Заттың меншікті жану жылуы
Табғатта сан түрлі отын түрлері бар — ағаш, көмір, газ, мұнай, бензин, керосин және тағы басқалары. Бұлар жанғанда әртүрлі жылу мөлшері бөлінеді. Мысалы көмірдің жану жылуы ағаштың жану жылуынан көп болады.
Физикада заттың меншікті жану жылуы деген термин бар, бұл 1 кг отын жанғанда бөлінетің жылу мөлшері. Бұны q символымен белгілейді:
q = Q/m,
мұнғандағы m — жанған отынның салмағы (килограмм), Q — осы отын жанғанда бөлінген жылу мөлшері (Джоуль). Меншікті жану жылу мөлшерінің өлшем бірлігі Дж/кг.
Мысалы тас көмірдің меншікті жану жылуы шамамен 2,7*107 Дж/кг тең. Ал ағаштың 1*107 Дж/кг тең. Яғни көмірді жаққанда ағашқа қарағанда үш еседей көп жылу мөлшері бөлінеді. Осы себептен жер үйлерде көмірді жағатын пештерді пайдаланады:
Меншікті жану жылу кестесі
Есептерді шығару
Бір шелек (12 килограм) антрацит көмірі жанғанда неше жылу мөлшері бөлінеді?
q = Q/m
Q = qm
Q = 3*107 * 20 (антрациттікі q =3*107 Дж/кг, жоғарыдағы кестеден алынған)
Q = 60*107
Q = 6*108 Джоуль.
Жауабы: 6*108 Джоуль жылу мөлшері бөлінеді.
Жеті килограмм спирт жаңғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?
Пән: Физика