Заттың санын цифрмен сәйкестендіру балабақшадағы ашық сабақтар
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс – әрекет түрі: Математика
Тақырыбы: «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру»
Мақсаты:
а) цифр мен заттың санын сәйкестендіруді жалғастыру;
ә) мамематикалық жұмбақтар шешу;
б) балалардың зейінін дамыту;
Мотивациялық — қозғаушылық: Амандасу
Амансың ба алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!
Амансыздарма қонақтар!
Сабағымызды бастайық
Жамандықты тастайық.
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекет барысы:
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
— Балалар қазыр жылдың қай мезгілі?
— Көктем.
— Көктем мезгілінде неше ай бар?
— 3 ай
— Наурыз, сәуір, мамыр.
Қызықты сәт.
Ренжіп Дара кіреді.
Тәрбиеші: Дара, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?
Дара: Кеше мен Ботимен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді жаңбырға әбден жаурап қалдым, оның үстіне қолшатырымда тесіліп қалды.
Дидактикалық ойын: «Тесік қолшатыр»
Тәрбиеші: Балалар, Дараның қолшатырын жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін стол жанына жақындайық.
Балалар стол жанына жақындап түрлі — түсті қағаздардан жасалған «қолшатырға» үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш пішінді қағаз қиындыларын жапсырады.
Тәрбиеші: Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар?
Балалар: Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.
Дара: Ой, рахмет! Қолшатырым бүтінделіп, әдеміленіп қалыпты.
Дара: Ой балалар мен жолда келе жатып мына бір қорапша тауып алдым ішінде не бар екенін білмеймін.
Тәрбиеші: Қорапшада не бар, көрейік. Балалар, бұл математика ханшайымының қорапшасы екен, мұның ішінде бізге тапсырма берілген екен.
1 — тапсырма: «Математикалық жұмбақтар»
— Үш мысықтың құйрығы нешеу?
— Қоянның құйрығы нешеу?
— Екі балада неше құлақ бар?
— Бес сиырдың басы нешеу?
2 — тапсырма:
Дидактикалық ойын «Цифрды тап»
Мақсаты: Балалар атаған цифрларды табады да, оны айналдырып сызады.
3 — тапсырма: «Доптарды жинастыр»
Мақсаты: цифрларды айыра білу және дұрыс атау машығын бекіту, тура және кері санауға жаттықтыру.
Карточкамен жұмыс
— Суретте неше дөңгелек бпр? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
— Үшбұрыш нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
— Сопақша нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
— Шаршы нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
Сергіту сәті: «Аңқайма, қайтала»
Қане, достым, аңқайма,
Менен кейін қайтала.
Барша қимыл үш – үштен:
Көзіңді қыз үш рет: 1,2,3
Басыңды еңкей үш рет: 1,2,3
Иықты көтер үш рет: 1,2,3
Солға – оңға иіл үш рет: 1,2,3
Орныңда секір үш рет: 1,2,3
Ентігімізді басамыз және орнымызға отырамыз.
4 – тапсырма: «Көрші сандар»
Мақсаты: цифрларды қайталау, балаларға бір цифрды көрсету, ал балалар оның «Көршілерін» атайды.
Математика әлемінің есігі ашылып, алдарынан математика ханшайымы шығады.
Математика ханшайымы: Қош келдіңдер! Сендер менің жіберген тапсырмамды орындадыңдар. Көп нәрсе білетіндеріңді мен мына «сиқырлы таяқшам» арқылы біліп отырмын.
— Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап бердіңдер.
Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже
Біледі: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларда;
Меңгерді: цифрлар туралы түсініктерді;
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!