру. Рецензия материалдық заттарға да жасалады. Сондай-ақ қоғамда болып жатқан жағдайлар мен оқиғаларға да жазылады.
Ғылыми тұрғыдан алғанда рецензия — белгілі бір туындыға, еңбекке не болмаса шығармаға қатысты сарапталған, қорытылған ақпараттардың жиыны, оған берілген сараптамалық баға. Рецензия көбінде әр саланың мамандарының арасындажасалады. Мысалы, әдебиетке жақын адам, сауатты оқырман дегендей адамдар рецензия жазуға жақын болады. Және бір мысал ретінде ескеретіні, жаратылыстану ғалымы әдебиет саласында жаратылыстану ғылымындағы көзқарасы бойынша бағалау жасай алмайды. Әр саланың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мен саралау критерийлері болады.
Рецензияның көлемі әр түрлі болады. Бір беттен бастап бір кітапқа дейін жазып шығуға да болады.
Рецензияның түрлері
Рецензия әр түрлі жағдайда, әр түрлі затқа байланысты жазылатындықтан оның түр-түрі болады. Мысалы: Тұтынушының рецензиясы, саудасаласындағы рецензия, өнер саласындағы (ән-күй, концерт, т.б.) рецензия, сауда-саттық өнімдеріне қатысты рецензия, әдеби туындыларға қатысты рецензия, газет-журналдардағы мақалаларға қатысты рецензия және арнайы мамандар беретін сараптамалық-салыстырмалық рецензия.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс кезеңінің мазмұны?
2. Библиографиялық тізімнің құрылымы қандай?
3. Әдебиет көздерін сипаттау үлгілерін келтіріңіздер.
4. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережелерін атаңыз.
5. Ғылыми мәтіндерге не жатады.
6. Аннотация дегеніміз не?
7. Рецензия дегеніміз не?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.
2. Усачева И.В.Курс эффективного чтения учебного и научного текста. – М.,1993.
3. Краевский В.В.Методология педагогического исследования. – Самара 1994
4. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.