Зерлеу мен танысу | Скачать Іс-тәжірибеден есеп беру
Мазмұны.
Кіріспе
Зерлеу мен танысу.
Еңбек кәсіпорындарымен танысу.
Өндірістік тәжірибе мақсаты мен мазмуны.
Кәсіпорынның штатық кестесимен танысу.
Үлгіні жетілдіру үшін қайнар көзі конструкторлық технологиялық талдау.
Бұйым өндеуін аяқтау.
Тәжірибе есеп беруін хаттау.
Қорытынды.
Кіріспе
Жеңіл өнеркәсіп — халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары — мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп, аяқ киім, былғары жөне аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты- тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары тар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы «шешімін таппаған» сала болып есептеледі.
Жеңіл өнеркәсіп — материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін , экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала- мата тоқү саласы Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта зығыр) немесе жануарлар ( жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Қазақтың киім — кешегін халықтың өткендегі өндіргіш күштерінің деңгейін, шаруашылығының даму үрдісін, тіпті меңіреу табиғаттың әсерін, сол сияқты көрші елдердің ықпалын аңғаруға болады. оның ізін жоғалтпай, әрін тоздырмай әлі де болса ел иелігіне қызмет ететіні даусыз. Оған дәлел әр түрлі маталардан тігілетін шапан, бешпент, камзолдардың, аң терілерін, қаракөл елтірісінен, жұқа ақ киізден тігілетін бас киімдердің, кебіс — мәсінің, тағысын тағылардың республика тұрғындары арасында кеңінен қолдау тауып келе жатқаны. Қазақы киімнің қонымдылығы, пішімінің мұқият ойластырылғаны ондаған киім үлгілерінде де кеңінен пайдалануға болатынын көрсетеді. Тіптен егде тарта бастағандардың киім — кешегіндегі жас ерекшеліктеріне байланысты европалық нұсқа мен дәстүр сарынының қатар пайдаланылып келе жетқанының өзінде үлкен мән бар.
Қазақы киім — көненің көзі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерейік, оған барынша қамқорлық жасап, қалпына келтіру, баламаларын көптеп шығара түсу басты парыз болмақ. Себебі: уықыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зеттеп білудің қиынға түсе беретіні де күмән туғызбаса керек. Мәселен,ұлттық киімді этнографиялық жолмен, яғни далалық энцлопедиялар арқылы іздестіріп, киім — кешектің әлі де болса сақталып қалған нұсқаларын жинап, хабарлаушылар арқылы ел аузындағыларды жазып алғанның өзінде, олардың білетіндерін, әке — шешелерінен, ата — әжелерінен естігендерін қоса есептегенде, біздің бар мүмкіндігіміз хронологиялық жағынан ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басымен шектеледі.
Киім — кешекті зерттеп білудің бірден — бір тиімді жолы жазба деректер болғанымен, оларда қазақы киімге тікелей қатысты мағлұмат жоқтың қасы. Өкінішке қарай, көне тарих жайлы көптеген мағлұматтар жинақталған қытай — арап — парсы — армян жазба деректері бұл жағынан әлі зерттелмей келеді. Қазақстанда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан да қазақы киім жайында мәлімет табыла бермейді.
Осының бәрін ескере отырып, қазақы киімді жете түсінетін соңғы ұрпақ ауыспай тұрғанда, жоспарлы түрде кең көлемді далалық энцклопедиялар ұйымдастырып, киім — кешек нұсқаларын жинай білуді ел аузындағы мәліметтерді жазып алумен қатар жүргізе білген жөн. Ал музей қорына келсек, ондағы қазақтың дәстүрлі киім — кешегіне жаратылған мата, аң терілері, былғары шекпен, жұқа киіздің, сақтай білмесе бірте бірте бұзыла беретіні айқын. Оларды ескірмей тұрғанда мұқият зерттеп, өңі тоза бастағандарын қайта қалпына келтіріп, арнайы альбомдар, буклеттер шығару игі мақсатқа қосылған үлкен үлес болмақ.
Зерлеу құралдары:
1- сурет. JACK машинасы
JACK фирмасы,өндіруші ҚХР. Класс JK-8995D 4SS
Тігісі отырусыз және көп операциялы, әмбебап тігін машинасы.
Ине түрі DBx1
Ине жуандығы №14(90,100)
Қуат көзі 220 Вт
2-сурет.TYPICAL машинасы.
TYPICAL фирмасы, өндіруші ҚХР.
Класс GC 6150 M
Түзутігісті әмбебап тігін машинасы.
Ине түрі DBx1
Ине жуандығы №14(90,100)
Қуат көзі 220 Вт
Silter Super Mini фирмасы, өндіруші ҚХР.
Класс STB 200
Үтік электрлі- булы
Қуат көзі 220 Вт
Anysew фирмасы, өндіруші ҚХР.
Класс AS-F 600
Пресс электрлі- булы
Қуат көзі 380 Вт
Anysew фирмасы, өндіруші ҚХР.
Класс STB 200
Үтіктеу үстелі электрлі- булы
Қуат көзі 220 Вт
Қорытынды.
Біздің практика 28 мамыр мен 29 маусым аралығында өтті. Біз ол аралықтарда Зерлеу ательесімен мен танысып, ұлттық костюм түрлері мен құрастырып тігуді үйрендік. Алғашқы … жалғасы