Заттың агрегаттық күйлері
Заттың агрегаттық күйлері дегеніміз бұл — газ, сұйық және қатты күй. Мысалы су, су бөлменің оң температураларында сұйық боп ағады, аязды күндерде су далада мұз боп қатады, шәйнектегі су қайнап буға айналып газ күйіне айналады.
Заттардың агрегаттық күйлері молекулалар мен атомдардың орналасуына байланысты.
Газдарда молекулалар мен атомдар бір-бірінен алыс орналасады, ал сұйықтар мен қатты заттарда молекулалар мен атомдар бір-біріне жақын орналасады.
Сұйық пен қатты заттардың атомдары мен молекулалары тығыз орналысқандықтан, заттың бұндай агрегаттық күйлерінде заттың көлемі тұрақты болады. Сұйық пен қатты заттарды соңдықтан сығу қиын болады.
Қатты заттардың атомдары көбінесе кристалдық тор пішінді болады:
Кристалды тор дегеніміз атомдардың тор сияқты бір тәртіппен орналасуы, бұндай құрылым қатты заттарға тән.
Қатты заттың атомдары кристалдық торды құратындықтан, бұндай заттың пішінің өзгерту, сығу, қысу қиын болады. Металдардың серпінділігі бұндай құрылымнан туындайды.
Ал газдарда молекулалар мен атомдар қашық орналасқандықтан газдарды сығу оңай болады. Газ көлемің көп күш жұмсамай кішірейте аламыз, және де газдардың тығыздықтары да осы себептен аз болады.
Сұйық денелерде молекулалар мен атомдар қатты денелерге қарағанда қашық орналасады. Сұйық заттарда молекулалар тәртіпсіз орналасады. Сұйық заттар осы себептен аққыш болады. Сұйықтар ыдыстың пішінің қабылдайды.
Пән: Физика