Зат және энергия алмасуы туралы слайд,презентация

0

Зат және энергия алмасуы туралы слайд,презентация

 

 

Энергия алмасуы деп организмде энергия түрлерінің бір-біріне ауысуын, түрленуін және қуатты заттардың жинақталып, пайдаланылуын айтады. Ақуыздар – тірі жасушаның негізгі құрамдық бірлігі. Клетканың құрғақ массасының 50-80% ақуыз болып келеді. Ақуыздардың химиялық құрамы әр түрлі.Ақуыз – полимер, оның молекуласы көптеген аминқышқылдарының молекулаларынан, яғни мономерлерден тұрады. Ақуыздардың құрамына  20 аминқышқылы кіреді. Олардың әрқайсысында бір-бірінен ерекшелендіретін карбоксил тобы (COOH), амин тобы (NH2) және радикал болады. Ақуыз молекуласында аминқышқылдары өзара берік пептидті байланыспен (- CO – NH -) байланысқан. Биологиялық полимерлер, молекулалары көп мәрте қайталанып отыратын буындардан- мономерлерден құралған жоғары молекулалы органикалық қосылыстар.

 

  

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!