Заттарды санау балабақша ойындары
Заттарды санау
Кабенова Шолпан Социалқызы
№ 30 сәбилер бақшасының тәрбиешісі
Павлодар қаласы.
Заттарды санау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі : заттарды рет-ретімен, түсімен, топтастыра санап үйрету.
ә) дамытушылығы: балалардың ойлау қабілетін, сөздік қорын ,есте сақтау қабілетін дамыту
б) тәрбиелігі: жауапкершілікке, шапшандылыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер,есептер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
1/ Балалармен амандасу.
2/ Балалардың сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлату.
Тәрбиеші:
— Балалар, бірінші сабағымыз қарапайым математика түсініктері.
— Балалар, сендер нешеге дейін санап үйрендіңдер ?
— Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып 20-ға дейін санайық 1, 2, 3, 4, 5,6, …20 жақсы балалар. Бәріміз орнымызға отырамыз!
— Ал енді 20-дан бастап кері санайық, мен кімнің атын атаймын, сол бала орнынан тұрып кері санауды бастайды.
— ( ол баланы кез-келген жерден тоқтатамын , келесі бала әрі қарай жалғастырады )
Тәрбиеші:
— Балалар, бүгін біз заттарды санаймыз.
— Тақтаға назар аударайықшы, ненің суретін көріп отырсыңдар?
(заттарды санау)
— Барлығы нешеу екен?
10+1= 11 12+1=13
15-1=14 11+1=12
Түсіп қалған санды көрсет.
Сергіту сәті:
Оң қолымды көтерем,
Оң қолымды түсірем,
Сол қолымды көтерем,
Сол қолымды түсірем.
Оңға қараймын,солға қараймын
Аяқты топ-топ басамын.
Біраз сергіп аламын
Тапсырма
— 1-ден бастап 20 санына дейін тура жазып шық.
Қорытынды:
— Нешеге дейін санап үйрендік?
— 20 саны үлкен бе, әлде 18 саны үлкен бе?
— Сандар нешеден басталып жазылады?
Мадақтау, бағала
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!